Музыка сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер
«Туғанда
дүние есігін ашады
өлең» - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние
есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ
музыка әсер етеді. Балаларды музыканы сезінуге, оны түсінуге ,есту
және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып ,музыкалық ойындармен
ұшастыра балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту басты
мақсатымыз.
Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың
жеке басының жалпы дамуына
жәрдемдеседі.
Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай
білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық
мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға
қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және
қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті
бөлімдері.
Бағдарлама бойынша музыка сабағы әр түрлі
бөлімнен тұрады:
Ән бөлімінде балаларды ырғағына келтіре,
әдемі ән салуға тәрбиелеймін. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын,
тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беремін.Өнер
арқылы берілетін тәрбие жастарды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс
ұғынуға жетелеп, сезім байлығын
қалыптастырады.
Музыка – эстетика саласынан жастарға тұрақты білім беріп, өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласынан білім беріп, ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіріп, дүние әлемінің тынысын байқатып, аңғартып, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие береді.
Әр мұғалім өз пәнін оқушы жетік білгенін, оны түсінгенін қалайды, сабақты қалай да тиімді құрып, оқу мақсаттарына жетуді ойлайды. Қазіргі ақпарат, әлеуметтік желі қоршауындағы баланың назарын білім алуға ынталандыру мұғалім тарапынан шеберлікті талап етеді. Меніңше, бұл оңай шаруа емес. Мұғалім әр балаға өз пәнінің, оқу үрдісінің маңызды бөлшегі екенін сезіндіре білуі керек.
Сол себептен музыка сабағында оқушылардың музыка сауаттылығын ғана емес, эсттикалық талғамын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеймін.
«Музыка сауатын ашу арқылы балалардың эстетикалық талғамын дамыту» әдістемелік тақырыппен жұмыс жасаудамын. Жоғарыда көрсетілген мақсатты жүзеге асыруда 1-кезеңде музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау және таныстыру көзделсе, 2-ші кезекте - оқыту жəне тəрбиелеу нəтижелерін бағалаудың құралдарын қолдану;3-ші кезекте оқушылардың бойында музыкалық мәдениет пен шығармашылық қабілетін дамыту көзделді.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында «музыка» пәнінің мақсаты: білім алушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі.
Жаңа ақпараттық және телекомуникациялық технологиялардың, сонымен қатар, электрондық, аудио-видео құралдарын игерудің жалпы әсері негізінде білім беру. Белгілі педагог Д.Б. Кабалевский “Музыка мұғалімі бойындағы біліктіліктің ең маңыздысы – аспапты меңгеруінде”, – деп айтқан. Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.
Музыкалық эстетикалық тәрбиенің қалыптасып, дамуына халық композиторларының шығармашылығы ерекше орын алады.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. тараған күйлер мен әндер балғандарды тәрбиелеудің тапсырмас құралы болып отыр.Сонымен қатар халық музыкасы сәбидің ақыл –ойына, сезімеіне әсер етіп, эстетикалық тағылым береді,олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.Осының нәтижесінде бастауыш сыныптарда шағын ертегілерден үзінділер көрсетіп, «Мақтақызбен мысық», «Мақтаншақ құмырсқа», « Түлкімен ешкі», «Бір уыс мақта» өздерінің ой-өрісін дамытып қоймай , тілдерін жаттықтырады.
«Әнге әуес, күйге құмар
бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»
М.Әуезов.
Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып
айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға
кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты
ырымдар Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан
шығару т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген.
Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы
ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй
қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға,
эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.
Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ
балабақша есігін
ашады.
Ұлттық ойындар мен музыкалық шығармалар балалардың жас шамаларына қарай және педагогикалық талаптарға лайықталып бөлінеді.Мысалы:«Қуыршақты ұйықтатайық»,ойынын өткізу арқылы орыс әні «Колыбельная», әжербайжан әні «Спи ,малыш!,украин әні «Весенянка», «Гоп-скок, қазақтың халық әні « Бесік жыры» сазын қолдануға болады.Бұл әндер қай тілде шырқалса да одан ананың балаға деген махаббатын, ішкі жан дүние тебіренісін сезінеміз.Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін.«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма»- деп Абай атамыз айқандай сәбиді өсіретін де, дамытатын да, ойын. Осы мақсатта ұйымдастырылған сабақта әр ұлттық ойындарды көптен қолдануға тырысамын.Мысалы:украин халық ойыны: «Галя по садочку ходила» , татар халық ойыны « Элчи- Бэлчи», қазақ халқының ұлттық ойыны «Сылдрмақ», беларус халық ойыны «Волк и овечки» т.б ойындарды алуға болады. Осындай ойындар ойнаған балалар бой сергіп, ой сергітіп қана қоймай өзге қлт өкілдерінің ойындарынан хабардар болады.Өз тәжірибемде әсіресе, балаларға арналған халық әндеріне көп көңіл бөлемін.
Қазақ халқының халық
әндері «Ақ тайлақ», «Қамажай»,
«Бипыл», «Желбір жеткен» әндерін
тыңдатыпмузыкаға деген қызығушылықтары артып, тыңдау
қабілеті дамиды.Ән бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән
салуға тәрбиелеймін. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік
мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беремін.Балаларды хормен ән
айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп,
өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз,
жауапкершілікке, ұйымшылдыққа баулимын. Бірлесіп жұмыс істеу
дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте
сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге
тәрбиелеймін.
Ән айтып қана қоймай ,музыкалық аспаптарда
ойнау арқыла да музыканы сезінуге жетелейміз.Әр өткізілген сабақта
мцзыкалық жанрдың түр-түрін таңдап аламын.Осы орайда балаларға
арналған ұлттық музыкалық аспаптарды
;
сылдырмақ, ағаш қасық,
кішкентай бубендер, асатаяқтар, тұяқтар,
үшбұрыштардықолданып жеңіл әндерді аспаптарда ойнап,
ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнап үйренуге ұмтылдырамын.
Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін
үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білуге үйретемін. Балалармен
аспаптар туралы ойын технологиясын пайдалана отырып, көптеген
ойындар ойнаймыз.
Мысалы:
«Музыкалық аспаптарды ажырат»,
«Аспапатар үнін
тап?» «Сылдырмақ пен бубен» т.б
.
Балалардың ізденісін, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында музыкалық- дидактикалық ойындарды қолданамын.
Мысалы:
«Саусақ жүйесі» ойыны арқылы, нотаның бес сызықта жазылатынын түсіндіре отырып, ноталардың атын атап орындау;
«Әуенді тап!» орындалған шығарманың авторын немесе атауын атайды немесе жас ерекшеліктеріне сай төменгі, жоғарғы дыбыс екендігін анықтайды;
«Жалғастыр!» оқушы өз ойынан құрастырған музыкалық әуенді немесе музыкалық шығарманы, келесі оқушы жалғастыруы қажет;
«Дыбыстық картиналар»естіген дыбыстардан суреттер құрастыру;
«Жаңғырық» әдісі әннің мелодиясын немесе нота атауын бірінші топ айтса, екінші топ қайталайды;«Алдына ала шолу өткенге оралу әдісі» Аталған әдістің мәні ол жаңа тақырыптағы бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып қайталау.Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігібелгілі.
Осы Орайда оқушылар әртүрлі шығармашылық байқауларға қатысып,жүлделі орынға ие болды.
«Ұлы жеңіс- ұрпаққа аманат»атты байқауға қатысып 1 дәрежеге ие болды;
«Алтын күз»Республикалық конкурс «Аспапта ойнау» жанрында 2 орынға ие болды; «Ешкімде ұмытылмайды, ешнарсе ұмытылмақ емес»атты бейне ролигине қатысып 1 дәрежелі дипломға ие болдық; Республикалық байқауда« Талапты, талантты жастар» атты «Мен өнерлі баламын» атты байқауда 1 дәрежеге ие болдық; т,б конкурстарга қатысып өз жетістіктерімізді алға шыңдай берудеміз.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазіргі таңда оқушы – ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты болуымыз керек. Мысалы: Интерактивтік тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрініспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуге болады. Балаға музыка сабағында тек ғана ән айтумен шектелмей, музыка пәнінің талабына сай тақырыпқа байланысты, жаңа технологияларды, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, әр шығарманың шығу тарихы, орындалу ерекшелігімен таныстыру, шығармадан алған әсерлеріне шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізсе болар еді.,Жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу .Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгімінде болып табылады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруға болады.Мұғалім өзінің күнделікті жұмысында балаларды тәрбиелеуде педагогикалық, методикалық, дидактикалық негіздері қолданып, “ Менің міндетім жалаң ән музыка үйрету” деген ойдан аулақ болып жастарды адамгершілік негіздеріне бағыттап тәрбиелегені жөн.Қорыта келе, әр сабақта мұғалім түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолданса, баланың дүниетанымдық белсенділігін, өз бетімен шығармашылығын шыңдауға, өзгенің пікірін тыңдай алуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, білім білік дағдыларының дамуына әсер етеді. Сол арқылы ұжымда бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірін еркін айту, білімінің нақты, жауапгершілікті, шығармашылықта шыңдауына үйренеді.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» -

шағым қалдыра аласыз