жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Туған жерге тағзым
Тақырыбы: Туған жерге тағзым.
Мақсаты: 1.Оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын
сүюге, адамгершілігін қалыптастыру, сананы сауатты
болуға тәрбиелеу.
-
Туған жерге деген ыстық ықыластарын
қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді
азамат болуға тәрбиелеу.
1 оқушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-сыныптар арасында өткелі отырған «Туған жерге тағзым » атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер! Келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Біз сіздерге шуақты күн, ашық аспан, бақыт пен амандық тілейміз.
Батырлық уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран –деп,
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер.
2 оқушы: Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер адамды елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне сондықтан да балалық шақтан Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбір адам үшін Отан отбасынан басталады-демекші 5в сынып оқушысы Берімбет Нұрханның орындауында «Ұлы Отан» әнін қабыл алыңыздар.
1 ОҚУШЫ: Отан – дейміз от жаққан жерімізді,
Отан – дейміз өсірген елімізді,
Отан – дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда –демекші болашақта Отанын қорғайтын 5әсыныбының жігіттерінің орындауында «Бәйге» биі.
2 оқушы:Туған жер – бақыт ордасы , сол себепті туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі- музыка, ал кейбіреулер көкірегіндегі ойларды жалынды сөздермен, әдеби тілмен жеткізеді 5 сынып оқушыларының Туған жер туралы мәнерлеп оқуларын қабыл алыңыздар.
1 оқушы:Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың-дей отырып 5 сынып оқушыларының орындауында хор -«Егемен Қазақстан»
2
оқушы: - Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз,
атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан
қастерлейік-дей келе 5 сынып оқушыларының акробатика өнерін қарсы
алыңыздар
1
оқушы: Отан дегеніміз әр адамның
туып-өскен жері, туған-туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын
атамекені. Адамдардың жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда
Отанына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Адамның туып-өскен
ауылы, қаласы – кіші Отаны болып
саналады.
5ә сынып оқушыларының орындауындағы «Еркемін» биін қарсы алыңыздар.
2 оқушы: « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып-өскен жерің. Оған көрікті, қанша әдемі болса да, басқа жер жетпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек. Туған жердің күні де, түні де ыстық- 5в сынып оқушыларының орындауында хор «Қазақстан ұландары».
1 оқушы:Туған жер , атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіне құя білу шарт-5б сынып оқушыларының орындауында «Ұлытау» биі.
2
оқушы: Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан-дей отырып
5всыныбының қыздарының
орындыуындығы биды қарсы алыңыздар
1
оқушы: Көгінде күн нұрын
төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем-би 5всынып оқушыларының
орындауында
2 оқушы:Туған жер – біздің ата-бабамыздың жері. Олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Біз олардың үмітін ақтауымыз керек.
1 оқушы:Туған жердің суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені біз сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өнеміз. Адамның өскен жері оның жанына, сана-сезіміне әсер етіп мәңгілік есінде қалады екен.
Бүгінгі концерттік бағдарламамыз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразова Құралай апайға сөз береміз.
ұл далада өскен жанда жоқ арман! Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам.
Ән: « Атамекен ».
Мұғалім: Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз халықтың туған жерін ардақ тұтқанын байқаймыз.
Туған жер. ( Медет Қарахметов )
Туған жерім ең алғашқы тынысым, Көз тартады өзен – көлін, тау - тасын
Әрқашан да жүрегімнің жырысын. Толы тарих қарасаң бұл картасын
Мен өзіңді мақтауменен жүремін Туған жер деп бастадым мен сөз басын
Себебі тек сенде байлық ырысым Жерімнің туған тілеймін ешбір тозбасын
Туған жерім гүлдей берсін, өрбісін. Табиғаты қолайлы, жайлы болғасын
Сол үшін де жігерім мен өр күшім. Осы жерге салдырған хан ордасын.
Ата – анадан кейін әрбір адамдар Туған жерді жамандау еш болмасын
Тұра білу керек туған жер үшін Ер жігітке бір ауыз сөз, ол да сын.
Туған жерім әркез менің сауығым, Өмір сүру үшін ешбір уайымсыз
Сағынамын табиғатын, жауынын. Әр азамат туған жерін қорғасын.
Туған жер. ( Фариза Оңғарсынова )
О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен Сенде жанды тербетер дастан бар-ау
Сағынышымды қанат қып саған қарай Менің мынау өмірге құштарлығым
Балапандай талпынып ұшамын мен. Сені жақсы көруден басталған – ау.
Алақаны анамның – топырағың, Кешірме сен. Жат қылықпен жаныңды жараласам
Сендік махаббатымның оты жалын Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Сені қалай сүюдің керектігін Мен ел кезіп кетермін отансыздай
Мен ешқандай кітаптан оқымадым. Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Туған жерге. ( Тұманбай Молдағалиев)
Күнім сенсің , тас төбемде тұрса түн, О,туған жер,қадіріңді кім білген,
Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген
Саған қарай ұшып келем, туған жер, Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Көктем жаққа құстар солай ұшатын. Басқа жерде той тойлаған мың күннен
Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,
Аспанында аяулы елдің жыры бар. Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да, Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған келер, саған келіп жығылар. Саған ғана аяғымды тіредім.
Туған жер. ( Мұқағали Мақатаев)
Уа, туған жер! Топырағынан жаралдым Сұлулықтың сырын жидың сен маған,
Албыннан арманыма нәр алдым. Сен сияқты дархан болам, кең болам.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі Қойнауыңда қазына құт-береке,
Алтын арай таңғы жұпар самалды Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке.
Туған елім, топырағыңа не жетер? Жадыратар жанымды бұл сен екен,
Өз басыңа нелер келді, не кетер? Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем
Отанынсыз тірі жандар не етер, Тауларын бар мендей сен бол биік дер
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер. Қойнауында ойнақшыған киіктер
Таң шапағың аймалайды жүзімді Баурайында бұлақтары құйып тұр,
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді. Өз байлығын өзендерге жиып тұр.
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді Топырағың жаратты асылдарды
Елестетіп бір тамшы жас үзілді. Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды
Айналайын, дархан далам, кең далам, Саған деген махаббатым басылмайды,
Бір ізіңді арқа татар мен балаң Мәңгілікке нұрын солай шашылғай-ды!
Ән: « Сәлем саған, туған жер ».
Мұғалім: « Білімді ұрпақ – ұлт болашағы » дегендей, мен сендерге сұрақ қоямын сендер соған жауап беріп, гүлдің жұлып ортаға тұрасыңдар.
Т
К
І
Ә
У
Д
Е
З
Л
І
С
Т
ұлттық валюта.
теңге
Ә
тұңғыш қазақ ғарышкері.
Әубәкіров
У
мал төлдер, пісіреді ақ бауыр
уыз
Е
еліміздің бас қаласы орналасқан өзен.
Есіл
Л
С
тіршіліктің нәрі не?
су
І
пілдің ортасында не бар?
і
З
жалпы тәртіптік шара.
заң
Д
хан тұқымынан шыққан атақты күйші.
Дәулеткерей
І
К
қабат-қабат қаттама, ақылын болса аттама.
кітап
-
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р. тәуелсіздігі жарияланды. Егеменді ел атандық. Бұл республиканың барлық халықтары үшін теңдесі жоқ оқиға болды.
-
Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар.
-
Көк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған президентіміз Н.Ә.Назарбаев « Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін » деді.
-
Бүгінде біз егемен, тәуелсіз елміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Тәуелсіздік – бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті » деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны.
-
Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – қазақпыз. Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз.
Т әріпі
білдіреді теңдікті
Ә әріпі
әдептілік, әлдікті
У әріпі
уайымсыз уақытты
Е әріпі
егемендік елдікті
Л әріпі
дейді лағып, лепірме
С әріпі
сенімділік секілді ең
І әріпі
ілтипат пен ізет қой
З әріпі
зиялылық тілек қой
Д әріпі
шақырады достыққа
І әріпі
ілкімді боп сақтыққа
К әріпі
дейді күн боп көктегі,көз алартпа көршілерге қол сұқпа.
-
Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – қазақпыз. Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз.
-
Қадірлі қонақтар, аяулы ата-аналар, құрметті ұстаздар! Келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын!
-
Сіздерге игілік пен бақыт, бақ пен дәулет, ырыс тілейміз.
-
Еліміздің көк туын желбіреткен, әнұранын шалықтатқан сіздерге береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
-
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз.
Ән: « Көк тудың желбірегені ».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген