жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған өлкенің флорасы мен фаунасы 7 cынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.4 Биосфера |
Мектеп: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5мектеп-лицей |
|||||||||||||||||||
|
Күні: 31.01.2020ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Баймурзина Гулден Кадирбаевна |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Туған өлкенің флорасы мен фаунасы |
|||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.3.4.1 өлкеміздің өсімдік,жануарларын атайды |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушы: Оқушылар өлкенің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін білу; Оқушылардың басым бөлігі– Туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау Кейбір оқушылар-тәжірибе жүргізу арқылы өңірдің Қызыл кітабына кірген өсімдік-жануарларын анықтау .Іздену барысында ойлау дағдыларын қалыптастыру |
|||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Өлке аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін оқып-біледі. Кітапхана қорларынан ақпарат көздерін жинап, мәліметтерді қолданып жаңа сөздермен жұмыс жасайды Түрлі-түсті қағазды пайдаланып ,өлкемізде кең тараған өсімдіктерді сипаттайды. Пластилинді модельдеу арқылы жануарлар мүсінін жасайды. |
|||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар:
|
Топтық талқылауда бір-бірімен пікір алмасады, ойларын ортаға салады, салыстырып, дәлелдейді және диалогқа түседі. Түйінді ой мен негізгі терминдерді айта алады Пән бойынша сөздер мен терминдер: Өсімдік-растение- plant Жануар—животние- animals Қызыл кітап- красные книги- red books |
|||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу
|
Жерімізді қорғау және табиғатқа құрметпен қарау, патриоттық сезімге тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Биология- тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері. Физика- табиғат құбылыстары, қозғалыс. |
|||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Биосфера-тіршілігі бар кеңістік екенін біледі. |
|||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 мин |
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның ұялу, жасқану, қорқыныш сезімдерін топ алдында ғана емес, күнделікті өмірде де арылуына көмектесу. Мазмұны: Тренингке қатысушылардың әрбіреуі белгілі бір аңның, жануардың, құстың қасиетін дауыстап айтпай-ақ қозғалыстары арқылы бейнелеу керек. |
|
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 7 мин 5 мин 15 мин 2мин 5мин 2мин |
Өткен сабақты еске түсір «Аквариум» ойыны Үй тапсырмасы есебінде әркім өз тобында талдап келеді.Бұл әдіс тыныштық орнату,кезекпен сөйлесуге тиімді.Сол топ ортаға отырып,оқып келген мәліметтерімен бөліседі,қалған топтар сыртында тұрып тыңдай отырып,сұрақ қоя алады.Осылай алма-кезек жалғастырады. Мадақтау әдісі арқылы бағалау «Миға шабуыл» стратегиясы Мұғалім өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында талқылау сұрақтарын береді: 1.Жердің кешенді қабығы?Биосфера 2. Биосфера неден?Тіршіліктің даму қабығы.Яғни ұсақ ағзалардан бастап,адмзатқа дейінгі тіршілікті зерттейді. Мұғалім осы сұрақтардың жауабы есебінде мәтінмен қысқаша таныстырады "Отшашу" әдісімен бағалау Бейнематериал көрсетіліп жаңа тақырып туралы түсінік қалыптасады. Балалар,биосфера қабатындағы тіршілік түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты 2 топқа бөлінеміз: Топқа бөлу: флора,фауна,шалқар суы. Тапсырма №1 «Экперимент » әдісі
1-топ. Түрлі-түсті қағаз арқылы өсімдік көрінісін сипаттау Эксперимент мақсаты: Ойлау,түсіну,қабылдау процестері арқылы,әсемділікке баса назар аудару Процесс: Түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып,өлкемізде кең тараған өсімдік түрлерін жасау «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
"Отшашу" әдісімен
бағалау 2-топ. «Модельдеу» әдісі Оқушылар пластилин көмегі арқылы өлкемізде кездесетін жануарлар макетін жасау. 3-топ. "Үш шапалақ" әдісімен бағалау
«Жарнамалау әдісі» (3 топ өздерінің топтарымен өнімдеріне жарнама жасау) Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 1-топ . «Флора » тобы Өсімдіктер дүниесі. Шалқар ауданы өте құрғақ ыстық агроклиматты шөлейтті аймақта орналасқан. Өсімдіктер жамылғысы эфемерлі және ксерофитті экологиялық типтерден құралған. Өсімдіктерді зерттеген ботаник ғалымдар: Эверсман (1822ж), Борщов (1860ж), Дубянский (1911ж), Спиридонов (1922ж), Самсель, Киселев, Осипов, Колков (1934ж) және 1933 жылы құрылған Шалқар тәжірибе стансасының қызметкерлерінің биологиялық және мал азықтық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде 43 тұқымдастыққа жататын 300 түрге жуық өсімдік анықталды. Өлке табиғаты шөл-шөлейтті зонада орналасуына байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шөлге бейім келеді.Аудан табиғаты шөл-шөлейтті зонада орналасуына байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шөлге бейім келеді. Солтүстігінде Мұғалжар тауынан бастап оңтүстікке қарай әртүрлі топырақ таралған. Түрлері құнарлы қаратопырақ, қызғылт, ақшыл сары, сазды болып келеді. Ауданымызда қарашірікті топырақтың құнарлығы 1,5%-2%-тен аспайды. Сол себепті бұл жерлер суармалы егістікке жатады. Жерімізде боз, шашақты боз, бетеге, жусан, ебелек, изен өседі. Тұзды топырақты ойраңдарда қара жусан, бүргін, көкпек, итсигек, теріскен, жантақ, ал өзен-көл жағаларында қамыс, ши, итмұрын өседі. Кей жерлерде топырақ бетіне тұз шығып, сорға айналған. Өлкемізде жарық сүйгеш өсімдік-бақбақ, ағаштардың ішінде жарық сүйгіш – қарағайда көптеп кездеседі. Шипалы өсімдіктер. Ерте кездің өзінде ата-бабамыз шөптердің емдік қасиетін білген. Өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер (Кесте 1) Кесте 1 - Шипалы өсімдіктер
Көлдің таза суы қаланың экологиялық ауа бассейнін тазалауда, аулада, көшелерге ағаш егіп, бау-бақша өнімдерін өсіруде үлкен маңызға ие. Шалқар ауданының үстінен Қытайға газ-мұнай айдайтын құбырлар, Бұхара-Орал газ құбыры өтіп жатыр
2- топ «Фауна» тобы Жануарлар әлемі. Ақбөкен, Қарақұйрық – өте жүйрік аңдар. Кеудесі, аяқтары сыйдиған жіңішке және мықты болады. Олар қорек, су іздеп алыс жерлерге барады. Таң сәріден су ішіп сусындап, ыстық түскенше жайылады. Ақбөкен – кәсіптік бағалы аң. Көп аулап, аяусыз қырудан саны азайып барады. Сондықтан олар қорғауға алынды Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкен, қарақұйрық, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан, тағы басқа тіршілік етеді. Құстардан Қазақстан Қызыл кітабына енген бүркіт, дуадақ, жарғақ, жануарлардан шұбар күзен, өсімдіктерден қау, сүттіген кездеседі Тасбақа, жылан, кесірткелер – бауырмен жорғалаушылар. Жылан бауырын жерге төсей жорғалап жүреді, аяқтары болмайды. Кесірткенің аяқтары қысқа. Жыландар бақамен, насекомдар тышқандармен қоректенеді. Кесіртке жәндіктермен, өмекшілермен құрттармен қоректенеді. Бауырмен жорғалаушылардың денесінің температурасы өздерін қоршаған ауаға байланысты өзгеріп отырады. Суық түсе бастағаннан, бұлардың қозғалысы баяулайды, қыста көрінбейді, топыраққа, ағаш арсына тығылып, ұйқыға кетеді. Көктемде қайта тіріледі. 2- топ «Фауна» тобы Кесте толтыру.
| |||||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген