Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Туған жерім, тұғырым - Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Барлыбаева Айша Есетбековна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


«Туған жерім, тұғырым - Қазақстан» атты 6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы


Мақсаты: Жас ұрпақтың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру.

Өту платформасы: «Дарын-онлайн»

Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, ән «Көк тудың желбірегені».


Барысы:


Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар, бүгінгі «Туған жерім, тұғырым - Қазақстан» атты 6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер!

Бұл байқаудың мақсаты, балалардың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру.


Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.


Байқаудың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Баймакашева Нурсулу Сайлаубековна-директордың орынбасары;

Шахабаева Айжан Аманкельдиевна-директордың орынбасары;

Исаев Бағдат Иманалиевич -директордың орынбасары;

Рапильбекова Гульшат Джумабаевна-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.

Есенов Шапагат Нургаинович

Мұсабекова Мәдина Даниярбекқызы

Ажибаева Айнура Усербаевна

Абдуанова Мадина Оразбекқызы

Құдайберген Жансая Сандыбекқызы

Жомартова Назерке Ардаққызы

Мәлік Айгүл Біржанқызы

Асилдин Әлия Ерланқызы


Туған жер, туған ел, Қазақстан туралы өлең шумақтарын дайындап, осы байқауға қатысқалы отырған балаларымыз да дайын екен.


1.Менің Қазақстаным
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!

Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады. Дайана Мақұлбек 6Г


2.Астана

Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!

Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?! Алина Хамзаева 6Г


3.Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Адель Есимова 6В


4.Туған жер

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

 

Алақаны анамның – топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым. Карина Хамзаева 6Г



5. Отан


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған! Акмарал Ильяс 6В


6. Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?


Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер. Мафтуна Назарова 6В


7.Қазақстан

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.


Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің! Эльзара Халилова 6В


8. Отаным

Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.


Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам. Тамерлан Алатаев 6В


9. Отаным менің – Қазақстан.

Отаным менің - Қазақстан ,

Ыстық қой сенің топырағын.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қазағым.


Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт - дәстүрін сақтаған. Ерсұлтан Серік 6Г


10. Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде тұрған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін. Зафар Алиев 6Г



«Челендж». Қатысушылардың бәрі бірігіп «Көк тудың желбірегені» әнін айтады.

Балалар көк тудың смуретін көтереді.

Қорытындылау. Қазылар алқасына сөз беру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12