Тыныс алу жаттығулары – әдемі сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі
Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.
Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті ҰОІӘ кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі.
-
Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады.
-
Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты - 5 мин.
-
Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.

-
«Қиярдың иісін ажырат»
Шарты: Қиярдың иісін иіскеу
арқылы қандай көкөніс екенін ажырат.

-
«Апельсиннің иісін ажырат»
Шарты: Апельсиннің иісін иіскеу арқылы қандай жеміс екенін ажырат.

-
«Жапырақтарды ұшыр»
Шарты: Мұрынмен терең дем алып, ауызбен дем шығару арқылы кішкентай жапырақтарды үрлеп ұшыру.

-
«Шарды үрлейміз»
Шарты: бала шарды алып, алдымен қатты, сонан соң жаймен үреді.

-
«Терезенің жапқыштарын үрлеп ұшыр»
Шарты: үйдің терезе жапқыштарын балалар жеке-жеке үрлеп ұшырады.

-
«Шәйді суыт»
Шарты: кеседегі шәйді балалар үрлеп суытады. Ондағы шәйдің ыстық екендігі айтып түсіндіріледі. Суытып болған соң оны ішіп, дәміне тамсанады.

-
«Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»
Шарты: Балалар мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.

-
«Айнаның бетін тазала»
Шарты: айнаны қолға алып, бала айнаның бетін үрлеп булайды. Сосын айна бетін орамалмен сүртіп, тазалайды.

-
«Қарды үрлеп ұшыр»
Шарты: балалар ақ қарларды жеке-жеке үрлеп ұшырады. «Қар жаймен жауып тұр» деген кезде жай ұшырады, ал «боран соғып тұр» деген кезде қаттырақ ұшырады. Мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен жай дем шығарады..

-
«Қолды үрлеп ысқылау арқылы жылыту»
Шарты: аязға тоңған қолдарымызды үрлеп, ысқылап қыздырамыз, жылытамыз. Жылдам-жылдам ысқылаймыз.

-
«Жалаушаларды ұшыру, көкке көтеру»
Шарты: түрлі-түсті кішкентай жалаушаларды балалар үрлеп ұшырады..

-
«Құстың қанатын қағуына көмектес»
Шарты: мына құстың қанаты жараланған, қанекей емдем жіберейік. Сендер үрлесеңдер ол қанатын жазып ұшып кетеді. Балалар құстың қанатына үрлейді. Сол мезетте құс ұшып кетеді, рахмет айтады.

-
«Шыршаның жаңғақтарын иіскеу»
Шарты: мынау шыршада өсетін жаңғақтар. Қанекей иісін иіскейік. Оның өзіндік иісі болады.

-
Тыныстайық тереңнен!
Жүгірдің де қарғыдың,
Жарадың да барлығың.
Шаршадыңдар дегенмен
Тыныстаңдар тереңнен.
Қане, «У-ф»-деп айталық
Демді ішке тартайық.
Енді «У-һ»- деп айтайық, Демді шығар қайтарып.
Босаңсытып денеңді,
Бей-жай күйге ен енді.
Басты көтер, тік ұста
Емін-емін тыныста
Қане, «У-ф»-деп айталық
Демді ішке тартайық
Енді «У-һ»- деп айтайық,
Демді шығар қайтарып.
15. «Сәбіздің жапырағын үрлейміз»
Шарты:терең дем алып, демді жәймен шығарып, жинаған жапырақтарды үрлеу.

-
«Лимонды» иіске
Шарты:терең дем алып, лимонның иісін иіскейміз.

-
«Көпіршікті үрле»
Шарты:көпіршік суды аузымызбен үрлеп, көпіршіктерді ұшырамыз.

18. «Зымыран»
Шарты: мұрынмен терең дем алып,екі жақтан қолымызды жоғары созамыз, алақандарымызды беттестіріп, қатты қысамыз, аяқтың ұшымен тұрып жоғарыға созыламыз, тыныс шығармаймыз. «А»дыбысын айтып, терең дем аламыз,қолдарымызды төмен түсіреміз.

19. «Поезд»
Шарты: көмейден дыбыс шығару: Пууууп-чик-чик-чик дыбысын шығарып, шеңберде жүріп орындаймыз.

20. «Барабан»
Шарты:тіл ұшын тістеп жәй «д»дыбысын айту,содан екпінін тездете айту
« д-д-д».

21. «Жылан»
Шарты:мұрынмен терең дем алу,алақандарды беттестіріп,кейде тұсында ирелеңдету арқылы с-с-с дыбысын шығару.

22. «Гүлдің жұпар иісін иіскеу»
Шарты: гүлді иіскеу арқылы мұрынмен терең тыныс алу. Хош иісін ұзақ иіскеп тұрып тамсану.

23. «Ханқызы жәндігін үрлеп ұшырайық»
Шарты: ханқызын балалар үрлеп ұшырады.

24. «Көбелектерді үрлеп ұшыр»
Шарты: Түрлі-түсті көбелектерді үрлеп ұшыру. Ұртқа ауаны толтырмай үрлеу.

25. «Бұлтты көшір»
Шарты: аспанда қалқып ұшқан бұлттарды балалар үрлеп ұшырады.

26. «Пияздың иісін ажырат»
Шарты: туралған ащы пияздың иісін балалар иіскеу арқылы ажыратады.

27. «Допты қақпаға қада»
Шарты: Кішкентай допты үрлеп ұшырып сақтықпен торға туралап қадау.

28. «Стакандағы дауыл»
Шарты:Су құйылған стаканға коктейль ішуге арналған түтікшені салып бір жағын тілдің ортасына салып, түтікше арқылы стакандағы суды үрлеу.Ұртымызды ауаға толтырмаймыз,ернімізді қозғалтпаймыз.

29. «Сиқыр»
Шарты:ауызды ашып,еріндерін жымиту.Тілімізді ауыздан шығармаймыз.Тіл бүйірлері мен ұшын жоғары көтеріп, мұрын ұшындағы мақтаны(қауырсын) үрлеу.

30. «Мақтаны ұшырайық»
Шарты: ақ ұлпа жұмсақ мақталарды терең дем алу арқылы балалар үрлеп ұшырады .

Тыныс алу жаттығулары

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз