Материалдар / "Тыныс алу мүшелерінің аурулары" 7 сынып БИОЛОГИЯ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тыныс алу мүшелерінің аурулары" 7 сынып БИОЛОГИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыныс алу мүшелерінің ауруларының атауы мен алдын -алу жолдарын өмірмен байланыстыра отырып, рольдік ойын арқылы денсаулықтың маңызын көрсете білді,өз ойымен бөлісті.Кейбір оқушылар-сабақты өте жақсы меңгерген, сөздік қоры мол, барлық тапсырмаларды өмір мен байланыстыра отырып, тыныс алу мүшелерінің маңыздылығына баға береді. «FILA» кестесіндегі оқу сұрақтарын дұрыс құрастырды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2019
1711
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1.4.6 Мектеп: Малыбай орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты –жөні: Хусаинджанова З

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары.Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен олардың алдын –алу жолдарын танып білу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( Оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.4.6 Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен олардың алдын –алу жолдарын түсіндіру

1.Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атау.

2.Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен олардың алдын –алу жолдарын (өкпе обыры,астма,бронхит, туберкулез, тұмау) түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

1. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын біледі

2. Тыныс алу мүшелері гигиенасы ережелерін сақтау керектігін талдап, түсіндіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

1.Тыныс алу мүшелерінің маңыздылыңына баға береді

2. Темекі шегуге қарсы мемлекет қандай шаралар қолданатынын талдайды, ол үшін әр түрлі ақпарат көздерін пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

Мәліметтерді жан –жақты жинай отырып, өмірмен байланыстыра отырып сенімді нақты жауап береді. Тыныс алу мүшелерінің маңыздылығына баға береді. «FILA» кестесіндегі оқу сұрақтарын дұрыс құрастырады

Ойлау дағдының деңгейі

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

-Тыныс алу мүшелерінің ауруларын біледі,атайды.

- Статистика бойынша, қайсысы ең қауіпті болып табылатынын ажыратады , салыстыра алады

- Өкпе обырын тудыратын себептерді анықтап,талдау жасайды,өз ойларын нақты дәлелдермен қорытындылай алады

-Тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау ережесін біледі

-Тыныс алу мүшелерінің ауруларының алдын алу жолдарын біледі

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Мақала және диалог түріндегі тыныс алу мүшелерінің аурулары және аурулардың алдын алу жайлы қысқаша мақала жазу

Пәнге қатысты лексика және терминалогия:

өкпе обыры,астма,бронхит, туберкулез, тұмау,темекі, демікпе, никотин, баспа,ауа-тамыр аурулары, өкпе қабынуы

тыныс алу гигиенасы, аурулардың алдын алу,вирус, шаң-тозаң, бактерия,паразиттер, аллергия тудырушылар

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер/

Бронхит, астма,тұмау, туберкулез ауруларының алдын-алу шаралары:

• спортпен айналысу керек;

жылына бір рет профилактикалық медициналық қараудан өту керек.

Құндылықтарғы баулу

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру

Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият

-Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты денсаулықты сақтау ең маңызды шарт;

-денсаулық, достық және айналдағыларға қамқорлық көрсету;

Пән аралық байланыс

Медицина, денешынықтыру,жаратылыстану пәндері

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны,ноутбукты пайдалана отырып керекті мәліметтерді алады,бейнебаян көреді

Алдыңғы білім:

аАдамның тыныс алу мүшелерінің құрылысы, маңыздылығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

2мин



6 мин




1мин


Сабақ басында

Ұйымдастыру (амандасу,оқушыларды түгендеу)

«Жылы жүрек» тренингі (Ж.Ж) сыныпта жайлы атмосфера орнату мақсатында жүргізіледі. Бір-біріне қарама қарсы турады. Қарсы оқушының есімінің бірінші әріпінен басталатын жылы сөз айту керек

Үй тапсырмасын: «Допты лақтыру» әдісі

оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ қояды мақсаты: Бұл əдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

Жаңа тақырыпты ашу «Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы

сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек.Қалған оқушылар жауабын табады жауабы жаңа тақырыпты ашады









Доп




Қобдиша

сөздер жазылған қағаз қиындылары


Сабақтың ортасы

(25 минут)

15 мин































10 мин

















1мин


Жаңа сабақ

1.«FILA» «metodos» әдісі бойынша мәтін

«Фифидің жөтелінің құпиясы» барлық оқушыларға беріледі

«Фифидің жөтелінің құпиясы»

Фифиді бірнеше күннен бері жөтел мазалап жатыр. Фифидің біресе ыстығы көтеріліп, біресе түседі, көздері жасауратады,тамағы ауырып, тамақтың дәмін сезбейді. Фифи дәріханаға барып,жөтелге қарсы дәрілер алып қабылдайды, бірақ Фифидің жөтелі тоқтар емес, жөтелі барған сайын күшейіп бара жатыр. Фифи таңертең тісін жуғанда, ол қанды байқайды.Фифи шашын тарағанда, шашының түсе бастағанын көреді. Фифи дәрігерге барамын деп шешім қабылдайды. Дәрігер Фифины толық дәрігерлік қараудан өтуге ұсыныс береді. Фифи толық дәрігерлік қараудан және рентгенологиялық диагностикадан өтті.Фифи қандай ауруға шалдыққан?


F

I

L

A











Дескриптор

Мәтін берілді: «Фифидің жөтелінің құпиясы»

  1. Мәтінде Фифидің жөтелінің құпиясын аша біледі

  2. Мәтіндегі ауру белгілеріне сипаттама береді

  3. Ауру себептерін ауру себептерін анықтайды

  4. Аурудың алдын алу жолдарын талдайды


Оқушыларды бас бармақпен бағалаймын


2.Жұппен жұмыс

Тапсырмалары:

«Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын-алу жолдары”, Темекі шегудің зияндығы туралы»

«Интерактивті (коммуникативті)» әдіс оқу-рольдік ойын арқылы көрсет

Дескриптор

- Тыныс мүшелерінің аурулары және олардың алдын-алу жолдарына сипаттама береді;

-“Темекі шегудің зияндығы туралы» түсінеді, рөлдік ойындар көрсетіп,талдай алады;

Бағдаршаммен бағалау

Сергіту сәті: «Спорт біздің досымыз» : салауатты өмір салтын ұстануға баулу




Мәтін














«FILA» кестесі





























Бағдаршам

Сабақтың соңы

Сабақтың соңы

(10 минут)


4 мин











2 мин











3 мин










1мин

Сабақты қорытындылау мақсатында

«де Боно» әдісін қолдандым (3 мин)

Қандай денсаулық туралы дәйек сөздер білесің?

Осы сабақтан сен өзіңе қандай ақпарат ала алдың?

Адам денсаулығы қаншалықты маңызды?

Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар болды?

Саған не ұнамады?

Бүгінкі сабақтың жағымды жақтары

Жаңа идеялар

Кері байланыс: (2мин)

Оқушылар бүгінгі сабақта не сәтті өтті, нені жақсы меңгерді, түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз

«Блоб ағашына» өзіңізді таңдап белгілеңіз

Саралау: (3мин)

«Мәтін мен жұмыс» барлық оқушыларға мәтін берілді , мәтінге барлық оқушылар сипаттама берді, талдау жасады.Ауру себептерін талқылады.

оқушылардың басым бөлігі- Тыныс алу мүшелерінің ауруларының атауы мен алдын -алу жолдарын өмірмен байланыстыра отырып, рольдік ойын арқылы денсаулықтың маңызын көрсете білді,өз ойымен бөлісті.Кейбір оқушылар-сабақты өте жақсы меңгерген, сөздік қоры мол, барлық тапсырмаларды өмір мен байланыстыра отырып, тыныс алу мүшелерінің маңыздылығына баға береді. «FILA» кестесіндегі оқу сұрақтарын дұрыс құрастырды

Үйге тапсырма: (1 мин) «Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен олардың алдын –алу жолдары» қосымша мәлімет презентация, плакаттар жасау

«де Боно» кестесі















«Блоб ағашы» парақшалары





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!