400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Материал туралы қысқаша түсінік
туған жер туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласы

№34 ЖББОМ, 7 «Г» сынып оқушысы

Кригер Денис

Шығарма «Туған тілде әнім менен сәнім бар...»

Қазақстан менің – Отаным. Менің ғана Отаным емес, Қазақстан керемет ойшылдардың, дана адамдардың, философтардың, сазгерлердің, ақын мен жазушылардың мекен жайы. Бұл адамдардың еңбектері қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, санасына мәңгілікке енген.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ұлттық тіл – ол тек сөйлеу мен ойын білдіру емес, бұл тілдің тереңінде қазақ халқының жаны,тарихы,салт-дәстүрлерін көреміз. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың бүгінгісі,өткені, болашағы. Қазақ тілінде орындалған ән мен күйлер қандай керемет! Күйдің ырғағына қарай түрлі сезімдерге бөленуге болады. Бірде қазақ даласында шауып келе жатсаң, бірде мұңға да берілесің.Көз алдыңа табиғат оның құбылыстары елестейді.Күймен қоса жел де, жаңбыр да болса, кейде бір тыныштыққа да ұласады.

Осы сезімдерді қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра арқылы көріп, естіп сезіне аламын.

Бірақ, бәрінен қазақ тілінде мен үшін әнұран ерекше орындалады.

Білмеймін, осындай ерекше сезімге бөлеген әннің сөзі ме , халықтың жаны ма , тілеген тілектері ме?

Сонымен қоса қазақ халқы әнді де, өлеңді де жақсы орындайды. Ерекше әсер беретін қазақ халқының ертегілері мен бесік жыры.

Бесік жырында түрлі өлеңдер орындалады. Олар көбінесе төрт түлікке байланысты. Осы әуендер,ертегілер арқылы кішкентай балалар, елдің болашағы тәрбиеленіп өседі.Кішкентай кезінен бесік жырын естіген бала, менің ойымша ,ол әуенді, музыканы жақсы көретін бала болып өседі.Сөзге шешен, тауып, дәл айтатын болады.

Қазақ тілі қиын тіл. Тілдің сөздік қоры өте бай, мықты тіл. Тіл, сөз арқылы сезімді, іс-әрекетті, түстерді,көңіл-күйімізді айтуға, жеткізуге болады.

Әлемде болып жатқан барлық әрекеттер тіл арқылы орындалады, тілсіз мәдениет, ғылым, өнер салалары дамымас еді.

Әлемде, менің ойымша, құрметке бөленбеген тіл жоқ. Әр елдің тілі – керемет. Осы тіл арқылы адамдар бір –бірімен қарым-қатынасқа түседі.Тіл арқылы рухани баийды, әр халықтың салт-дәстүрлерімен танысады.Тіл – адамдарды бір-бірімен табыстырады, таныстырады. Бір-бірімен жұмыс істеуге, білімдерімен алмасуға, түсінісуге көмектеседі.

Менің ойымша, тіл – адамның басты байлығы.

Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады.Ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны – бәріміз үшін мақтаныш. Қай тілде сөйлемейік, ол маңызды емес.Біз біздің елде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерімен татулықта, сыйластықта өмір сүруіміз керек. Президентіміздің тарапынан жасалып жатқан іс-шаралары, ішкі-сыртқы келіссөздерінің түпкі мақсаты көп ұлтты мемлекетіміздің тұтастығын,ынтымақтастығын сақтау. Елімізде тату-тәтті өмір сүру үшін мерекелік ән шашулар, театрландырылған қойылымдар, кино түсірілімдер және де басқа көптеген іс-шаралар жиі өтеді. Көптеген басқа ұлт өкілдері елімізге толық сіңіп кетті, олар қазақ жұртының тілін, дінін, салт-дәстүрлерін үйреніп алған. Мереке кездеріңде, қазақтың ұлттық киімдерін киеді, домбырамен ән салады.

Қорыта келгенде , бастысы тіліміздің тазалығын, байлығын сақтау керек деп ойлаймын.

Сонда туған елімнің әні де, сәні де болады.Осы тілде түрлі әндер, өлеңдер, әуендер, күйлер шырқала берсін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі