Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған жер» бағдарламасы оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудың рухани-адамгершілік құндылығы» (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері ерекше ыстық болатыны заңды құбылыс. Дүние есігін алғаш ашып, аяулы ата-ананың ыстық ықыласына бөленіп, асыр салып ойнап, өскен орда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жер» бағдарламасы оқушыларды тәрбиелеу және дамытудың рухани - адамгершілік құндылығы

Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері ерекше ыстық болатыны заңды құбылыс. Дүние есігін алғаш ашып, аяулы ата-ананың ыстық ықыласына бөленіп, асыр салып ойнап, өскен орда.Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жері, туған елі туралы, тарихы мен мәдениеті туралы әрбір азаматтың хабардар болғаны жақсы, ал егер мақсаты Отанымыздың өткені мен бүгінін баяндап, халықты отансүйгіштікке шақыратын бағдарлама жарық көрсе, тіптен керемет емес пе? Осындай игі бастаманы Елбасы ұсынды. Бұл ұсыныс респаубликалық «Егемен Қазақстан» газетінде көшбасшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қолыңа қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтті.

Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі. Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытудың алуан түрлі жолы бар, солардың бірі – еліміздің тарихи өлкелерін таныту, құнды жәдігерлерімізбен таныстыру.

Ұлан-ғайыр еліміздің кез-келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлер мен деректерді көптеп кездестіруге болады.Туған өлке әрбір адамға ыстық өлке болуымен қатар, халқымыздың басынан кешкен сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін асыл мұра. Кең байтақ қазақ жерінде қанша тарих, қанша сыр, бізге бірі белгілі, бірі белгісіз аңыз-әңгімелер, оқиғалар жатыр десеңізші. Әрбір қарапайым адамның өмірінен тамаша туынды жазуға болатын болса, ел маңдайына біткен ерекше тұлғалар, ел бастаған, қол бастаған қанша азаматтар мен азаматшалар туралы сыр да кең дала қойнауында. Қазақстанның жарқын болашағының іргетасын қалайтын жастар, өскелең ұрпақ екені белгілі, және сол ұрпақтың саналы, көзі ашық, өткені мен болашағын айқын танитын болуы абзал.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде? 
Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарды жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға аса мән беруді, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жердің тарихын оқудан көрініс табатыны белгілі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ білуі тиіс.

Елбасы «Туған жер» бағдарламасының мән-мағынасын, мазмұнын, мақсатын түсіндіре келе, жалпы білім беру саласында өлкетану жұмыстарының жүргізілуіне ерекше назар аудару қажеттігін айтып өтті. Орта мектептерде туған жердің тарихына назар аударылатын болады.

«Жақсының бары білінбейді, жоғы білінеді» дейді ғой, ауылдың шаңын аспанға көтеріп, шалғынына аунап өскен қазақ баласы үшін туған жердің орны тіпті бөлек. Ауылың аттам жерде болса, аунап-қунап қайтарсың, алыста, оның үстіне замана сызықтарының арғы жағында болса қайтерсің? Ұшқан құстай зымырап бара жатқан осынау алмағайып уақытта туған жер тағылымын қайыра, қайта еске салған, құндылығын құнттаған бұл бағдарламаға неге қуана үн қоспасқа!? Кез келген азамат хал-қадірі келгенінше туған жеріне қол ұшын беретін болса, оның өркендеуіне үлес қосатын болса, Елбасы қозғаған бағдарламаға қосқан елеулі үлесі болмақшы. Ендеше, Елбасы айтпақшы, ендігі сөз – ел азаматтарында, яғни біздерде.

Жалпы, «Туған жер» бағдарламасы тек ауыл-аймақты дамытумен шектеліп қалмайтын жоба екенін түсінуіміз керек. Бағдарламаның ауқымы әлдеқайда кең және мақсаты да ұлттың рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған.
«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі», – дейді Елбасы өзінің мақаласында. Яғни, бұдан былай әрбір мектепте Қазақстан тарихымен бірге «Өлкетану» пәні де қосарланып өткізілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде баланың туған жерінің тарихымен жетік танысып, оның бай мұрасын зерттеуге деген сүйіспеншілігін арттыруы мүмкін. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасында осы өлкетануға қатысты көп тоқталған.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз  «Отан - отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бастысы жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», деп жазды Президент.

«Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.

Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де  ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.

Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.

Жалпы бағдарламаның ұсынысы бойынша, мектепте білім беретін әрбір пән мұғалімі өз сабағына қатысты қызық әрі танымды сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеуі керек. Бұл әдіс бойынша дәріс беру қызық, әрі баланың жадында да оңай сақталады, қызықты мәліметтермен балалар өзара бөліседі.

Мәселен, мектептегі қазақ тілі пәні ұстазы оушылармен бірлесе отырып, «Осы қала қашан пайда болды?», «Қаланың негізін кімдер, қандай жағдайда қалады?», «Қала өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан кешірді?», «Қандай атақты ақын-жазушылар шыққан?» «Қалада қандай мықты әулеттер бар? Олардың даму тарихы қандай болды?» деген сұрақтарға бірге жауап іздеулері керек.

Осындай тәсілмен оқытылған сабақтар, жоғарыда айтылып өткендей оқушылар жадында жақсы қалады және балалардың оқуға да, туған өлкені зерттеуге де құлшынысын арттырады. Осыған орай биылғы оқу жылында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазақ әдебиеті сабағына арнайы бес сағат бөлінген. Тақырыпқа сай қаламыздың көрнекті жерлерін аралатып, оқушыларға таныстырдық.

Бұл жоба бойынша, осы іспеттес білім беру әдісі барлық өңірлерде жүргізіліп, осы сауалдар негізінде байқаулар өткізіледі. Жоба масштабы жағынан кеңейе келе облыстық, республикалық конкурс дәрежесіне дейін өседі. Нәтижесі осы жоба бойынша жауапты  министрлік басшыларымен тағайындалатын болады. Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікпен өсірудің, тәлім-тәрбие берудің бірден бір жобасы осылай қалыптасады.

Бұл бағытта еліміздің білім беру ордаларында ежелден  қолданылып келе жатқан іс-шаралар бар.

Өткен күннің бәрі тарих. Қазақ халқының басынан өткен қилы заман қойнауында қанша дерек бар. Сол тарихтың ішінде қандай асыл мұралар, болашаққа жол көрсетер білік, білім, бағдар жатыр десеңізші.

Жастарды отансүйгіштікке өлкетану арқылы тәрбиелеудің тағы бір қыры – жергілікті өңірдің археологиялық қазба байлықтарымен танысу. Еліміздің өңір өңірлерінде табылған көлемді, үлкен жәдігерлер бар екені белгілі. Соларды көрсету, сондай ескерткіштер орналасқан өңірлерге экскурсиялар ұйымдастыру да өте пайдалы. Әрбір жас өз ауылында және ұлан-ғайыр қазақ елінің өзге де аймақтарында орналасқан мұндай асыл мұралардың мән-мағынасын, құндылығын біліп, көкейге түйіп өскені абзал.

Жалпы, қорыта айтатын болсақ, Елбасы өткен дәуір қатпарларынан қалған таптаурын қағидаларды өзгертіп, орындалмайтын «елес идеологиялардан» бойымызды арылтып, жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізуіміз қажеттігін айтып отыр. Жаһандану үрдісінің басты талабы – әлемдік тілдерді меңгеру, латын әліпбиіне көшу, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар бойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы рухани жаңғыруға тірек болатыны сөзсіз. Ұлт көшбасшысы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы бізді өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналдырмақ. Тек оның орындалуына барша Қазақ елі бір атаның балаларындай жұмылуы қажет. Ендеше, іске сәт!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12