Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған өлке туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлке туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітілді»

«Қалалық жас туристер

стансасы» МКҚК директор м.а.

________Г.Жолдаспаева

«_____»________ 2026 ж.


Ақтөбе қаласының «Білім Қазына» КММ

«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК















Ақтөбе 2026 жыл, 16 ақпан

«Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауының

СЦЕНАРИЙІ

ЗЕЙІН СИГНАЛЫ

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Адал адамзат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдыстырылған «Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауына қош келдіңіздер!

Гимн.

Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін,

Даусымды көптен бері баптап едім.

Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой,

Төбесі көрінгенде Ақтөбенің – деп, ақын Айтқали Нәріков жырлаған сұлу да сымбатты, киелі мекен Ақтөбем- Асан Қайғы бабам «Жерұйық» деп кеткен, атышулы Әбілқайыр ханның, Әйтеке бидің, ұлы батыр Қобыландының, Алтай мен Арал, Бөкенбай мен Есет Көкіұлы, Асау мен Барақ сынды жаудан ел қорғаған жаужүрек жандардың, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Саршолақ, Ақтан сияқты дана тұлғалардың, ұлы ақын – жазушылар мен Қазанғап бастаған күйші – сазгерлердің, «Ақ тарының атасы» Шығанақ Берсиевтің, қазаққа біткен ержүрек жұлдыз, мерген қыз Әлияның, әйгілі лингвист, түркітанушы Құдайберген Жұбанов пен академик Сақтаған Бәйішев секілді танымалдығы республикамен шектелмей, әлемге танылған тұлғалардың өмірге есік ашқан атамекендері.


Ортада «Еңлік» үлгілі би ансамблінің бишісі Какимова Айлананы «Еңлік гүлі» биімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші:

«Адал адамзат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының «Білім Қазына» КММ және «Қалалық жас туристер стансасы» ұйымдыстырылуымен өткізіліп отырған «Туған өлкеге саяхат» атты қалалық байқау өз мәресіне келіп жетті!

Туған жердің тарихын танып білу, өлкеміздің тұлғаларын дәріптеу мақсатында оқушылардың ой – өрісін дамытуға арналған байқауға қала мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінен _____ оқушы қатысып, «Туған өлке–тұнған тарих», «Ой таным-QUIZIZZ», «Туған өлке соқпақтарымен» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Жүргізуші:

«Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауының жіңімпаздарын марапаттау үшін байқаудың әділ төрелік еткен әділ- қазы мүшелеріне сөз кезегі


1.Облыстық тарихи-өлкетану музейінің -Табиғат және экология ғылыми-зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Молдагулова Гаухар Сагымовна.

2.Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы «Археология және қала құрылысы есткерткіштерін қорғау» бөлімінің меңгерушісі Қаражан Гулдинер Арманқызы


3.Қалалық жас туристер стансасының директор м.а Жолдаспаева ГульнурТемиргалиевнаға


4.Қалалық жас туристер стансасының бөлім меңгерушісі Мамбетниязова Жемисгуль Карагуловнаға беріледі.


Жүргізуші:

Алда әлі талай асулары бар, жас өрендер, білім мен ғылым көгінде самғай беріңіздер! Жеңістеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Барлық қатысушыларды естелік фотосуретке тусу үшін ортаға шақырамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12