400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Туған жерім Жүзімдігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін осы мақала арқылы жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жерім Жүзімдігім

Туған жер... Әр адамның құлағына ыстық естілетін сөз. Туған жер дегеніміз адамның кіндік қаны тамған жері, жастайынан топырағында аунап,асыр салып ойнаған жері,өзенінде шомылып,бұлағынан су ішкен жері. Әрине, мұндай жер адамның жадында мәңгіге сақталады,ешқашан ұмытылмайды. Туған жер деген сөз естілгенде,өз ауылын бірден есіңе түседі. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деп дана халқымыз бекер айтпаған.Туған жерге ешбір ауыл, қала тіпті Нью - Йорк,Дубай, Лондон, Париж сынды қалаларда тең келмейді. Ал, осы туған жерімізді көркейтуге өз үлесімізді қосу әрбір адамның парызы деп білемін. Алайда, қазіргі таңда туған жердің қадірін түсінбей жүрген жастарымыз қаншама. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан» бол деген мақалды дана халқымыз бекер айтпаған болар. Сол себепті өзіміздің туған жерді аялап,қорғау біздің парызымыз.

Менің туған жерім - шағын ауыл Жүзімдік елді мекені. Мен бұл ауылды бессаусағымдай әрбір жерін жатқа білемін. Өйткені мен бұл жерде тудым,өстім. Біздің ауыл 80-90 шаңырақтан тұратын шағын ауыл. Ал, осы ауылымызды көркейтіп, үлкейтіп үлкен ауыл,тіпті қала қылу да өз қолымызда. Біздің ауылдан түрлі кәсіпкерлер , ақындар, әншілер, жазушылар да шықты. Біз осы ауыл түлектерімен мақтанамыз. Осылардың ішінде мен жеке кәсіпкер Талғат Ысқақов ағамызды ерекше айтқым келеді. Ол қазіргі таңда ауылды дамытуға ,көркейтуге белсене атсалысып жатқан ағамыздың бірі де,бірегейі. Атап айтқанда ол ауылға мешіт салдырып берді. Ауыл тұрғындары бұған дән риза әсіресе ауыл қариялары өте қуанышты. Одан кейін ауылға бұрын сонды болмаған спорт мектебін салдырып берді.Ауылдың спортқұмар балалары,жастары түрлі спорт түрлерімен айналысып, спортқа бейімделуде. Соның арқасында болашақта біздің ауылымыздан бүкіл Қазақстанға немесе әлемге танымал спортшы шықпасына кім кепіл. Осындай ағамызға қарап, қазіргі ауыл балалары біздер, үлгі алуымыз қажет. Бізде осы ағамыз сияқты болу үшін,әрине,көп оқып, еңбектенуміз қажет. Бізде келешекте Талғат Ысқақов ағамыз сынды елге үлгі боларлықтай азамат бола білуіміз керек ,- деп өз ойымды қорытындылаймын.


Ерхан Саңғылбай

Жүзімдік жалпы орта мектебі

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

8- сынып оқушысы

Оңтүстік Қазақстан облысы,Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылы

Жетекші мұғалім: Айымбет Назира

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі