15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған жер мен тіл- егіз
Сабақтың тақырыбы: Туған жер мен тіл- егіз
Сабақтың мақсаты: жас ақындардың бойындағы таланттарын ашу және мәнерлеп оқуға баулу, сол арқылы эстетикалық тәрбие бере отырып, Отанын, елін , жерін сүюге тәрбиелеу,оны көркейтуге, мерейін асыруға өз үлесін қосу керектігін үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, газеттер.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар біз бүгін мектепішілік «Туған жер мен тіл- егіз» атты жыр кешіне жиналып отырмыз. Ендеше бәріңізге «Қош келдіңіздер!» (екі жүргізуші бірге )дей келе кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Олай болса:
Ән көңілдің ажары, күй көңілдің базары демей ме дана халқым. Жаныңды жадыратар жақсы ән тыңдағанды кім ұнатпас? Олай болса кешімізді
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Ән десе көкірегіме күй төгіліп
Жаландап жүрегіме жыр тұтанды,-деп жасынан әнді сүйген 11-сынып оқушысы Ескелдинова Ботаның «Сәлем саған туған ел» атты әуезді әнімен жалғастырамыз.
1-жүргізуші:
Қырандай қанат қаққанда ерлігім
Халқымның іздеп керегін.
Қазтуған мен Ақтамбердінің
Сарынына салсам деп едім, - деп 11-сынып оқушысы Рахманқұл Балымды ортаға шақырамыз (М. Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі).
2-жүргізуші:
Туған жердің топырағында өлсем деймін гүл болып,
Туған жердің топырағында енсем деймін күл болып.
Туған жердің топырағын табаныммен сезініп,
Туған жердің топырағында желбіресем ту болып! -дейтін жігерлі де жалынды өрендерімізге кезек береміз. Қалалық ҮІІ Мұқағали оқуларының жүлдегері Ескелдинова Ботаны қарсы алаңыздар.
1-жүргізуші:
Жүрегінде тулайтын ғасыр әні,
Кеудесінде жыр сыймай шашырады.
Жалынды жас, қазақтың ару қызы,
Өлеңдерін оқуға асығады, – деп кезекті 11-сынып оқушысы Рүстембекова Жансаяға береміз. Ол өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін «Туған өлкем» авторлық өлеңімен жеткізбек.
2-жүргізуші:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –деп Абай ақын жырлағандай, келесі кезекте сіздерге 11- сынып оқушысы Бижанова Камилла жастарға үлгі боларлық тамаша өлең оқып бермек.
1-жүргізуші:
О,өлең!
Өлең деген не нәрсе бұл?
- Өлең - су,-дейді біреу, ағыл-тегіл,
Ой толы отыз жасар жігіт - жырым,
Өлең су жағасынан термейді гүл.
Өлеңім, өзіме тарт! Тірі адам бол,-деп Қасым Аманжолов айтқандай ендігі кезекті 11- сынып оқушысы Түзелбек Жансаяға береміз. Жансаяны «Мұқағалиға» атты авторлық өлеңімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Өлеңдерім жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға,- деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай кезекті тағы жыр шумақтарына береміз. Ортада Әшіралиева Диана Қадір Мырза Әлінің «Ахмет және ана тілі» өлеңімен.
1-жүргізуші: Қазақ халқы өнерге бай халық. Қазақ ән, күймен қатар би өнерін де жоғары бағалаған ел. Ендеше соның бір көрінісі ретінде мың бұралған бишіміздің өнерін тамашалайық.
Салтымыз бар қуанатын күй десе,
Салтымыз бар селт ететін би десе.
Жалт етпейді қандай жанның жанары,
Жас арулар мың бұрала билесе –дей отырып Бижанова Камилланы ду қол шапалақпен қарсы аламыз.
2-жүргізуші:
Керемет! өнерің өрге жүзсін Камилла. Біз кешімізді ары қарай жалғастырамыз.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы ,
Қиынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,-деген Абай атамыздың тамаша шумақтарынан соң тағы бір өлең тыңдамасқа болмас. Алдарыңызда 11-сынып оқушысы Сембиева Мақсат.
1-жүргізуші:
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін
Өнер керек ұрпаққа , өлең керек! –деп Мұқағали Мақатаев тамаша жырлап кеткен. Олай болса кешімізді Исламхан Азиза Сырбай Мәуленовтің «Сол тіліммен дүниені аттадым» өлеңімен жалғастырады.
2-жүргізуші:
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа, - деп Мұқағали ақын қара өлеңнің құдіретін тағы дәлелдей түскендей. Ендеше қара өлеңді қастерлеген Мұзафар Әлімбаев атамыздың да туған тілі туралы тебіренісін Әзілхан Алуа «Тіл туралы төртағандар» атты өлеңімен жеткізбек.
1-жүргізуші:
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың, - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті
9-сынып оқушысы Пайз Алиханға береміз
2-жүргізуші:
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйкең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспаса болғай деп шіркін өлең.
Есіңде ме, түндерің көз ілмеген?
Кезуде ойың өмірді, кезуде өлең
Арғы атасы адамның - сезім болса,
Адам емес сезімді сезінбеген, - дегендей 9-сынып оқушысы Аманбаев Бейімбетке кезек береміз
1-жүргізуші:
Көкейтесті жырлар жаз жез киіктей,
Мақтау, даттау,жәдігөй сөзді күтпей.
Өлең керек ұрпаққа өзің мейлі,
Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей!-дегендей, келесі кезекті Сайлау Арманға береміз.
2-жүргізуші:
Арғы атасы ақынның жырдан туған,
Жыр жолында жанын да қылған құрбан.
Жырлар тұнған хандардың сарайында,
Жыр атылған есікте құлдар тұрған,- деп 9-сынып оқушысы Асан Жәнібекке кезек береміз.
2-жүргізуші:
Туған жердің сай-саласын, ой-қырытын кезетін,
Туған жердің қайғы мұңын елден бұрын сезетін.
Туған жердің кәрі-жасы мәртебелі мен үшін,
Туған жердің бар байлығы-халқым үшін, ел үшін,-деген жыр шумақтарымен «Туған жер мен тіл- егіз» атты жыр кешін аяқтаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
1-жүргізуші: Кешіміздің соңында Ескелдинова Ботаны «Мектебім» әнімен қарсы алайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген