400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Туған жер тұғырым" шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қандай жағдай болмасын туған жері үшін отқа да, суға да түсе алатындары жөнінде жауапкершіліктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жер тұғыры



Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңді әлемге тұр танытып,

Қазақстан гербі де, жалауы да.

Жұбан Молдағалиев


Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай Қазақстан Республикамның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Туған жерімнің, Отанымның егемендігінің арқасында осыған қол жеткіздік.Бірақ біз-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабамыздың ұрпағым, елім, жерім деп армандап өткен, сол үшін талай тер төгіп, талай қан төгіп, мың өліп, мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі.

Еркіндік үшін жеңіс-бүгінгінің жемісі. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыл, ер халық деп ойлаймын. Біз тарихтан қарап отырсақ, қатыгез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей талай қиын кезең тұсында қиналса да, аман қалған қазақпыз. Жері мен елін ұрпаққа тапсыруды, өмірлері өксімей өз еркімен өмір сүрсе деп еркіндікті ойлады. Міне, сол өткеннің жеңісі бүгінгінің жемісі болып жалғасын тапты.

Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында бүгін міне, тәуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз. Елімізді бастап, ұрпаққа жол көрсетер Президентіміз бар. Президент- еліміздің, өміріміздің айнасы. Ел бірлігін, Отан тыныштығын жан-жақты қарастырып отырады. Біздің елімізде көптеген ұлттар мекен етеді. Соның бәрінің басын қосып біріктіре білді. Елбасымыздың арқасында елімізді әлем таныды. Биылғы жылы өткізілген ЭКСПО -2017 үлкен шара туған жерімді түкпір –түкпірге танымал етті. Бұл -орасаң еңбек.

Бүгінгі ұрпақ- елдің ертеңі. Біз – еліміздің перзентіміз. Мемлекетіміздің түлегіміз. Туған жердің тұғырына қонар жас қыранымыз. Мектептің табалдырығын аттап басқаннан бері ұстаздарымыз туған жерге деген сүйіспеншілігімізді оятып, қанымызға сіңіруде. Отбасымызда ата-анамыз туған жерге деген құрметті үнемі ұқтырып, үйретіп отырады.

Барлық әніміз де, жырымыз да Отан үшін, туған жер үшін арналып келеді. Өткен тарих беттерінен өткен өмір мен бүгінгіні салыстырып түсіне білдік.Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Тәуелсіз өркениетті елімізге білімді мамандар, елі мен жері үшін тәуекелге бара алатын нағыз отансүйгіш адал, азаматтар мен азаматшалар керек екенін түсіндік. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңқалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек екенін түсіндік. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенін сезіндім.

Алдағы тілек- ауылымыз, туған жеріміз тезірек көркейсе екен.Екі мың он бесінші жылы туған жерімді, сүйікті Оразақ ауылын су басып, қаншама үйлер су астында қалды.Көптеген отбасы баспанасыз қалды. Ауылдастарым,туыстарым қиындыққа тап болды, бірақ Елбасымыз ешкімді далаға қалдырған жоқ, баспана салып берді. Қазір туған ауылымның көбі жаңа үйлерде тұрып жатыр. Арманым қирап қалған, бос қалған үйлердің орнына жаңа ғимараттар тұрғызып, жайлау төсін малға толтырып, жайқалтып егін өсірсе игі еді.Кез келген адам өзінің туған жері үшін қобалжиды. Мен өз туған жерім- Оразақ ауылын қатты сүйемін. Есейіп, ержеткенде туған жерімнің көркеюіне үлес қосып, аянбай еңбек етемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі