Қали
Мақпал
Туған
жер-тұғырың...
Атамекен... Атажұрт...Туған
жер... қандай ғажап, жүрекке жақын, ыстық сөздер. Бұл-ен жоғарғы
құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Туған жер-әр адамның дүние
есігін ашып, өмірге келген жері. Әрбір адам туған жерін мақтаныш
етеді, қадір тұтады. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен
дарыған.Туған жерге қызмет ету-әрбір азаматтың игі арманы, мақсат
мүддесі. «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей
болса да, туып өскен ел қымбат» деп жырлағандай ұлы
ақындар.
Біз әрдайым туған жерді мақтан
етіп, тек туған жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосуымыз керек.
Өйткені ол адам өміріндегі киелі орын алады. Нақты осы жер оны
елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады, міне, сондықтан да
тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға, еліне, жеріне деген
махаббат сезімі оянады.Атамекен деген асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта аламыз, өйткені ата-бабамыздың азаттық жолындағы
ерен ерлігінің арқасында алынған, осындай кең байтақ жерімізбен,
көкке өрлеген көк туымызбен, ел қамын ойлаған еңбек ардагерлерімен
, батыр бабаларымызбен мақтанамыз.
Жас ұрпақтың болашақтағы білім
көкжиегіндегі білім алуына, саналы тәрбие алуына, туған жерін
сүюге, құрметтеуге, еңбек етемін.Халқымның рухани құндылықтарын,
мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін құрметтеу міндетім.Мәңгілік
елдің рухани жаңғыруы отбасынан, туған жерінен, туған елінен бастау
алатындығын тәрбиелеп отырған шәкірттердің бойына сіңіру басты
парызым деп ойлаймын.
Туған жерім
асылым!
Сарыарқам жаралғансың
сұлулықтан,
Тартасың-ау өзіңе бір
жылулықпен.
Алау гүл,Балқаш көлі,
Бектау-атаң,
Көңілге рахат сезім
ұялатқан.
Айналдым таза ауаңнан бір
өзгеше,
Самалың шаш сипайды кіл
өзгеше.
Дем алып құшағымды жаям
саған,
Өмірдің бар рахатын көрем
сенен.
Балқашым әрқашан да ыстық
маған,
Таза ауасы керемет неткен
өлкем.
Сағынамын шалғай кетсем
көлімді мен,
Атыннан айналайын Балқаш
қалам!