Туған жер эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жер эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
туған жер туралы ойтолғаныс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Бершүгір орта мектебінің оқушысы

Сәлмен Саламат Рахметуллаұлы



Туған жер – алтын бесік



- Айпырай! Туған жер - ай! Теңдесер кім.
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай,
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай, әр адамның кіндік қаның тамып, туып өскен жеріне
тең келер ешбір мекен жоқ. Осындай теңдесі жоқ мекен менің туған жерім Шалқар ауданыны Бершүгір елді мекені. Дәл осы жерде менің қызықты да қуанышқа толы балалық шағым өтуде. Менің туған жерімнің табиғаты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Биік таулары, мөп-мөлдір сулары, сан алуан дәрілік қасиетері бар өсімдіктері әр адамды таң қалдырады. Ал Мұғалжар тауының бикік нүктесі Боқтыбай тауына шығып, таудың салқын ауасын жұтқан адам бұл мекенді еш уақытта ұмытпайды. Боқтыбай тауының бауырайында орналасқан менің ауылым табиғатының сұлулығымен ерекше көз тартады.

Туған жердің бір түйір тасы, жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Осындай жерді ата - бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, бізге мұраға қалдырды. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран Алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған Желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Сондықтан, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Адам баласы  туған жерін ешқашан  ұмытпайды. Менің туған жерім мен үшін қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты өмір сүріп жатырмын.      «Туған жердің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Демек, болашақта мен ауылымның дамып гүлденуіне өз үлесімді қосатын азамат болып өсемін. Қандай мамандықтың иесі болсақта, қай жерде жүрсек де қасиетті туған жерді қадірлей білу біздің парызымыз!
Ауылым туралы өз ойымды мынадай өлең жолдарымен түйіндегім келеді:

Ауылымның түтіні будақтаған,

Киелі топырағы күн қақтаған.

Қасиетті би атам мекендеген,

Бершүгірім- қонысым,қымбат маған.

Асылдың көзісің ғой бақ мекенім,

Келбеті бар сұлудай бұл өлкенің.

Ұямнан кетсем-дағы қанат қағып,

Мен сені туған жерім жыр етемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2018
772
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі