Материалдар / «Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым!» (кітап сабағы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым!» (кітап сабағы)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым!» Мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде кең түсінік беру, рәміздер біз үшін неге ыстық екенін, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекенінен деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Қорытынды: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі» ММ











«Туым–намыс, ұраным–бірлік,

рәміздерім–мақтанышым!»

























Орындаған: Бесенова А.А.








«Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым!»


Мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде кең түсінік беру, рәміздер біз үшін неге ыстық екенін, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекенінен деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.


Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні» - делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2015 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 23 жыл толып отыр. Олай болса бүгінгі біздің оқушылардың өткізгелі отырған «Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы » атты көрмеге қош келіпсіздер.

Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін кезеңіне кезек берейік.
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.


1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1


1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президентін ұлықтау рәсімінде

Жүргізуші: Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!

1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді? ( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)

3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер? ( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)

4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді? ( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

Сәлем хаттай ол маған,
Болашаққа жолданған...
Рәміздері елімнің
Ата заңмен қорғалған...

Қорытынды: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!