400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған жерім – тұғырлы ата мекенім атты оқушылар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Берел орта мектебінде өткізілген оқушылар арасындағы ақындар айтысының сценарийі

Оркестр «Күй»

1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Құрметті өнер сүйер қауым! Қасиетті өр Алтайдың төрі, киелі түркі әлемінің алтын бесігі атанған Берел ауылына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру жобасы аясында және де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған дүбірлі дода аудандық оқушылар айтысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Ғасырға бергісіз 27 жыл күллі қазақтың арман-тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 27 жыл, ұлы мерекеміз, ұлық мерекеміз, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Талай рет аудандық сайыстардың бас жүлдесін байлап жүрген Мектебіміздің мақтанышы «Тұмар» би тобын қарсы алыңыздар
2-Жүргізуші: 

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Русланов Диастың орындауында «Қазақтың қаны» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші

Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай
Көрсең де көреріңді азаппенен.
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты

Би: кішкене қыздар
2-жүргізуші

Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Бұл күнге қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 27 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Еңсесін енді көтерген еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Жеңіспек Сезімнің орындауында «Тәуелсіздік толғауын » қабыл алыңыздар
1-жүргізуші

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер, 
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем, 
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер. 
Қазақстан, замананың заңғарында, 
Халқыма мекен болған жайлауың да. 
Алатау ақ самайлы басын иген 
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Би: «Қара жорға»

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – сан ғасырлардың жеңіс пен жеңіліске, қайғы мен қуанышқа, арман мен ниетке толы тарих парақтарының нәтижесі, қаншама жылдардың аса зор қуанышы екені бүгінгі күні баршамызға белгілі.
Ендеше мерекеміздің негізгі бөліміне де кезек келіп жеткен сияқты (музыка күй) Олай болса аудандық оқушылар айтысын ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Ендеше бүгінгі айтысқа қатысатын айтыскер ақындарымызды ортаға шақырайық.

1. Аманова Амина - Аршаты орта мектебі

2. Манатов Данияр - Жамбыл орта мектебі

3. Жарқынбек Заңғар –Юбилейное орта мектебі

4. Советова Тахмина –С.Ластаев атындағы орта мектеп

5. Тұрысбеков Бақнұр - О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі

6. Нұролда Жұлдыз - Өрел орта мектебі

7. Манапов Қуандық - Берел орта мектебі

8. Абзалов Сенім - О. Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі

9. Қаныбекова Жасмин - Берел орта мектебі

10.Нұржақып Елжас –Қызыл-Жұлдыз орта мектебі

11.Рақышев Рүстем - С.Ластаев атындағы орта мектеп

12. Мәулетханов Дарын - Чернова орта мектебі

13. Айқынбек Тілек - Новоберезовка орта мектебі

14. Малғаждарова Назгүл - Рыков атындағы орта мектеп



2 жүргізуші: Бүгінгі айтысымызды жүргізетін ауылымыздың өнерлі азаматы, Жүрсін Ерман ағамыз сияқты айтыспен біте қайнасқан, талай аудандық іс –шаралардың жүргізушісі болған Оралғазин Эрнст Телманұлын шақырамыз.

(Айтыскер ақындардың жұбы мен айтысу кезегін айқындату үшін жеребе тартқызу;)

Кезекпен айтыскер ақындарды шақыру

Әділ қазылар бағасы

Финалға шыққан ақындармен қайым айтыс өткізу

Жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздарға арналған «Тұмар би» тобының орындауындағы «Бақыт құсы» биі.

Қорытынды сөз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі