Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған күнге сыйлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Туған күнге сыйлық.

Мақсаты: Балаларды өз туған күндерін білгізу, үлкендерді, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әсемдікті, көре білу, тілдерін дамыту, қуанышқа бөлеу.

Әдіс- тәсіл: әңгімелеу, сұрақ- жауап, ән,би,қуыршақтың көйлегі, ойын.

Құрал: түсті қағаз, желім, қағаз,орамал.

Көрнекіліктер: слайд, шарлар.

Барысы: Әдемі әсемделген залға кіру, сәлемдесу. Шаттық шеңберін жасау.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнің қандай ерекшелігі бар?

-Қазір қай ай?

-Дұрыс. Балалар,сендер білесіңдер ме, әр адамның туылған күні, дүниеге келген күні бар екен.Сендер өз туған күндеріңді білесіңдер ме? Кәне, айтыңдаршы.

-Жарайсыңдар, балалар,барлығың өз туған күндеріңді біледі екенсіңдер.

Сәуір айында Нияз бен Аянаның туған күні екен.Екеуін құттықтап қояйық.

-Нияз, Аяна, туған күндерін құтты болсын! Жастарың ұзақ болып, бақытты болыңдар. Мектепте тек беске оқыңдар.

Арнұр:-Нияз, Аяна, туылған күндерің құтты болсын, сендерге ұзақ өмір, денсаулық тілейміз.

Аяжан: - Мен сендерге тақпақ айтып берейін.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Нияз бен Аянаның туған күнін

Жылда қарсы алайық.

Туған жерде күндей күліп,

Жайнаймыз да ойнаймыз.

Туған күнде бірге жүріп,

Ән саламыз, тойлаймыз.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Туған күн иесіне

Ұзақ өмір тілейміз.

-Рақмет, балалар, тағы кім құттықтағысы келеді.

Бақытжан:- Біз «Балдырған» әнін айтып береміз.

Нияз: -Рақмет, сендерге балалар, біз де өз өнерімізді көрсетіп, бір би билеп берсек . Би «Қуыршақ».

Туған күн иелері бейнеленген слайд көрсету.

Бой сергіту сәті.

-Рақмет, балалар, барлығың құттықтап, өз өнерлеріңді көрсеттіңдер, енді туылған күн иелеріне сыйлық жасап берейік.

Үш топқа бөлініп, үш түрлі сыйлық жасау.Жасап болған соң, не жасағандарын айтқызу.

Аяжан : -Біз Аянаға арнап моншақты түрлі-түсті дөңгелектерден жасадық.

Нияз:- Мен Аянаға қағаздан құс жасадым.

Владик:- Біз қуыршақтың көйлегін гүлдермен әсемдедік.

Аяна, Нияз:- Рақмет, балалар, сендердің сыйлықтарың бізге ұнады.Өте әдемі болып шықты.

-Иә, жасағандарың өте әдемі, әсем болды.Енді «Шар жинау» ойынын ойнайық. Ойынды ойнау(2 топқа бөлініп тұру. Бір топ шарларды Аянаға апарып береді, екінші топ Ниязға апарып береді).Нияз бен Аяна шарларды балаларға таратып береді.

Қорытынды:- Бүгін біз оқу іс- әрекетінде не істедік? Кімдерді құттықтадық? Қандай сыйлық жасадық? Қандай ойын ойнадық? (Балаларды мадақтау). Нияз бен Аяна балаларды дастарханға шақырады.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі