Материалдар / «Туған жерім тұғырым» (атты әдеби-сазды кеші)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Туған жерім тұғырым» (атты әдеби-сазды кеші)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған жерім тұғырым» атты әдеби-сазды кеші Кештің мақсаты: Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Өткізілетін орны: мектептің акті залы Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі» ММ















Туған жерім тұғырым





















Дайындаған: Бесенова А.А.

Құттыбаева А.Ж







«Туған жерім тұғырым» атты әдеби-сазды кеші

Кештің мақсаты: Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі.

Шақырылған қонақтар: ақын Қажиев Абай Хамитұлы, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
І. Абай Хамитұлы туралы презентация . (көрермендерге презентация көрсетіледі)

1 жүргізуші: Қазақстанның халық ақыны, жазушысы Абай Хамитұлының шығармашылығына арналған «Туған жерім тұғырым» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!


Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Олай болса, Абай Хамитұлы бүгін бізде қонақта. Аға, сізді сахнаға шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен сахнаға шығады)
(слайд көрсетіледі)


Абай Хамитұлы 1957 жылы Қостанай облысының, Науырзым ауданы, Қайғы ауылында

дүниеге келген екен. Мереке орта мектебін ойдағыдай тәмамдап.

  • 1979 жылы Целиноград инженерлік – құрылыс институтын бітірген.

  • 2003 жылы Қарағанды жоғарғы милиция мектебін бітірген.


1 жүргізуші:
Отставкадағы полиция подполковнигі. Өлең жазуды мектеп қабырғасында бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.


Адылханова Альфия (9 сынып) «Балалығым – бал шағым» өлеңі.


Мектеп тілшісі: Еламан 10 сынып (тілші ақынмен амандасып, қасына жайғасады)
- Сәлеметсіз бе Абай ағай! Қош келіпсіз! Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Біздің мектепте «Жас ұлан. Жас қыран» газетін шығарамыз. Сол басылымда тілшімін. 10 сыныпта оқимын.(слайдтар көрсетіледі)
Мектеп тілшісі:

  1. Ақындық болуға сіз кімге еліктедіңіз?

  2. Неліктен милицияны мамандығын таңдыңыз?

  3. Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?

  4. Өмірдегі қызықты оқиғаларыңызды айтып беріңіз?

  5. Жаңа өлеңіңіз қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз?


Биркемелова Амина (9 сынып) «Шабыт» өлеңі.


1 жүргізуші: Отан отбасынан басталады демекші, Абай ағамыз біздің өңірге және бүкіл Қостанай облысында танымал ақын - жыршы ғана емес, ол – Жұмакүл тәтеміздің жан жолдасы, төрт қыздарының қадірлі әкесі, немерелерінің данасы.(слайдтар көрсетіледі)

ІІІ. Дүйсенбай Гүлназ «Ақынға арнау»
(Абай ағаға)
Қош келдің, қадірменді ұлы аға,
Еңбектерің танылды ғой баршаға!
Қарапайым қазағымның баласы,
Қамын баққан халқымның ұлы тұлға!
Толғауымды өзіңізге мен арнадым,
Көк аспанға қыран құстай самғадым.
Қасқақ сәтте шабытым оянса да,
Абай Хамитұлы ақын бола алмаймын.
Өмірге сендей ақын келе бермес,
Қазіргінің Мұқағали сіз боласыз,
Ғасыр өтсін, мың өтсін атың өшпес.
Солтүстік туған жерім - тамған қаным,
Аманатын қалдырған ұрпақ үшін,
Паш етеміз, қол соғамыз біздер бүгін.
Аманқарағай оқушылары біле жүрсін,
Орны ерекше Абай ағамыз біздер үшін.


1 жүргізуші: Қасымов Ерлан «Әулиекөл» өлеңін қабыл алыңыз. (хор)


Әулиекөл ақыны, жазушысы Абай Қажи шығармашылығына арналған кешіміз мәресіне де жетті.

Құрметті Абай Хамитұлы, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!