400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Туған жерім әрқашан жүрегімде

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жерім әрқашан жүрегімде...

Сағат таңғы сегіз. Бүгін сабақтың соңғы күні. Мен өте бақыттымын. Неге деп ойлайтын шығарсыздар. Жо-жоқ сабақтың біткені үшін емес, бүгінгі қуанышымның себебі, бүгін мен ауылыма, туып өскен жеріме қайтамын. Эх... ауылымды көрмегеніме алты айдай болып қалыпты, ия бұл өте ұзақ уашыт емес шығар, бірақ та мен үшін алты ай алты жылдай сезілетін. Зымыраған уақыт ай. Кеше ғана анаммен қимай қимай қоштасып, қалаға оқуға келіп едім, енді міне қайтатын уақытым да келіп жетті. Тез-тез орнымнан тұрып, шәйімді да ішпестен колледжға шығып кеттім. Бүгінгі көңіл күйім басқа күннен ерекше " бұл күнімді ешкімге бұзуға жол бермеймін"деп ішімнен қуанған күйімде колледжға да жеттім. Соңғы сабақ болғаннан кейін бе, бүгінгі сабақ тіптен күшті болып жатыр. Сабақ үстінде барлық ойым ауылыма тез барып, туыс туғандарымды көрсем деген ойда отырмын. Бір жағынан бұл жердегі достарымды да қимаймын, не дегенмен бауыр басып қалады екенсің. Осылайша екі ойлы болып, сабақтың қалай аяқталғаның да білмей қалдым. Әншейінде тоқсан минут тоқсан сағаттай болып сезілуші еді, осы жолы барлығы басқаша. Аудитория ішінде барлығымыз бір-бірімізбен қоштасып жатырмыз. Қимай-қимай қоштастық... Автовокзалда тұрмын. Қазір менің автобусымның жүретін уақыты. Тез тез кіріп орныма жайғасып алдым. Көптеген студенттердің қуыныштарында шек жоқ. Автобус жылжып, қаладанда шығып кеттік. Қалаға соңғы рет бір қарап ішімнен «сау бол Семейім» дедім. Құлағыма құлаққапты киіп алып, өлеңді бар дауысына қойып, ұйықтап қалдым. Жол ортасында қайта қайта көзімді ашып қоямын, ауылға жетпедік па деген оймен. Біздің ауыл мен қаланың ортасы төрт сағаттай, осы төрт сағат бойы менде төзім қалмады. Қашан жетеміз деген оймен бір ұйықтап, бір оянып қоямын. Міне біздің ауданға да келдік. Тарбағатай ауданы... Жүрегім одан сайын қатты соғып кетті. Бүйырса он минуттан кейін үйде боламын.... Жүргізуші ағай "Жәнтікейден бар ма?" - деп сұрағанда орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым. Тезірек сөмкемді алдымда, есіктің ашылғаның күтіп тұрмын. Есік ашылды. Бетімнен самал жел сипат, құтты бір мені қарсалғандай болды. Жүгімді алып, сәл тұрып қалдым, себебі туған жердің топырағының иісі мені баурамай қоймады.Қаланың дамылынан кейде шаршап кететінмін, ал мұнда тып тыныш, таза ауа, самал жел. Ауылымның тастарына дейін, тіпті маңыраған сиырлар мен қойлардың, иттердің дауыстарында сағынып қалыппын. Ауылыма мен келдім мені күттің бе деген оймен жерге тізерлеп маңдайымды тигізіп сәлем бердім. Жолда келе жатырмын. Ауылда барлық адам бір бірін таниды ғой, барлығы амандасып, қал жағдай сұрап қояды. Төте жолмен үйге келе жатырмын. Әр қадамды басқан сайын, ауылымның топырағы табаныма батып, сезіліп келеді. Жан жағыма қарап, ауылға бірінші рет келіп тұрған адам сияқты тамсанып келемін. Барлығы сол қалпы, ештеңе өзгермеген. Аяндап үйге де келдім. Отбасыммен көрісіп мәз мейрам болып жатырмыз. Анам әзірлеген ыстық шәйді, ыстық нанды сағыным қалыппын. Тоя тамақ жеп алып, далаға дем алуға шықтым. Кеш болып қалыпты.Өрістен малдар келіп, ауыл іші мәре-сәре болып жатыр. Мен кеткенде кішкентай болған балалар өсіп кеткен бе, әлде олардың өскенің байқамағанмын ба барлығы әйтеуір үлкен болып кетіпті. Қораның төбесіне шығып, таза ауамен тыныстап отырмын. Күн қызарып батып келеді. Андай мұндайға шабытым келмейтін мен, осы кезде өлең шығарғым келіп, қолыма қағаз бен қалам алдым...

Туған жерім әрқашан жүрегімде

Мен онсыз баққытты боп жүремін бе?!

Кей кездері мұңайып, көңіл түссе

Сенен қуат аламын, күлемін де



Кей адамдар бақытты таба алмай жүр

Шетел асып, уақыттарын өткізіп құр

Бақыттың не екенің білгін келсе

Кеттік досым ендеше, менімен жүр



Менімен жүр, апарайын ауылға

Дайынсың ба, меніменен баруға

Көрсетейін керметін ауылдың

Жер бетінің кереметі ауылда...

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі