2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Туған қалам - Алматы!"

"Туған қалам - Алматы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар үшін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ересектер « Күншуақ» тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметіСөйлеуді дамыту

Білім беру саласы: Қатынас.

Тақырыбы: «Туған қалам -Алматы »

Мақсаты: Балаларға Алматы қаласы туралы түсінік беру, тілдерін дамытып, ой өрісін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру , грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, берілген сұраққа жауап беруге үйрету, әсемдікке, сүйіспеншілікке, қамқорлық, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Алматы қаласының суреттері, кеспе әріптер, үлестірмелі суреттер, текше,кірпі, алма, ермексаз,

Сөздік жұмыс: Алматы қаласы, алма бағы ,Алатау, Медеу мұз айдыны.Көктөбе т.б.

Мотивациялық қозғаушы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Ашық , жарқын күніміз,

Болашақтың гүліміз

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар,

Қош келдіңіз, бәріңіз!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі .

  • Қыста қандай өзгерістер ,құбылыстар болады ?

  • Қыс туралы қандай тақпақтарды білесіңдер?

Тақпақтар:

Далада қар борайды, ( Мерей)

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны, ( Бақыт)

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса жаусын ақша қар.

Жұмбақтар:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды
. /Қыс/ ( Даяна)

Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады.
(қар)( Айзере)

Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады
. (аяз)( Ерсулта

Музыка ойналады. Ән тыңдау.

Көзімізді жұмып, мұқият көңіл бөліп әнді тыңдайық.

  • Ән не туралы айтылған?

  • Қай қаланы естеріңе түсірді?.

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

  • Балалар сендер қандай көшелерді білесіңдер? Қандай көрікті жерлерді көрдіңдер? Не көрдіңдер?

Тақпақ( С. Оспанов )

«Алматы қаласы».

Жап -жасыл ағашы,

Қып- қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар,

Алматы қаласы. (Батыр)











Ағаш- таза ауа,көлеңке. ( Айзада)

Алма Тау-демалыс,шынығу.

Алма-жеміс, дәрумен.

Алматы-үлкен, көркем ,әсем .





Сергіту сәті: «Кірпі»

Кірпі, кірпі, кірпісің,

Темір тікен түрпісің,

Сансыз сары найзасың,

Сонда өзің қайдасың.

Жауды көрсең жатасың,

Садағыңмен атасың

Темір тікен сар садақ,

Берген саған кім қадап?

Ребусты шеш:

,, ,,,

Shape1

Текшеден сөз құра. Неше дыбыс, неше әріп? Алматы, алма, қала, көше.т.б.

 Ойын: «Кім жылдам?» Сөз құрастыру.

Сөзден сөйлем құрау. Алматы, алма сөзіне сөйлем құрау.

Рефлексивті корригиялық. .

Бекіту. Кірпінің қонаққа келуі.

Ермексаздан апорт алманы мүсіндеу. Қандай пішіндерден жасаймыз? Дөңгелек, үшбұрыш, түсі қызыл.

’’ Алматының алмасы” өлеңді айтып қолдарына жасаған алманы ұстап, кірпіге жапсыру.

Қорытынды.

сұрақ – жауап.

Бүгін біз қай қаламен таныстық?

Алматы қаласы қандай екен ? Ол әсем, көрікті қала екен.

балалар еңбегін бағалап, мадақтау.



Тәрбиеші : Тлевжанова Г.С.

29 Маусым 2021
406
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі