Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған өлкем мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу қызметі


Тобы: «Балапан» ІІ кіші тобы.

Күні: 16.04.2019 ж

Тәрбиеші: Шадманова Ж.Б

Білім беру саласы: Вариативтік бөлім.

Бөлімі: «Менің елім, менің жерім»

Тақырыбы: «Туған өлкем - мақтанышым»

Мақсаты:

  • Балаларға Орал қаласы туралы толық мағлұмат бере отырып қайта айтып беруге үйрету.

  • Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  • Туған жерлерін сүюге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Туған жер туралы мақалдар жаттау.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қиынды суреттер, қаланың кейбір орталықтарының, ғимараттарының фотосуреттері.

Сөздік жұмыс: Қала - город- town , ауыл - село- vilage


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі






Жылулық шеңбері

Арайланып таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң достарым

Жаңа күнді бастадым!

Ғажайып сәт: (Есік қағылады, топқа пошташы апай келеді.)

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге алыстағы Дымбілместен хат әкелдім.

Тәрбиеші:

-Рахмет, пошташы апай! Мен балаларға хатты оқып берейін.

(Хат оқылады).

"- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Маған сендердің көмектерің керек. Біздің қалада көрме өтеді, сол үшін ең әдемі қалалардың суреттері керек."

- Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе?

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қимылмен қайталап, көрсетеді.

Пошташы апаймен амандасып, хатты көреді.





Мұқият тыңдайды.








- Иә, көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі


Топтың ішінде Орал қаласы балаларға таныс жерлерінің суреттері ілініп тұрады.

- Ендеше балалар, мына суреттер сіздерге таныс па?

-Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?

- Дұрыс балалар, біздің туған жеріміз Орал деп аталады. Біздің туған өлкемізде қандай әдемі, көрікті жерлер бар екен?

- Бұл не, балалар?

- Дұрыс, балабақшамыз қаламыздағы әдемі ғимараттардың бірі екен.

- Мынау ненің суреті?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ал мына суретте не бейнеленген?

- Балалар бұл суретте бейнеленген әдемі ғимараттарымыз.

-Бұл ненің суреті?

- Бұл "Жастар саябағы". Бұл жерде демалуға, түрлі спорттық ойындарды ойнауға болады.

- Ал мынау қалалық әкімшілік үйі. Онда біздің қаламыздағы басшылар қызмет атқарады.

- Балалар, әкімшілік үйінің алдында кімнің ескерткіші тұр, білесіздер ме?

- Бұл Абай атамыздың ескерткіші екен.

Қазақтың бас ақыны Абай атамызды ешқашан ұмытпаңыздар.

- Мінекей, балалар, біздер өз қаламыздың көрікті жерлерімен таныс болдық. Қазір мен сіздерге Өтебай Тұрманжанов ағамыздың "Туған өлке" деген өлеңін оқып берейін.

Туған өлке

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

- Балалар, сіздерге өлең ұнады ма?

-Ендеше орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Сергіту сәті

Қандай әсем қала,

Қандай кең дала

Туған өлкем менің,

Сенсің Оралым!

"Бөлшектерді құрастыр" дидактикалық ойыны

Мақсаты: Балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Балалардың назарын суреттерге ауады.

- Иә


- Орал

Балалардың жауабы.





-Біздің балалбақшамыз



Балалар тәрбиешінің көмегіне сүйене отырып жауап береді.


















Балалар шығарманы тыңдайды.


Балалар өлеңнің ұнағанын айтады.


Балалар орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.



Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Ұйымдастырылған оқу қызметін бағалау кезеңі.

- Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде не істедік?


-Біздің туған жеріміз қалай аталады?

Балаларды мадақтау. Өлеңді жаттау.

Балалар тәрбиешінің көмегіне сүйене отырып жауап береді.

- Орал қаласы.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: Туған жеріміздің Орал деп аталатынын білді.


Қандай түсініктерді игерді: Туған жеріміздің көрікті жерлерімен танысып, олардың қалай аталатынын түсінді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Туған жерге сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2019
937
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12