жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Туған күнің құтты болсын!"
Тақырыбы: «Туған күнің құтты болсын!»
Мақсаты: Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту.Сөздік қорын молайту.Балаларды адамгершілікке,мейрімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Бейне тақтасы, тәтті нан, свече, шарлар, жапсыруға керекті құралдар, қағаздар.
Әдіс-тәсіл: Көрсету,түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Ойын-сауықтың барысы:
Күндей жадырып,
Айдай арайлап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, ризамын! Қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: -Балалар экранға қарап шағын бейнетаспа көрейік
-Балалар жарайсыңдар сендер бейне таспадан не көрдіңдер?
-Әннің сөзі қандай тамаша.Бұл бейне таспа туған күн туралы екен.
Туған күн-ол адамның дүниеге келген күні.Олай болса,балалар бізде бүгін тобымыздағы әсем де, әдемі қызымыз Аиданың туған күні.Ол бүгін ерекше құлыпырып, әдемі болып тұр.Байқадыңдар ма,балалар?
Көйлегі қандай әдемі!
Көркем сөз:
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің
Жасыңа жас қосылып өсе берші,
Өмір саған әрқашан төксін нұрын.
Балалар туған күн жылына бір рет келеді.Туған күн болатын адамның көңіл күйі көтеріңкі болады, оларға жақсы тілектер айтылады, сыйлықтар беріледі.Балалар біз де Аиданы туған күнімен құттықтап, оған арнап тақпақ, өлең, би билеп,ерекше атап өтейік.
Тәрбиеші: Қане, кім тақпақ айтады?
-
Медина
Армысыздар халайық,
Бармысыздар достарым,
Аиданың туған күнін
Жылда той қылып тойлайық.
-
Ақмаржан
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Туған күн иесіне,
Ұзақ өмір тілейміз.
-
Аягөз
Туған жерде күндей күліп
Жайнаймыз да ойнаймыз
Туған күнде бірге жүріп
Ән саламыз тойлаймыз
-
Сүлейман
Кел балалар ойнайық
Туған күнді тойлайық
Бәріміздің бара-бар
Бойымыз бен ойымыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар туған күнді жалғастырайық.
Хор: «Балдырған» әні Аиданың құрметіне арналады.
Би: «Хапана»
Ойын: «Мені қайтала»
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру.Жылдамдыққа,ептілікке
тәрбиелеу.Тәрбиешінің іс-әрекетін қайталау үйрету.
Тәрбиеші: Ал енді балалар туған күн иесі Аидаға арнап сыйлық жасап
берейік.
Жапсыру
Тақырыбы: «Көңілді көңіл күй»
Мақсаты: Балаларды қуанышқа бөлеу. Мейірімді болуға тәрбиелеу.Қол-
саусақ қимылдарын жетілдіру.Ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекіліктер: Дайын қиылған үлестірмелі материалдар
(көңілді күлкі,әр түрлі қуыршақтар,қағаздар).
Үлестірмелі материалды тарату, оларды қағаз бетіне жапсырту.
-Жарайсыңдар балалар, өте ұқыпты жұмыс жасадыңдар.
-Енді,балалар жасаған сыйлықтарыңды Аидаға туған күніне тілек айта отырып, бере қойыңдар.
-Медина: Аида туған күніңмен!
-Рүстем:Денсаулығың мықты болсын!
-Асылай: Аспаның ашық болсын!
-Аягөз:Жасың ұзақ болсын!
-Сүлейман: Әдемі қыз болып өс!
-Сүлейманбек:Ақылды қыз бол!
-Ақмаржан: Бар жақсылықты тілеймін!
-Мұхаммеджан: Тәртіпті қыз бол!
-Жарайсыңдар балалар, қандай әдемі сыйлық, Аида достарың берген сыйлық ұнады ма?
-Аида: ұнады.
Қорытынды:
Бүгін біз «Туған күніңмен балақай!» атты мерекелік кешті өткіздік. Әр баланың туған күн кешін атап өтеміз.Кешіміз өте көңілді өтті.Аидаға әр түрлі тілектер айттық.Аида –еліміздің көрікті қызы болсын.
Ал,енді Аидаға туған күн иесіне арналған тәтті нанымызды ортаға әкелейік. (Аида свечені үрлейді) Балалар туған күніңмен деп айтып қол шапалақтайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген