Материалдар / «Туған өлке ақындарының шығармалары.» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Туған өлке ақындарының шығармалары.» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған өлке ақындарының шығармалары.» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы») тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
183
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СМЖ.08.ҮК.03/1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

«БАТЫСҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС







КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТЕМІН:

Бөлім меңгерушісі БТОТЖЖ орынбасары

__________ Д. З. Утеулиева __________Н.А.Темиралиева

«___»«__________» 2024 ж. «___» «__________» 2024 ж.










МӘДЕНИ-КӨШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ

Тақырыбы: «Туған өлке ақындарының шығармалары»

(«Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)















Құрастырған: топ жетекшісі: А. А. Тлебалиев













Орал қаласы, 2024 ж.

Мақсаты: Туған өлкенің табиғаты мен тарихы сипатталатың поэтикалық және прозалық шығармаларды оқып білу.

Тәрбиелік : Туған өлкенің ақындар мен жазушылары туралы мағлуматты кенейту.Берілген өлеңдер арқылы оқушыларға жазушылардың патриоттық сезімдерін көрсету,дәлелдеу.

Дамытушылық: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Барлық оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқи алады,ақындардың өлеңдерінің тақырыптарын түсінеді,қысқаша өмірбаяндарын айтып бере алады.Көбі өлеңдерге сипаттама бере алады.Тақырыптарын түсінеді,ойларын жеткізе алады.Берілген сұрақтарға толық жауап бере алады. Кейбіреулері берілген жазушылардың өміріндегі қиыншылықтарын анықтап,берілген сөздердің барлықтарына анықтама бере алады.Өлеңдерде жазды сипаттайтын шумақтарды таба алады,суреттерді құрастырады.


Өткізу әдісі: Ашық тәрбие сағаты

Өтетін орны: 318 ауд

Өтетін уақыты: 13/01/2024 сағат 15:00_

Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақта,

Өту барысы: келесі бетте



































1 Үйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарына төрт мақал беріледі, олар жалғасын тауып дұрыс мәнерлеп айтуға тырысады айтады:

Мысалы: Туған жердей жер болмас(Туған елдей ел болмас)

Туған жерім (алтың бесігім)

Туған жердің ауасы да шипа(Туған жердің жусаны да тәтті)

Ел қадірін көргенбіледі(жер қадірін жүрген біледі)

Төрт мақалдың жалғасында командаларымен бөлінетін сөзі бар.1-2 мақалда Семей.3-4 мақалда: Аяғөз Осылай екі топқа бөлініп отырамыз.

Оқушылардың назардарына әртүрлі бейне суреттер беріледі:(Қара ауыл, таудың арасындағы құс бен құсбегі , Аягөздің табиғаты, Семейдің көрінісі.)

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы кім туралы болады,қалай ойлайсыздар?(оқушылар өз ойларын айтады) жақсы балалар.Бүгін біз Шығыстың биік шоқтарына назар аударып сол тұлғалар туралы әңгімелесеміз.

Мына портреттерді қарап өтейік:

(Абай, Шәкәрім,Дулат Бабатайұлы Мухтар,Қайым Мухамедханов)

Тапсырманың алдынан әр топқа кесте беріледі өз бағаларын жазуға.

1 тапсырма:Қай жазушыны қай суретпен сәйкестіруге болады.(Қай топ жылдам әрі тез орындайды солар 1 ұпай өздерінің қоржындарына салатын болады.

2 тапсырма: кесте толтырамыз.Берілген ақындар туралы не айталамыз? Осы кестеге енгізейік.

Білемін

Білгім келеді

Енді білдім(сабақтың соңында толтырамыз)


Абай



















3 тапсырма. ( топпен жұмыс) Абай мен Дулат Бабатайұлының өлендерін мәнерлеп оқуға кірісеміз.

Біріншіден Абайдын «Жаз» өленің оқып көз алдымызға не елестеттік сол туралы әңгімелесейік.(үзіндісін оқу) Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап


Еңді Дулат Бабатайулының «Ақжайлау мен Сандықтас » (Ақжайлау мен Сандықтас Атамның қонған қонысы Түн асса, тұтам түгі өскен, Басылмайтын қонысы. Аққан бұлақ сай-салаң, Шытырман тоғай айналаң, Жоның жайлау кең алаң, Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар, Бауырыңда өскен бай-балаң? Көл қорығын қызғыштай Сен десе салам бай-балам. Жайлауыңды көргенде, Жадыраймын, жайланам. Өксігіңді ойласам, Ұйқы беріп қайғы алам... Ой, Сандық тас,

Сандық тас...)

келесі тапсырма оқып шыққаннан кейін: Пазл суреттерді жинау.

(бір оқушы мәнерлеп буындап оқиды ,қалғандары пазл сол өлең жолдарына құрастырады)Дұрыс оқып және суреттерін қатесіз құрған топ

2 ұпай алады

Қалай ойлайсыздар, неге осы ақын жазушыларды бірге алдық? (оқушылардың жауаптарын тындау) Мухтар Әуезов абайтанушы, жазушы болса, Шәкәрім Абайдың ұрпағының бір жалғасы. Шәкәрім өмірінде көп қыйыншылық көрген дегенмен қажымай ұстамы мықты, болашаққа сенетін тұлға болған . Бұл кісіні Сталиндіқ репрессияның құрбаны , тек уақыт өткенен кейін ақталған. Танымал шығармасы бар «Ұмытылған»

Қайым Мұхамедханов кім екен неге осы ақындармен бірге қарастырып отырғанымызды білу үшін келесі тапсырма:

4 тапсырма:Оқушылар өздері сол кісі туралы оқып постер жасауға кіріседі

(5 мин. Нақты ,ұқыпты жазуға топ 3 ұпайға ие болады)

5 тапсырма: Глоссариймен жұмыс: шығым, шырайлы жерім, таланттар шоғыры деген сөздерге түсінік іздеп тауып жазамыз.Оны әр топ қабырғаға ілінген қағазға жазады,жұмыс аяқталған соң,бір- бірін тексереді (уақыт 5 мин 3 ұпай)

Сабақтың басында жазған кестені толықтырайық үшінші бағанасын содан кейін оқып шығайық.Кестені толтырып аяқтаймыз.

6 тапсырма:Венн диаграмманы толтыру.Осы ақындардын ұйқастығы және айырмашылығы.(5 мин бір-бірін тексеру 3 ұпай) Ұйқастығы: бір Шығыстың тумалары барлықтары ақын,жазушылар.Өз өлкесіне ,туған жеріне сүйіспешілікпен қараған жазушылар).Айырмашылығы:Өмірге келген жылдары

Қорытындысы:


Ұнады

Ұнамады

Түсініксіз болды

1




2




Бағалау: Алған ұпайларымызды санайық.(кесте бойынша) (2 мин)

Үй тапсырмасы: презентация жасау Қайым Мұхамедханов Шығыстың жарқын жұлдызы.





















«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС

ХАТТАМА

5 13.01. 2024 ж.

Тәрбие сағатының отырысы


Төрағасы:Тлебалиев А. А.

Хатшысы: Шайдукова Ф.

Қатысқандар саны: 24 студент

Топ: СД – 25А


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Сәлем, жаңа оқу жылы! Еңбегі адал жас өрен» тақырыбындағы сынып сағатын талқылау.



Күн тәртібінде:

1.Тыңдалды:

Топ кураторы: Тлебалиев А. А.

Студенттермен амандасып, жалпы колледждің ішкі тәртібі жайлы айтты. Білімге құштар болу, еңбекқорлықтың студенттер үшін маңызы туралы сөз қозғады.

2.Сөз сөйлегендер:

Мейіргер ісі бөлімі меңгерушісі Утеулиева Д. З.:

Студенттерді білімге шақырды. Өз отанының патриоты қандай қасиеттерге ие болуы керектігі жайлы сөз қозғады. Мейіргер ісі бөлімі студенттерінің жетістіктері туралы айта отырып, студенттерді тәртіпке, белсенділікке шақырды.

Студенттерге мейіргер ісі бөлімі жайлы және жалпы колледждің ішкі ережелері жөнінде ақпарат берді. Студенттерді жалпы мамандықпен таныстырды. Студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында колледжіміз студенттерінің жетістіктері туралы сөз қозғады.


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Сынып сағаты мақсатына жетті, өте жақсы деп бағалансын, топтық тәрбие сағаттары жалғасын тапсын.



Төраға_________ Тлебалиев А. А.

Хатшы_______ Шайдукова Ф.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!