Материалдар / Туған жерге туыңды тік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туған жерге туыңды тік

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
427
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: «Туған жерге туыңды тік»

Сабақ мақсаты:

Білімділік:Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ата- бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстыру;

Дамытушылық: оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін дамыту, бірін –

бірі тыңдап түсіну, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушылардың бойында Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін ,тілін, әдет- ғұрпын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, интерактивті тақта, суреттер

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Әдіс – тәсілі: пікір алмасу, сұхбаттасу,

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Мемлекеттік Әнұранды орындау

Кіріспе сөз:

Біздің бүгінгі сабағымыз «Туған жерге туың тік» деп аталады.

- Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әруақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген сөзі есіме түседі.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

«Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.

Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.


І тапсырма Тест сұрақтарын орындау:

1. Қазақстан Республикасының Егеменді мемлекет болған жылды көрсет

С) 1989 ж. 1 мамыр У) 1992 ж. 1желтоқсан

Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 995 ж. 30 тамыз

2.Қазақстан қай кезден Тәуелсіз Республика деп танылды?

С) 1990 ж. 25 қазан У) 1991 ж. 16 желтоқсан

Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 1991 ж. 16 қараша

3. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.

Г) Астана, парламент Д) Байлығы, шекарасы

Ғ) Ту, елтаңба, әнұран Ж) Валюта, қолөнері

4. Елтаңбада бейнеленген киіз үйдің бөлігі

А) шаңырақ Б) уық

Ә)кереге В) іргетас

5.Мемлекеттік Тудың авторы кім?

Н) Ш.О Ниязбеков П) Ш. Қалдаяқов

О) Ш. Уәлиханов Р) Ж. Мәлікұлы

6. Биыл Астана қаласының неше жылдық мерейтойы тойланды?

Ж) 10 З) 5 И) 15 К( 20


7. Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс – кейпін

Достым, білгің келе ме?

Отан – сенің ата- анаң,

Отан – сенің, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң

Отан- аудан, ауылың.

Отан- тарих, отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың,

Отан –өлең, Отан –жыр,

Көтерген көкке ел даңқын

( Кімнің өлеңің?)

Д) М. Мақатаев Ж) М.Шаханов

Е) Б. Ысқақов З) Қ. Мырза Әлі

8. Отан туралы мақалды көрсет:

М) Білекті бірді жығар, С) Батырды намыс өлтірер,

Білімді мыңды жығар Қоянды қамыс өлтірер

Н) Жақсы жаныңа жолдас, Р) Туған жер - алтын бесік

Жаман малыңа жолдас

1

2

3

4

5

6

7

8

Т

У

Ғ

А

Н

Ж

Е

Р

ІІ тапсырма

Қазақтың көрнекті ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» -деп сыбырлаған.

Жаным менің ,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен де биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ,- деп жырлап өткендей, Отанын сүймейтін, туған жерін ардақтамайтын адам – тірі жәндік. Келесі тапсырмамыз Отан, туған жер туралы өлең шумақтарын жатқа айту.

1-оқушы Менің елім – Қазақстан жүрегім 
Тек өзіңсің Отан ана тірегім 
Аман болсын, Отан ана, тірегім 
Тәңірден осы менің тілерім 

2
-оқушы.Мен қазақпын, ұланымын елімнің 
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің 
Ұланымын туын көкке көтерген 
Қиындығын қазағымның әрқашан 
Қайыспайтын қара нардай көтерген. 

3-оқушы.
Сен неткен Отан Анам ғажап едің 
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім 
Болашақ ұрпағының бақыты үшін 
Жайнай бер, Ұлы Отан қазақ елім, 

4-оқушы.Іске асып Елбасының бастамасы

Елімнің бой көтерді бас қаласы.

Өзінің көркіменен әлемге

Танылды қазақтың бұл Астанасы.


Астана- еліміздің қақ ортасы,

Астана-ырыс, құт пен бақ ордасы.

Алыстан көз тартады тұлғаланып,

Сәулетті Елбасының Ақордасы.


5-оқушы.Тарихқа бұл өңірдің бар дерегі,

Қарайды заңғар көкке "Бәйтерегі" .

Бір көріп келген адам Астананы

Аузынан суы құрып айтар еді.


Қазақтың қуат берген даласына,

Нұр құйған әр адамның санасына.

Еліміздің төріндегі Астана бұл,

Айналған жаңа ғасыр қаласына.


6 -оқушы.Астанам-бағы биік асқармысың,

Астанам-мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам-пейіш қала ел арманы

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.


Астанам-шапағаттың шуағындай,

Астанам-махаббаттың тұрағындай.

Астанам-періштелер мекені сен,

Астанам-Қазақстан тұмарындай

III тапсырма: Мақал – мәтел сайысы. Отан, туған жер туралы мақалдар айту. Қай топ тоқтап қалса немесе айтылған мақалды қайталаса, сол топ сайысты тоқтатып, жеңіліске ұшырайды.

Мақалдар:

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жер – алтын бесік.

Басқа елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Туған жерің – анаң, басқа жер- өгей анаң.

Елден айрылған көмгенше жылайды,

Елден айрылған өлгенше жылайды.

Адамда бір ғана Отан, бір ғана ана бар


«Желтоқсан желі» орынддайтын Абилда Ақниет

ҮI тапсырма: «Туған жер» тақырыбында ойларын жазу

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1

DrawObject4 DrawObject5



DrawObject6 DrawObject7

DrawObject8



Ү тапсырма: Еліміздің рәміздеріне шолу жасау

Ту, елтаңба, әнұран

ҮІ тапсырма. Топ басшыларымен сұхбат.

Әр топ басшыларымен жеке сұхбат өткізу

1 топ басшысына сұрақ:

  • Кемелденген еліңіздің болашағы үшін не істер едіңіз?

2 топ басшысына сұрақ:

  • Егер сіз Қазақстан Республикасының Президенті болсаңыз алдыңызға қандай мақсат қояр едіңіз?

3 топ басшысына сұрақ:

  • Егер сіз Білім Министрі болсаңыз өз бағдарламаңызға нелер енгізер

едіңіз?

Қорытынды сөз :

Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде

көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып,келешек ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі лаулап, жалындай берсін.

«Елім менің» қыздардың онырдауында ән

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!