Материалдар / «Туған жерді тербеткен жырыменен»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Туған жерді тербеткен жырыменен»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өтілу барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тəлімді адамдармен кездесіп, тəрбиесін танытар «Туған жерді тербеткен жырыменен» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді бастамас бұрын бүгінгі сыр- сұхбаттың қонағы болар тұлғаларымызбен таныстырып өтсем.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2018
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Туған жерді тербеткен жырыменен» атты кездесу кешенің сценарийі

Өтілу барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тəлімді адамдармен кездесіп, тəрбиесін танытар «Туған жерді тербеткен жырыменен» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді бастамас бұрын бүгінгі сыр- сұхбаттың қонағы болар тұлғаларымызбен таныстырып өтсем.


  1. Облыс, Аудан көлемінде танымал қаламгер, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, «Түсінетін жүрегімді сен едің» кітабының авторы Қонысбай Шалғынбайұлы


  1. Қарабұтақ Селолық округінің әкімі бірнеше өлең жырларының авторы Облыс аудан көлеміндегі бірнеше марапат иегері Кеңшілік Мырзалыұлы


  1. Қарабұтақ өңірінің түлегі, Тәуелсіздігіміздің құрдасы, ақын, сазгер Саламат Мақсотұлы


  1. Республика, Облыс, аудан көлеміндегі жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы Еңбекту орта мектебінің биылғы түлегі Қожа Ахмет Ияссауи атындағы грант иегері Дәурен Тілеухан бүгін бізде қонақта.


Олай болса алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Қуанышева Жанаргүл Дәулеткерейқызына беріледі.

Дара туған ауылымның ақындары

Əркез болған, халқына жақын бәрі

Жыр шумағын əуелете тербеткен

Болған газет, журналдардың бар сəні. Олай болса, ақын ағаларымызбен ініміз

бүгін бізде қонақта.

(Ассалаумағалейкум) әнін орындайтын Бақбергенов Әсетті ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Өзіңде арман, сырларым

Жүрекпен жазған жырларым!

Арқауы өлеңдерімнің

Қоңыр бел, қоңыр қырларым

2-жүргізуші: Илансаң досым- жараным,

Ел мен жер – менің бал əнім!

Осының бəрін айғақтар,

Өлеңім- өмірбаяным!- деп жырлаған өлеңді жанына серік еткен ақын жанды еліне елеулі, үлкен аға буынмен ізін жалғаушы ұрпақтарымыз ортамызда қонақта;

1-жүргізуші: Олай болса Ауданымыздың біртуар азаматы;

2-жүргізуші: «Түсінетін жүрегімді сен едің» атты кітабының авторы;

1-жүргізуші:Қазақстан Журналистер одағының мүшесі;

2-жүргізуші: Қонысбай Шалғынбайұлы ортамызда екен сәлеметсіз бе аға кош келдіңіз тағы да

Аға сөзді көштің басын өзіңізден бастасам Қонысбай аға адам баласының өміріндегі ең тəтті кезеңі яғни балалық шағы сол балалық шағыңызға тоқталып өтсеңіз?

4. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

5. Қонысбай аға, сыныбыңыз туралы айтып беріңізші, қандай оқушылар болды?

- «Балаға бағыт- бағдар беретін ата- анасы», ал сізге ата- анаңыз қандай

бағыт берді?

6. Қонысбай аға, мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

7. Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

8. Қонысбай аға,бала кезіңізде неге құмар болдыңыз?

9. Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?

10. Қонысбай аға, шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?

Олай болса мектебіміздегі поэзия әлемі үйірмесінің оқушыларын Қонысбай ағамыздың жыр шумақтарын оқуға ортаға шақырамыз.(Өлеңнің артына фон қосу)


Жүргізуші: Ауданымыздың біртуар азаматы;

Ж: Ауылымыздың әкімі

Ж: Көп жылдар бойына ұстаздық еткен Кеңшілік Мырзалыұлыда ортамызда сізгеде қош келіпсіз дегіміз келеді ауылымызға мектебімізге келіп жатырсыз сізге қояр сұрақтарымның лебі мынадай

Жүргізуші: жалпы балалық шағыңызбен шығармашылығыңыздан әңгіме тарқатып берсеңіз?

- Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді

айтыңызшы... (санап айтқызу)

- Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың

бойынан көре аласыз ба?

-. Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?

-. Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір естелігіңізді айтып беріңізші.

-. Ақынның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

-. Кеңшілік Мырзалыұлы достықты қалай түсінесіз?

-. сіздің өміріңізде таңғажайып сəттер болды ма?

-. білім алған оқу ошағыңыздан ерекше бейнесімен есіңізде

қалған ұстаздарыңыз бар ма?

Олай болса ортамызға сіздің шығармашылығыңыздан мектебіміздің оқушысы Қанатқызы Айданы ортамызға шақырамыз.

Олай болса Аудандық Бақытты балалық шақ фестивалінің Домбыра жанры бойынша Гранпри иегері Ағыбай Алдиярды «Попури» күйімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің құрдасы, Мектебіміздің түлегі, әнші – ақын, Сазгер. Төртқараның ұлымын деп жырлап жүрген Саламат Мақсотұлы ортамызда. сізге де сөз кезегі келіп тұр екен ендеше сізге қояр сұрағым?

  1. Шығармашылыққа қай кезіңізден бастап бет бұрдыңыз?

  2. . Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

  3. Ққазақ жазушыларының, ақындарының ішінде кімдермен

жүздесіп көрдіңіз? Қандай əсер алдыңыз?

4. соңғы жазған өлеңіңіз қандай, не туралы?

5.сіздің жолыңызды қуған шәкірттеріңіз бар ма?

6. Қанша әннің авторысыз? Әндеріңіздің өзіндік шығу себептері барма қысқаша тоқталып өтсңіз? Қандай музыкалық аспапта ойнайсыз?

Олай болса Саламаттың ізін қуып келе жатқан інісі Мақсотов Жәдігерді Саламаттың әнімен сөзіне жазылған « » әнімен ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Өмірім- өлеңім, өлеңім- өмірім,

Сол менің- бойыма дарыған қыдырым!

Сарқылмас сары алтын- сабырым,

Халқыма жетеді жер жарған дүбірім,

Мен соған сенемін

Жар болсын екі дүниеде де- бір өзі Тəңірім!


Жүргізуші: Жасынан қолына қалам ұстап бірнеше жыр додаларына қатысып бәйгенің алдын бермей Республика Облыс көлеміне танылып кеше ғана Ақтөбе өңірінде жеке шығармашылық кешін беріп «Жыр Дәурен» кітабының тұсауын кескен Дәурен Тлеухан ортамызда қонақта.

  • Ал Дәурен ең алғашқы жазған өленің қандай? Оның өзіндің шығу тарихы бар ма?

  • Мектепте саған Республика Облыс Аудан көлеміндегі байқауларда жетекшілік етіп жүрген ұстазың кім?

  • Сен енді шығармашылыққа жаңадан қадам басып келе жатқан осы ағаларыңның ізін жалғаушысың, ендігі алға қойған қандай мақсаттарың бар

  • Ал енді Дәурен Грнатты жеңіп алыпсың құттықтаймыз, дегенменде алдағы болатын ҰБТ дайындығың қалай?

  • Ақын жазушылардан кімдерді үлгі тұтасың?

1-жүргізуші:

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.

Ақын аға - інілерімізге қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді.

бізді сусындатар мəңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында

құрметпен бас иеміз!

1-жүргізуші:

Бар мұрадан - қасиетті мұрам ең,

Данасың ғой, болар, əр кез дана кең.

Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің

Шырақшысы- сен аман бол, Қара өлең! Дей келе қазақтың жақсы бір бұрыннан келе жатқан ізімен бүгінгі қонақтарымыздан қонақ кәде сұрағымыз келіп отыр....(Қонақ кәде)

. Əрдайым осындай кештердің сəні боп жүре беріңіздер. Жыр əлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын! Қорытынды сөз кезегін Мектебіміздің директоры Қуанышева Жанаргүл Дәулеткерейқызына береміз.

Қонысбай Шалғынбайұлының сөзіне жазылған Қарабұтақ вальсі Орындайтын Рысқалиев Алдияр мен Жолаушыбай Нұразат


Осымен «Туған жерді тербеткен жырыменен» атты кездесу кешімізді аяқтай отырып, әдемі осындай әсерлі кеште жүздескенше сау саламатта болыңыздар демекпіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!