Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге
асыру мақсатында
Талдықорған қалалық оқу
орындарының білімгерлері арасында «Туған жерім - тұғырым»
тақырыбында өткізілетін
жас ақындар және мәнерлеп
оқу байқауының сценарийі
Фанфар. (Бейнеролик
қойылады)
1 -
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және
білім алушылар! Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы мақсатында, қалалық оқу
орындарының білімгерлері арасында «Туған жерім -
тұғырым» тақырыбында өткізілгелі
отырған жас ақындар мен мәнерлеп
оқу байқауына
қош
келдіңіздер!
2 -
жүргізуші: Елбасы өз
мақаласында: Табысты болудың ең іргелі,
басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз
басымдық беретін межелердің қатарында білім– әрдайым бірінші
орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсеткен
болатын. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
атты бағдарламалық мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз
халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын
ойтолғам.
1–Жүргізуші:
«Білімді, көзі ашық, көкірегі
ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз
шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
ХХІ ғасыр – білімнің салтанат
құрар дәуірі. Сондықтан, шығармашыл өнерлі жастарды қолдап,
болашаққа бағдар беру – біздің басты
міндетіміз.
2 -
Жүргізуші:
Отан дейміз –от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз- өсірген
елімізді.
Отан дейміз – туған жер,
атамекен
Биік тау, орман, тоғай,
көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ
астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас
қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де
жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады.
(әдеби
монтаж.)
1 -
жүргізуші: Құттықтау
сөз Алматы облыстық «Жастар» ресурстық
орталығының директоры Жақсыгелдинов Бақтияр Уәлиханұлына
беріледі.
2 -
Жүргізуші: Бүгінгі байқау 2 кезеңнен
тұрады. 1-ші
кезең Жас ақындар сайысы (Жас ақындар өз
шығармашылығынан өлең ұсынады. Бағалау барысында өлең құрлысына,
ұсынылған тақырыпқа сайлылығына назар
аударылады.)
1 - Жүргізуші: 2-ші
кезең Мәнерлеп оқу сайысы (танымал ақындардың туған
жер, Отан, елге деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздіктің қалыптасуы
жайлы туралы өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау барысында оқу мәнеріне,
актерлік шеберлікке, таңдалынған өлеңнің тақырыпқа сайлылығына
назар аударылады.)
Сайыс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Қорытынды әр кезең бойынша жеке жеке
жүргізіледі.
1 -
Жүргізуші: Осы байқауды бағалап, шешімін айтатын
әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар:
1.Жақсыгелдинов Бақтияр
Уәлиханұлы -
Алматы облыстық «Жастар» ресурстық
орталығының директоры
2.
Байдилданов Елзат
Сейітжанұлы – Талдықорған политехникалық
колледжі директорының тәрбие ісі және
құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
орынбасары
3.
Жанысбекова Гүлжан
Адамбекқызы – колледж
әдіскері
4.
Дәрменова Қорлан
Тоқтарқызы – жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті
пәндерінің оқытушысы
2 -
жүргізуші:
Туған жер Беу, Туған
жер!
Сен ыстықсың
біздерге.
Мың-мың дастан
жатыр
Халқым басқан
іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан
көз алмай
Даналықтың жырын жастар
іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас
балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас
қалам.
Жүрегінің түкпірінен
шығарып
Жырды шашу болды оған бір
арман.
1 -
Жүргізуші: «Жас ақындар
сайысы» номинациясы бойынша
қатысушыларымызды шақырамыз.
1. Баис Шырайлым – Бизнес,
құқық және жаңа технологиялар колледжі
2.Аяджан Майя – Бизнес, құқық
және жаңа технологиялар колледжі
3.Ержанат Лайлагүл –
Талдықорған политехникалық колледжі
4.Сайдахметова Гүлсая –
Талдықорған политехникалық колледжі
5.Тұрдахун Мадина –
Талдықорған политехникалық колледжі
6.Нұрсадық Мөлдір – «Білім»
гуманитарлы- техникалық колледжі
7.Мұқатова Данагүл – «Білім»
гуманитарлы- техникалық колледжі
8.Момынбекова Фариза – «Білім»
гуманитарлы- техникалық колледжі
1-
жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар
Жақсы ән мен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең, менше сүй, -демекші колледж
білімгерлері Тіленшиев Темірлан мен Айыпов Арманның орындауында
«Қазақстан» әнін қабыл
алыңыздар.
2 - Жүргізуші:
«Мәнерлеп оқу
сайысы» номинациясы бойынша
қатысушыларымызды шақырамыз.
1.Рысдаулет Ақиіс – Бизнес,
құқық және жаңа технологиялар колледжі
2.Құрманова Айзере – Бизнес,
құқық және жаңа технологиялар колледжі
3.Шисй Ксения – Бизнес, құқық
және жаңа технологиялар колледжі
4.Мұжамеджанова Мейіргүл –
Талдықорған политехникалық колледжі
5.Бекмұратқызы Жұлдыз–
Талдықорған политехникалық колледжі
6.Өмірбекова Ділнұр–
Талдықорған политехникалық колледжі
7. Бексұлтан Меиргүл
– «Білім» гуманитарлы- техникалық
колледжі
1 -
Жүргізуші:Әділқазылар алқасының шешімі шыққаншаКолледж
студенті ____________________________орындауында
әні
2 -
Жүргізуші:Сахнаға 2 байқаудың номинациясы бойынша
қорытындысын айтуға әділқазылар алқасын
шақырамыз.
1 -
Жүргізуші:
Өнеріміз
сайыста,
Жетелейді алысқа
.
Бүгінгі күннің
жеңісі,
Достық болып
қалуда- дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!
Еліміз аман, жеріміз тыныш
болсын!