жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған жерім-Қызылорда!
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас,таным,шығармашылық
Ұйымдастырылған танымдық оқу қызметі
Тақырыбы: «Туған жерім Қызылорда»
Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу.Қызылорда қаласы жайында мағлұмат бере отырып,Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар екенін айту.Өз қаласына деген,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру,ой өрістерін дамыту. Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.Балалардың қызығушылығын,ынтасын арттыру.
Көрнекі құралдар: Қызылорда қаласының көрікті жерлерінің суреттері,слайд,бейнеролик
Билингвистикалық кезең: Қала-город-city
Қала күні-день города- city day
Әуе шары-воздушный шар- balloon
Білім күні-день знаний- day of knowledge
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын,саяхат
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалар іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Таңертеңгі жиын Армысың шапағатты күн
ана |
|
|
Іздену- ұйымдастырушы |
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс айтасыңдар,күз мезгілі де келіп қалыпты. Ал,күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? -Балалар күз мезгілінде 3 ай бар. Олар:қыркүйек, қазан,қараша. Ал,балалар осы күз мезгілінің алғашқы күнінде біз қандай мерекені атап өтеміз,білесіңдер ме? 1-қыркүйек «Білім күні» Бұл күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады.Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып,мектепке жақсылап дайындалу керексіңдер.Мектепке 1 сыныпқа барған кезде алғашқы қоңырау соғылып,сендерге оқуға жол ашып береді. Қоңыраудың үні
қандай! -Ал,балалар сендер осы «Білім күніне» арналған қандай жыр шумақтарын білесіңдер? Айша: Сәлем саған балабақшам, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие, Ой санама еккенің. Жанболат: Балабақшам – айтар әнім, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын. Жәния: Балабақша анамыз, Оқып білім аламыз, Өнерпаз боп өсетін. Біз балдырған боламыз! -Жарайсңдар,балалар жақсы жыр шумақтарын біледі екенсіңдер. Балалар біз қай республикада тұрамыз? -Қазақстан Республикасының Президенті кім? -Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата. -Елордасы қай қала? -Біздің туған жеріміз,қаламыз қалай аталады? -Дұрыс айтасыңдар,балалар біз-Қызылорда облысы Қызылорда қаласында тұрамыз. Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан.Бұрынғы атауы: Ақмешіт,Перовск (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы) -Балалар,бүгін мен сендермен бірге саяхатқа шыққым келіп отыр.Бұл біздің жаңа оқу жылындағы алғашқы саяхатымыз болып есімізде қалсын жарай ма?Қанеки олай болса көзді жұмып отырайық,мен қаламыздағы көрікті ғимараттардың қасына келген кезде сендерге белгі беремін,сендер көздеріңді ашып,қай жерге саяхатқа келгенімізді көретін боламыз. (Балалармен бірге әсем,әуеннің көмегімен саяхатқа шығамыз.Қаланың керемет жерлерімен таныстыру,бала танитын болса кіммен барғанын,алған әсерін сұрау.) -Балалар,сендерге саяхатымыз ұнады ма? -Қаламыздың қай жерлеріне тоқтадық? -Келесіде қай қалаға саяхатқа шыққыларың келеді? -Жарайды, біз енді күнде саяхатқа баратын боламыз. -Балалар,біздің Қызылорда қаламызға биыл -200 жыл болып отыр.Осыған орай қаламызда көптеген іс-шаралар жүргізілуде,қала күніне арнап көптеген сыйлықтар берілуде.Ал біз өзіміздің атымыздан,қаламызға арнап сыйлық жасай аламыз ба? Олай болса мен сендерге қандай сыйлық жасайтынымызды көрсетейін.Балалар мені мұқият тыңдап,қалай жасайтынымды көріп алыңдар.(Балаларға қағаздан оригами тәсілімен гүл жасап көрсетемін)`` -Қанеки балалар,жұмыс үстеліне барып,сыйлығымызды жасайық. (Балалар орындарына отырып гүлдерін жасайды.Көмек қажет еткен балаларға көмек беріледі) -Қанеки балалар,жасаған жұмыстарыңды ортаға алып келіңдер.Осы гүлді мына құмыраға салып,қаламызға тарту етеміз.Сендер сыйлықтарыңлы жәй беріп қана қоймай,ыстық лебіздеріңді,тілектеріңді айтып бересіңдер жарай ма? (Балалар тілектерін айтып,құмыраға гүлдерін салады) -Жарайсыңдар,балалар тілектеріңе,жасап берген сыйлықтарыңа көп-көп рахмет. |
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Балалар,жаңа оқу жылының алғашқы танымдық оқу қызметінде біз не жайында айттық? -Білім күні жылдың қай мезгілінде болады екен? -Қызылорда қаласына қанша жыл болыпты? -Қызылорданың ескі атаулары қандай? -Біз қаламызға арнап не жасап бердік? -Жарайсыңдар балалар,осымен бүгінгі танымдық оқу қызметіміз аяқталды.Белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет. Шаршамай – талмай білім теңізіне
сүңгиік! |
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Туған елін,жерін сүюді;
Игеру керек: Қызылорда қаласы жайында мағлұматтарды;
Үйрену керек: Елін,жерін қорғауды,сыйлауды;
![]()
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген