Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлау

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Ұ дыбысымен әрпі.

Мектеп/МҰ: Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі.

Күні:

Тәрбиешінің аты-жөні: Мұхамбетова. Л. М

Мектепалды даярлық 0 «а» тобы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқытылу мақсаты


0.1.1.1. Сөзді дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпартты табу (сурет арқылы).

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ұ дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты,Ұ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Ұ дыбысының орнын ажыратады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

- Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып талдау жасай алады.

- Ұдыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратады.

- Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, м әріпінің элементтерін жазада.

Кейбір тәрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

- Ұ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Талқылау барысында Қандай?Қай? Қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақта

-Сен құстарды жақсы көресіңбе?

-Сен оған қандай көмек көрсетесің?

-Құстар қайда мекендейді?

Өткен сабақтардан алған білім

Өткен әріптерді «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы еске түсіреді,буынға бөледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

1-2 мин











II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

3-5 мин.









III. Тақырып бойынша жұмыс

6 - 25мин

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн бізге,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Тек қана 5 болсын.


«Ұшты-ұшты» ойыны.

-Ұшты-ұшты ұшақ ұшты,

-Ұшты-ұшты құс ұшты,

-Ұшты-ұшты мұрын ұшты,

-Ұшты-ұшты ұлу ұшты,

-Ұшты-ұшты бұршақ ұшты.


Ұ дыбысы ауызша түсіндіріледі:Ұ дыбысы дауысты,ерін дөңгеленіп,сүйірленеді.

Айнаға қарап Ұ ұ ұ дыбысын айту.

-Қане бәріміз айтып көрейік!(Ұ Ұ Ұ)

-Ұ әрпі қалай айтылып тұр? (Әндетіп, созылып айтылады)

-Ұ әрпі қандай дыбыс? (Дауысты дыбыс)

-Ұ әрпін қандай текшемен белгілейміз? (Қызыл)


Бейнежазба көрсету. Ұ дыбысы мен әрпі.

Кімнің есінде көп сөз қалды.


1-тапсырма. «Зейінді бол» ойыны.

Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстар айтылады. Балалар дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк түсті текшені көтереді.



Слайд.









Ойын





Айна.








Бейнежазба




Қызыл,көк түсті текше.



2-тапсырма. «Айналаңда не ұшады, не ұшпайды?»

Балалар суреттерге қарап айналада не ұшып, ұшпайтынын анықтайды.


3-тапсырма. Суретте не болып жатыр?

Балалар суретке қарап, сөйлем құрастырады.


Бой сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып, ұшып алайық.

(Қимылмен көрсетеді.)


Әліппе-дәптердегі жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазуға арналған тапсырманы орындату.

Үзік сызықтарды қосу арқылы тәрбиеленушілердің қолдарын жазуға жаттықтыру.


4-тапсырма: «Дыбыстық талдау жаса»

Бұлт, құс, ұшақ сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.




5-тапсырма: «Қай дыбыстан басталады?»

Берілген суреттерге қарап отырып, әріптер арқылы суретті сызу.






Суреттер











(Ө)саусақ маторикасын дамыту жаттығуларын жасату



Қызыл, көк түсті текшелер.



Үлестірме қағаздар.




IV. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия



26-30мин


Педагог қорытынды жасайды.

Бүгінгі оқу- қызметінде нені үйрендік?

Бүгінгі оқу-қызметі ұнады ма?

Неден қиналдық?

Рефлексивті бағалау – өз жұмысын бағдаршам түстері бойынша бағалап қорытады.

Тәрбиеленушілердің қолына таратылған бағдаршам түстері бойынша жаңа тақырыпты толық түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін, ал толық түсінбесе, сары түсін, мақсатқа жетпесе, қызыл түсін көрсетеді.






Бағдаршам түстері арқылы кері байланыс жасалады.

Қосымша ақпарат

Жіктеу –тәрбиеленушілерге көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары деген тәрбиеленушілерге қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Бағалау – тәрбиеленушілердің белсенділігін және, білік дағдыларын бақылауды қалай жоспарладыңыз?


Пәнаралық байланыстар:

«Өзін-өзі тану», «АКТ»,

«Бейнелеу өнері».

Педагогикалық бақылау әдісі.

Жұмыс барысында тәжірибелік көмек көрсету.

Өзара көмектесу, мадақтау, педагогтің марапаттауы.

Сабақ барысында іс-әрекетке талдау жасалады.

Тәрбиеленушілердің жұмыстарын қадағалай отырып. «Ұшты-ұшты» ойынымен танысу үрдісіндегі қосымша сұрақтар.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларын орындағанына (қорытынды) қарай отырып.

Тәрбиеленушілердің рефлексиясының қорытындыларын ескеріп.

Өзін-өзі тану сабағын «Құстарға қамқорлық» тақырыбымен байланыстыру.

Айналамызда құстардың неге ұшатынын, бұлттың неге ұшпайтынын білуге үйрету.

Байқаулар

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
1568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11