Туған жер К.Әзірбаев

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жер К.Әзірбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Туған жер

Мақсаты

а)Оқушыларға Кенен Әзірбаев жайлы мағлұмат беріп, туған жер әнін меңгерту.Жаңа тақырыпты меңгерту

ә)Оқушы репертуарын жаңа әнмен толықтыру

б)Отанды сүюге, туған жерін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: домбыра, слайдтар, әртүрлі суреттер, үлестірмелі карточкалар

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

1.Әндетіп амандасу.

Әр адамның бас әрпіне байланысты, сын есімді жақсы сөздер айтылу керек.

Мысалы: Дариға-дарынды, Шұға-шыдамды

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

1-ден 5-ке дейінгі сандар арқылы


Қызығушылықты ояту

Сабақтың барысы                              

Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

II.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ұшақ әдісі» арқылы /ұшақтың қанаттарына сұрақтар жазу/

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

ІV.Жаңа сабақ.

«Ой шақыру»

Балалар «Елім-ай» халық әні қандай ән? Ән не туралы?

-Ия, балалар, олай болса біздің жаңа сабағымыз «Туған жер».

Олай болса балалар, мына әнді тыңдап көрейікші.

«Туған жер» тыңдату

-Олай болса балалар ән не туралы болды? Балалар айтады, өзім тағы да толықтырамын.

-Әннің сөзін кім жазады? (ақын)

-Әннің музыкасын, өлеңін кім жазады? (композитор)

-Олай болса «Туған жер» әнінің авторы, композитор Кенен Әзірбаевпен танысамыз.

Кенен Әзірбаев 1884 жылы 19 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. 1956 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1961 жылы Қазақ КСР-інің халық ақыны атанды. Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген. 11 жасында домбыраға қосылып, өз жанынан «Бозторғай», «Көк шолақ» өлеңдерін  шығара бастайды. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысының үгітші-сарбазы бола жүріп,  «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан», «Бұлбұл» әндерін шығарады. «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлап сарбаздарды күреске үндеген. Кененнің алғаш рет қазақ, қырғыз еліне бірдей танылып, ақын атануы «Көпшілік көрсін әнімді» әнінің тууымен тығыз байланысты. К.Әзірбаев  қырық шамалы ән мен күй  шығарған. Соның ішінде, әсіресе, халыққа белгілі болғаны: «Бозторғай», «Көк шолақ», «Базар – Назар», «Колхоз әні», «Жас екпін», «Елімнің ерке жастары», «Жеңіс жылғы шаттық ән», т.б. туындылары бірнеше рет жинақ болып шықты. Ақын 1976 жылы көз жұмды.Ақынның құрметіне 1984 жылы 100 жылдық мерекесі өткізілді.Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, даусым», «Көпшілік тыңда әнімді» (2003), «Көп томдық шығармалар жинағы» (2007-2008) кітаптары жарық көрді.К.Әзірбаев жайында деректі кинотелефильмдер түсірілді. Туған ауылы орталығында мұражай-үйі жұмыс істейді.К.Әзірбаев бірнеше мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Музыка сауаттылық

Қазақ халқы өзі ән шығарып, оны орындайтын өнерпаздарды сал-серілер деп атайды.

Дәптермен жұмыс

Музыкалық сауаттылық жаздырту

Ән орындау

Ән айтпас бұрын дауысқа жаттығу жасату.

«Алатау» халық әні

«Ұйқасын тап» ойыны

І топ

1.Сағындық  қой  сол  бір  әнді,

Шертші,  қане,  ...   (домбыраңды) 

2.Қоя  тұрып  жыр,  әніңді,

Ойнап  берші  ...        (ұраныңды) 

ІІ топ

1. Менің ағам Сансызбай,
Жасады маған.......... /Сазсырнай/
2.Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім.........../Асатаяқ/
ІІІ топ

1.Тау,  тас,  орман  жаңғырады,

Қақсам   қатты ...     (даңғыраны) 

2.Айтайын   мен  ертегімді,

Сен   жәй   ойна ...   (шертеріңді)

ІV топ

1.Тоныма орап кетіп ем
Бүлінбепті............. /Жетіген/

2.Қарсы  келген  жауым  састы,

Қағып  едім  ...     (дауылпазды)

V топ

Аралаймыз  сан  қонысты,

Ала  шықшы  ...   (шаңқобызды).

Жұрттың  қалап  жатыр  бәрі,

Алшы  қолға ...        (адырнаны).  

Ой толғаныс

V. Қорытындылау.

Венн диаграммасы. Екі әннің ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Халық әні «Елім-ай» «Туған жер»

Shape2 Shape1








Үйге тапсырма

84-85 бет оқу, әңгімелеу

«Алатау» әнін жаттау

Күнделіктеріне жаздырту

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бүгін үйрендім, үйренгім келеді парақшалар тарату.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі