Қазақ тілі : Туынды зат есімнің жасалуы
Асангалиева Гүлнұр Демеуқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Б.Аманшин атындағы орта мектебі
Миялы селосы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы
3 сынып
Мақсаттары: 1) Негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін бекіту.
2)Жұрнақ пен жалғауды пысықтау. Жұрнақ пен жалғауды ажырата
білуге дағдыландыру. Түбір сөзге қосымшалар жалғап туынды
сөздер жасау. Сауатты да әдемі жазуға, өз ойларын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру.
3)Оқушыларды дәптерді таза ұстауға,ізденімпаздыққа
шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, үлестірме қима қағаздар,ойындар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,көрнекілік,талдау-жинақтау,ойын
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ.Психологиялық дайындық
Бір,екі,үш
Отырамыз тып-тыныш.
Әдептен еш аспаймыз
Сабақты енді бастаймыз.
ІІІ.а)Үй тапсырмасын тексеру
29 - жаттығу
Нұрекең-көпті көрген адам. Ол кісі кезінде аңшы да,балықшы
да,жылқышы да болған. Әңгіменің майын тамызады. Үнемі
немерелеріне әңгіме айтып отырады. Мен Нұрекеңе көрші
болғандықтан, жиі барып тұрамын. Ол кісінің әңгімесін
құмарта тыңдаймын.
ә) Өткен сабақты қайталау
1) Туынды сөз дегеніміз не?
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз:
ерлік,татулық,жұмысшы
2) Қосымша қосылғанда түбір сөздер көбінесе өзгеріссіз жазылады: күй - ші,
күй - лер,күй - ге.
3) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымшалар да жуан
болады: жұмыс + шы + лар.
4 Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: суретші+лер.
5) Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді:
кітап-кітабы,әріп-әрпі
6) Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана,әже,көл.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші
ІV.Оқулықпен жұмыс
31-жаттығу
Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.
М
ал Таза
Іл
Қ
ой Сый
Кер
шы лық
гіш
Балық Жаңа Өшір
Жылқы Бала Сүз
Қорытынды: Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
32 – жаттығу
Кезек – кезекші Іс – іскер
Сый – сыйлық Сөз – сөздік
Көл – көлшік Дос – достық
Қорытынды ереже шығару
Түбір дегеніміз не?
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз: көк, күріш, өрік.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
33 – жаттығу
Мақалдарды түсініп жатқа жаз. (үш қатардан үш оқушы шығып жатқа жазады.)
1.Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
2.Диқаншы жерін мақтайды.
Балықшы көлін мақтайды.
3. «Сіз» деген – сыпайылық,
«Сен» деген – анайылық.
Бұдан қандай ереже шығаруға болады?
Қорытынды: Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын,
жалғау жұрнақтан соң жалғанады.
V – «Бағытпен жалғастыр» ойыны
34 – жаттығу
А
дал лық Ұш
гіш
Ұ
зын тік Біл
ғыш
Ж
аңа лық Іл
гіш
Сұлу дық Сыз қыш
Т
аза лық Жүз
гіш
Биік дық Өшір гіш
Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
Қорытынды:түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.
VI- Cергіту сәті
Жаңбырдан соң көңілді,
Аспаннан нұр төгілді.
Сергіп қалды жер беті
Кемпірқосақ керілді
35-жаттығу
Мақалды жатқа жаз.
1.Адал достық алтыннан да қымбат.
2.Адамды еңбек асырар,
Жалқаулық құтын қашырар.
VII «Білім ағашы» ойыны.
Білім ағашын да көк алмалар және қызыл алмалар берілген.Сұрақ қоямыз.Сол арқылы артық алманы алып тастаймыз.
37-жаттығу
1.Жұмыскер,суат,көрме,ойыншық,құсты.
2.Бөрік,төл, жаңалық,әділдік,жақсы.
VIII Қорытындылауға арналған тест тапсырмалары.
1.Түбір сөзді тап:
А)әнге Ә) терезе Б)биші
2.Қосымшаның неше түрі бар:
А)4 Ә)3 Б)2
3.Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А)өзендер Ә)досқа Б)тазалық
4.Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
А)жалғау Ә)қосымша Б)жұрнақ
IX-Үйге тапсырма
36-жаттығу
X-Қорытынды:негізгі зат есімнен туынды зат есімдер жасауды,оларға сұрақ қоя білуді үйрендік.Жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата білуді,оларды тиісті белгілермен белгіленуді үйрендік.Сауатты да көркем жаза білуге дағдыландық.
XI-Бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туынды зат есімнің жасалуы

шағым қалдыра аласыз