Материалдар / ҰБТ - ға психологиялық кеңестер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰБТ - ға психологиялық кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз сөткесіне 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз: 1. Жұмыс тізімін құрыңыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
3061
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰБТға психологиялық кеңестер 11-сыныптар арасында

УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?Уақыт. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз сөткесіне 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз:1.   Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз.2.   Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз.3.   Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңідің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.4.   Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз.Белсенділік (айталық, көпше түрде телефон хабарламалары) барлық жоспарларыңызды ұтымды орындау болып табылады. Өнімділік – таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы. Тек белсенді болмай, мүмкіндігіңізге байланысты ұтымды істеуге тырысыңыз.5.   Сіз шаршағандықтан өзіңіздің жұмыстарыңызға қатыссыз жиналысқа қатыстыңыз, жиналыста сізге өз қарсылығын білдірген болдып, жиналыстан кейін қиналғандықтан уақытыңыз да және белсенділігіңіз де төмендеді: жағдайға байланысты уақытты жоғалтқаныңызды талдаңыз. Сіздің ұтымды ісіңіздің және уақытыңыздың төмендеуі қиналғандықтан болды деп есептеңіз. Бұндай уақытты жоғалтудан кейін болашақта бұндай жоғалтудан қашуды ойлаңыз.6.   Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп, жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға және клиенттерді өабылдауға уақытты ұтымды бөліңіз. Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге байланысты жұмыстарды орындаңыз.7.   Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып жоспарлаңыз.8.   Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз. Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде ұстаңыз.9.   Шешімі табылмайтын істен қашыңыз. Егер сіз «бос уақытыңыз» болса, өзіңізден қазір не істеу керектігін сұраңыз.ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕРШығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз: а) Өзіңді сыйла; ә) Өзгені сыйла; с) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.7. Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.15. Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ 12 ТӘСІЛІ1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз.3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз.  Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз.  Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз.  Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз. Кейбір адамдао өз кемшіліктерін көп көріп, өз өмірлерін қызықсыз деп, өз  жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарылайды.9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, индивидум болуыңызға септігін тигізеді.10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша сүруге тырыспасаңыз онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз достарыңыз және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлесеңіз онда сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз.12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз  өзіңізге сенімді болу қиындайды.СЕНДІРУДІҢ 9 ҚҰПИЯСЫСендіру – аса маңызды сапалардың бірі, оны игеру арқылы сіз кез- келген ситуациядан өз пайдаңызды тауып, жоспарланған мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Жұмыста, үйде және өміріңіздің басқа да сфераларында сіз басқа адамдарға ықпал ете аласыз.Берілуі. Бұл техника саясатта танымал. Мысалы, мұрагерлікке салық салу жағдайында. Осы тәріздес салықтарға қарсы саяси қайраткерлер оларды өлімге салық салу деп атайды. «Мұра» сөзінің орнына « өлім» сөзін қолдану жағымсыз ассоциялардың тууына бағытталған. Эмоцияға қаныққан сөздерді қолдану арқылы адамдарды өз көзқарасының дұрыстығына сендіре аласыз.Бейнелеу. Біреуді бейнелеу сол адамға еліктеуді білдіреді. Әр адамның өзіндік ерекше ым- ишаралары, қимыл- қозғалыстары бар. Біз оларды өзімізде байқамай, бейсаналық деңгейде орындаймыз. Егер сұхбаттасушыңызды бір нәрсеге сендіргіңіз келсе, оның қимыл әрекеттерін қайталаңыз. Есіңізде болсын, оны абайлап абайлап жасауыңыз керек, түпнұсқа қимыл мен көшірменің арасындағы айырмашылық 2-40 секунд болуы тиіс.Шектеу. Бұл техниканы жарнама берушілер жиі қолданады. Бір нәрсеге қол жеткізу қиын болса, ол соғұрлым жоғары қызығушылық туғызады. Сендірудің осы тәсілін анықтауды үйренуіңіз керек. Өнімнің қат болуының сізге ықпалы қаншалықты екенін ойлаңыз. Егер өнім қат болса, оған сұраныс та жоғары болады. Сіздің жағдайыңыз солай ма?Өзара байланыс. Сыйға- сый, сыраға- бал. Біреу сізге бір жақсылық жасаса, оған қөзіңізді қарыздар сезінесіз. Ол сияқты егер сізге біреудің қызметі қажет болса, ол адамға бір жақсылық жасаңыз. Жұмыста біреуге жетекшілікті беріңіз. Үйде – көршіңізге шөп шалғыны бере тұрыңыз.Уақытты дұрыс таңдау. Адамдар қатты әлсіреп, шаршағанда бір нәрсеге келісе салуы оңайырақ. Егер сіз бір сұраққа қысқа уақыттың ішінде жауап алғыңыз келсе, оны қоятын ойтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, ойлануға еш күш болмайтын, жұмыстың аяқ кезінде қойыңыз. Сіз не сұрасаңыз да, «Мұны ертең талқылайық» деген жауап алуыңыз мүмкін.Сәйкестік. Бұл техниканы коммивояжерлер қолданады. Бейсаналық тұрғыдан бәрімізде айтқанымызда тұратын алдыңғы әрекеттерімізге сәйкес келуге тырысамыз. Сатушы келіссөзге отырмас бұрын, сіздің қолыңызды қысады. Көптеген елдерде қол алысу келісімге отыруды білдіреді. Осылайша, ең басында санаңыздың түбіне ықпал етіп, сатушы сізді сатып алуға әбден көндіруі әбден мүмкін. Сендірудің жақсы әдісі- шешім қабылдағанға дейін адамдардың әрекет етулеріне мәжбүрлеу. Мысалы. Сіз кино көргіңіз келеді, ал досыңыз сенімді емес. Ол әзірге шешім қабылдағанша, сіз ептеп кинотеатрға қарай жүре беріңіз.Сенімді сөйлеу. Көптеген адамдар өз сөздерінде «ммм», «жаңағы», «ііі» тәрізді одағай сөздерді және т.б. алуан түрлі паразит сөздерді жиі қолданады. Ол адамның өзіне сенімсіздігін білдіреді, және бұлайша басқаларды бір нәрсеге нандыру қиын. Егер сіздің сөзіңіз нақты және сенімді болса, айналадағы адамдарды айтып тұрғаныңызға оңай сендіре аласыз.Табындық инстинкт. Барлық адамдар бір- бірінің соңынан жүруге үйренген. Маңызды шешім қабылдағанда, біз кеңес пен көмек сұрап басқаларға жүгінеміз. Біз қолдауға мұқтажбыз. Мұны өз қызығушылығыңызға қолданудың қарапайым әрі тиімді тәсілі – ол көшбасшы болып, қалған табынды соңыңнан ерту.Достық пен билік. Өзіңіз жақсы көретін адамның немесе билігі бар адамның сізді көндіруіне жол беруіңіз әбден мүмкін. Өзіңіз анағұрлым жоғары сенімділік тудыра алуыңыз үшін, басқаларды сізді жақсы көруге мәжбүр етуіңіз немесе сол топтың басшылығын қолыңызға алуыңыз керек.ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ1.   Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.2.   Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.3.   Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.4.   Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.5.   Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.6.   Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.7.   Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.8.   Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.9.   Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңызлар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.15. Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін  түк емес.16. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.БОЙЫМЫЗҒА СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.1. Өзіңізді бағалаңыз. Әдетте өткен өмірге өкпесі бар адамдар сенімсіздік танытады. Алайда материалымыздың басты тақырыбы бұл емес. Өзіңіздің осал тұстарыңызды мойындай отырып, қай жағынан мықты екендігіңізді де анықтағаныңыз жөн. Не нәрсені ұнатып, ұнатпайтындығыңызды білу арқылы мінезіңізге толық сипаттама бере аласыз.— Жасаған істеріңіз үшін еш уақытта ақталмаңыз. (Егер ешкімге қатысы болмаса).2. Салмақ салуды қояйық. Жер бетінде қаншама адам бар. Ал біз болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана жүргендей арқалаймыз. Қанша жерден мықты болсақ та, әйтеуір бір салада жеңіліс табуымыз мүмкін екенін ұмытпайық. Бастысы қателіктерден сабақ алу.3. Шамаңызды біліңіз. Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші. Өзгелер мен жайында не ойлайды деген ойдан аулақ болыңыз. Өзіңізді мақтан тұтуға құқыңыз бар.— Мұнымен қатар ол жетіст<
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!