400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған жердей жер болмас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елін,жерін сүйетін барша қазақ халқына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүзімдіктен шыққан жаны жайсан,жомарт аға


Туған жер,туған өлке дегенге баршаның алып ұшып тұратыны анық. Ауылына қарап адамын таны демекші, бүгінде Жүзімдік ауылының көркейуіне үлкен септігін тигізіп жүрген

Талғат Ысқақов туралы не десекте жарасатыны мәлім. Елге,жерге деген сүйіспеншілігі мен кеңдігі керегедей бұл кісінің айтсақ ауыз толтырарлық істері ерен.

Адамды айтқан сөзден емес істеген істен таниды демекші, бүгінде Талғат ағамыздың Жүзімдік ауылына деген шексіз қызметі өлшеусіз. 2014 жылы ауылға мешіт салдырды

Мектеп не мешіт салдыру ол – игі істің басы деген сөзді естігенім бар еді. Бұл өте сауапты іс. Ауыл орталығында күмбезі көкпен жалғасқан алланың үйі бар. Мешіттің ашылуы салтанатты түрде өтті. Ауылдың беделі бір көтеріліп, ауыл қарияларымыз бір марқайып қалды. 2016 жылы ауылға үлкен спорт кешенін салып берді.


«Спорт денсаулық кепілі» демекші спортқа қызықпайтын адам жоқ шығар. Бүгінде ауыл жастары спорт кешенінен аяқ үзбейді.Жүзімдік ауылының жас спортшылары бүгінде валейбол,баскетбол,футбол,тенис тағы да басқа спорт түрлерінен жарысқа барып ауыл абыройын айға іліп келген жетістіктері жетерлік. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа - тұс келген бұл қуаныш, нұр үстіне нұр болды.

Талғат Ысқақовтың туған жерге,елге деген осындай қызметтері мұнымен шектелмейді. Ауылдан шыққан кеңпейілді кәсіпкер аудандық жарысқа барған оқушыларға көмек көрсетіп жеңіске жетуге мүмкіншілік жасап отырады. Қазіргі таңда Талғат ағамыз ТОО «Бал Текстиль» кілем өндіру мекемесінің диреторы болып қызмет атқарады. Талғат ағамыздың қызметін айтқан себебім ауыл жастарының бәрін өз қарамағына алып, қаншама отбасын жұмыспен қамтып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп отыр. Талғат ағаға айтар алғысымыз шексіз.

Қазақстанда осындай жомарт жандар көбейсе ғылым,білім, спорт,өнер салалары қарқындап дамып, дес бермес елге айналарымыз кәдік. Осындай көк туымыз көкте, керегеміз кеңейіп, шаңырағымыз шарықтаған заманда «Қазақ» деген елдің бар екенін бүкіл әлемге паш еткізіп келеміз.Туған жердің,туған өлкенің әр қашан орны бөлек.


Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы,Жүзімдік елді мекені

Жүзімдік жалпы орта мектебі МКМ

10-сынып оқушысы Отызбай Бексұлтан

жетекші мұғалім: Айымбет Назира

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі