"Туған жерім аялы алтын бесігім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған жерім аялы алтын бесігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру аясында туған жерім аялы алтын бесігім атты жыр кеші өткіздім. Бұл жерге Сүмбе ауылынан шыққан ақын-жазушыларды насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашаққа бағдар: рухани жанғыру аясында «Туған жерім -аялы алтын бесігім» атты жыр кеші



Көрнекілігі: «Ауылым – киелі мекенім» атты кітап көрмесі


Мақсаты: Жас оқырмандарды өз елінің тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін көңіліне ұялату.


Жүргізуші: Құрметті оқырмандар! Болашаққа бағдар: рухани жанғыру аясында өткізіліп отырған «Туған жерім-аялы алтын бесігім» атты жыр кешіне қош келдіңіздер.

Шетте жүріп, қу тірліктен шаршасаң,

Жүректегі сағынышты байқасаң

Ауылға кел, тауға шығып бой сергіт,

Туған жердің таза ауасын аңсасаң! – деп ақындарымыз жырлаған екен.


Кітапханашы: Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстыққа сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттнрі бар. Осының бәрін жасұрпақ біліп өсуі тиіс.

(Ауыл тарихынан бірер сөз)


Жүргізуші: Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көрністерінің бірі. Туған жерім, туған тарих қазынам,

Ақындарым жыр арнаған жазып ән

Сүмбе ауылында туғаныма мақтанам,

Туған жерім ол да менің бір анам.

Ауылдан шыққан ақындарымыздың жыр шумақтарына кезек берсек.

1. Көктемде

2. Сәби былдыры

3. Сыр

4. Ақжаңбыр

5. Тотықұс

6. Менің табиғатым

7. Әке мен бала\

8. Ескі сарын

9. Өзім туралы

10. Абай ескерткіш жаында



Жүргізуші: Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Жетісудіың алтын діңгегі,

Қосамын жырға Сүмбені.

Алатау маған дем беріп,

Кеудемнің шоғын үрледі. –деп Нұрлан ағамыз айтқандай «Туған жер жайындағы толғаулар» оқырмандар шығармашылығы туған жерге деген арнаулары.

1. Сүмбе самалы

2. Атамекен

3. Сүмбенің сұлу таулары

4. Ауылым

5. Тау қызымын

6. Тау самалы

Жүргізуші:

Ауылым ырысы мол құт мекенім

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін

Саяңда ойнап өсіп білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз

Қасиетті жер ана ауыл елді

Көркейтуге болашақ біз жастармыз.

Сөз: кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі Атагулова Гульназға беріледі.

Жүргізуші: Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер- әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оның қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Көгілдір көктем... Оралмас сол шақ,

Құс болып самғап кетіпті алшақ.

Жанымды кенет мұң торлай қалса,

Сүмбенің тұрам самалын аңсап.

1. Туған жер

2. Мұқағалиға

3.Атамекенім менің

4. Жалғыз мұң

Кітапханашы: Құрметті оқырмандар! Сүмбе деген ерекше сұлу мекен,

Туған жерге, сірә, не жетеді екен?

Ата-бабам аруағы, қолдай жүрсін,

Әрдайым аман болсын атамекен! –деп жырлаған Бүбішхан апамыз «Өнер алды қызыл тіл » деп өнеге айтып, ал өлеңдері – сөз патшасы деп бағалайтын жырсүйер қауымға ақындардың қадірі туралы айтып жатудың өзі артық. Ежелден –ақ еліне жыр қонақтап, көңілінде ән әуелеген қасиетті туған жерде, «Туған жер бағдарламасы» аясында өткізіліп жатқан шаралар осының айғағы емес пе? Ауылға деген ыстық жүректен шыққан жырлар мен шығармаларын тыңдап көрдік, осы шараға қатысқан оқырмандарымызға үлкен рахметметімізді айтамыз.


















































Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» арналған қосымша жоспар


Іс-шараның тақырыбы

Түрі

Жауапты адам

1

Кабинет

Тақырыптық бильборттар дайындау

Шығару

Кітапханашы

2

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітап көрмесін ұйымдастыру

Кітап көрмесі

Кітапханашы

3

100 кітап жобасы



4

«Туған жерім -аялы алтын бесігім» жыр кеші




Кітап алмасу – буккроссинг арнайы орындарын ұйымдастыру









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
723
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі