Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.».

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.».

Материал туралы қысқаша түсінік
адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.».

Бөлім:

Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:

Медеубай Ш.Қ

Күні:

17.12.2024

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: 23 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.4.5 - адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тыныс алудың маңызын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Тыныс алу мүшелерінің құрылысын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Газ алмасу мүшелерін түсіндіреді және сипаттайды.

Құндылықтарға баулу:

Желтоқсан –бірлік және ынтымақ айы

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумақсатында

«Анти-жалқаулық» әдісі



Топқа бөлу

Оқушылар тыныс алу мүшелері арқылы топқа бөлінеді

Мұғалім «Анти-жалқаулық» қорапшаларын таратады



Топқа бөлу. «Тыныс алу мүшелері» әдісі арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

І топ - Өкпе

ІІ топ - Жұтқыншақ

ІІІ топ - Кеңірдек

IV топ - Мұрын

(Әр оқушыға және топ басшыларына бағалау парақтарын беру)

Оқушылар өздерін «Ми заряды» әдісі арқылы бағалап отырады

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Picture 2






Алдынғы білім

Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

«Educaplay» платформасы арқылы өткен тақырыпты қайталау. Өткен тақырып бойынша әр оқушыға 1 сұрақтан қойылады

Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Тыныс алу деген не? (О2 жұтып, СО2 сыртқа шығару)

2. Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу мүшесі? (желбезек)

3. Омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерінің типтері нешеу? (2)

4. Диффузды тыныс алу кімдерге тән? (ішекқуыстылар, жалпақ және жұмыр құрттар, буынаяқтылар)

5. Құрлықта тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу мүшелері? (өкпе, демтүтік)

6. Қай жануалар терісімен тыныс алады? (қосмекенділер, тікентерілі балықтар)

7. Тыныс алу типтері нешеге бөлінеді, ата? (2, анаэробты, аэробты)

8. ең алғаш пайда болған тыныс алу түрі?

(анаэробты)

9. Оттекті тыныс алу?

(аэробты)

10. Шаяндардың тыныс алу мүшесі? (желбезек)

11. Трахея деген не? (жәндіктердің тыныс алу мүшесі)

12. Оттексіз тыныс алатын тірі ағзалар? (ашытқылар, амеба, лямблия, кейбір көпжасушалылар)

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

6 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Мұғалім қосымша ақпарат береді, өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді.


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Жаңа тақырып бойынша бейнеролик көреді, сызбанұсқаны дәптерге сызып алады

Дескриптор: Жалпы -2 балл

  • Тыныс алу мүшелерін сипаттайды

  • Жаңа тақырыпты меңгереді

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып «Адамның тыныс алу мүшелері» видеоролик көру

Сызбанұсқа

5 минут


Топтық жұмыс

«Адамның тыныс алу мүшелері»

Мұғалім оқушыларға адамның тыныс алу мүшелері көрсетілген суретті таратады. Оқушылар тыныс алу мүшелерін ретімен жазып шығуы керек


Дескриптор:

Жалпы – 3 балл

  • Тапсырманы топпен талдайды

  • Тыныс алу мүшелерін ретімен жазады

  • Тыныс алу мүшелерінің орналасқан жерін анықтайды


7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

«Адамның тыныс алу мүшелері» көрнекілігі

5 минут


Жұптық жұмыс «Веер» әдісі бойынша

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып шығады

Дескриптор:

Жалпы – 2 балл

Жаңа тақырып бойынша сұрақтар құрап, жауап жазады

Веер пішінінде бүктелген қағаз

2 минут

Сергіту сәті

«Тыныс алу жаттығулары»


Таратпа материалдар шар орнатылған. Оқушылар шарды үрлеу арқылы өкпенің тыныс алу мехнизмін түсінеді


«Wordwall» платформасы арқылы

Оқушы тақтаға шығып жаңа сабаққа байланысты сұрақтарға жауап береді

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: жаңа тақырыппен жұмыс жасалады

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Дескриптор:

Жалпы-2 балл

Сұрақтарға жауап береді, жаңа сабақтың термин сөздерімен танысады

Wordwall платформасы

Бағалау

5 мин

Топбасшылары бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалайды

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады

Рефлексия

5 мин

« Ми заряды» әдісі

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға өздерін бағалауды тапсырады



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды



Егер барлығы түсінікті болса – жасыл түсті,

Егер сабақта белгілі бір қиындықтар туындаған болса- сары түсті,

Егер тапсырмаларды орындау барысында қиналып, мұғалімнің көмегі қажет болса- қызыл түсті шеңберді бояйды

Үлестрме қағаздар

Үйге тапсырма:

  1. «Адамның тыныс алу мүшелерінің маңызы қандай?» тақырыбында пікірталасқа дайындалу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі