Материалдар / ҰБТ джтарихы тест жауабымен6нұсқа

ҰБТ джтарихы тест жауабымен6нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
дж тарихы ҰБТ тест жауабымен
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

6-нұсқа

1. Египетте 200-ден астам мүсіні бар храм орналасқан қала:

А) Мемфис

В) Ахетатон

С) Фивы

D) Гелиополь

Е) Каир

2. Араб халифатынан өзіне «Шығыс пен Батыс сұлтаны» деген мәртебені беруді талап еткен:

А) Ильханат ханы

В) Осман сұлтаны

С) Византия императоры

D) Иерусалим билеушісі

Е) Селжұқ көсемі

3. 1919 ж. 18 қаңтарда басталған Париж бейбіт конференциясына қатысқан Англияның премьер-министрі:

А) Р.Макдональд

В) Н.Чемберлен

С)Р.Пуанкаре

D) Д.Джордж Ж.Клемансо, В.Вильсон

Е) У.Черчилль

4. Экономиканы негізі жаппай машиналық өндіріс болып табылатын қоғам:

А) постиндустрияды өркениет

В) индустриалды өркениет

С) дәстүрлі өркениет

D) техникалық өркениет

Е) аграрлы өркениет

5. 1500 жылы Бразилияны ашқан:

А) П.Кабрал

В) Х.Колумб

С) А.Веспуччи

D) Ф.Магеллан

Е) Б.Диаш

6. Постмодернизмнің еуропалық мектебінің өкілі:

А) В.Кандинский-абстракционизм

В) П.Мондриан- абстракционизм

С) П.Пикассо

D) К.Малевич- абстракционизм

Е) С.Дали- сюрреализм

7. 1949 жылы күзде әлеуметтік жүйесі екі түрлі қос мемлекет пайда болған аймақ:

А) Египет

В) АҚШ

С) Корея

D) КСРО

Е) Германия

ГФР-07.09. президенті Теодор Хойст, үкіметті- Аденауэр ГДР-07.10. президент О.Гретоволь

8. Адамзат қоғамының даму теориясын бірсызықты тұрғыда түсіндіріп, тарихи-философиялық теориясының негізін қалаған шотландық ойшыл:

А) Эдуард Тэйлор

В) Джеймс Фезер

С) Адам Фергюсон

D) Әулие Аугустин

Е) Герберт Спенсер

9. Натюморт жанрын әкелген: тұрмыстық жанр

А) Микеланджело Караваджо

В) Питер Пауэл Рубенс

С) Жак Луи Давид

D) Франсуа Буше –француз рокко өнері

Е) Франциска Гойя

10. Араб халифатында жоғарғы деңгейде дамыған шаруашылық түрі:

А) аңшылық

В) қолөнер

С) мал шаруашылығы

D) егіншілік

Е) бау-бақша

11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кеңестік экономиканы қалпына келтірудегі басты міндеттердің бірі:

А) әскери өндірісті қайта құру

В) шетел капиталын тарту

С) интеграциялық үдерістерге қатысу

D) кәсіпкерлікті дамыту

Е) инвестициялар тарту

12. Теңіз жолының негізін қалаған ежелгі мемлекет:

А) Шумер

В) Палестина

С) Финикия

D) Хетт

Е) Ассирия

13. ХХ ғ. ІІ жартысында әлемде бірінші болып атомдық бомбаны сынаған мемлекет:

А) АҚШ

В) Канада

С) КСРО 1949

D) Жапония

Е) Солтүстік Корея

14. Осман империясының болгар, серб жерінде жүргізген саясаты:

А) әскери міндеткерлік жойылды

В) әлеуметтік реформа жүргізілді

С) харадж салығынан босатылды

D) үшір салығынан босатылды

Е) христиан шіркеуіне тыйым салды

15. Авангардизмде көрініс тапқан идеологиялық үдерістер:

А) өмір адамға дұшпан, сандырақтық бастама

В) қатал буржуазиялық қоғамдағы үдерістер

С) мистика пен пессимизмнен бастап, өткір әлеуметтік үдерістер

D) қоғамға қарсы шығу идеясы

Е) дәуір трагизмі, соғыс трагизмі үдерістері

16. 1902 жылдың басында Ресейге қарсы бағытталған одақтық келісімге қол қойған елдер:

А) Германия, АҚШ

В) АҚШ, Англия

С) Англия, Жапония

D) Жапония, Германия

Е) Франция, Италия

17. Францияның сыртқы істер министрі Р.Шуманның декларациясы жол ашты:

А) Еуропалық интеграцияның одан әрі дамытуға

В) Еуразиялық интеграцияның дамуына

С) Азиядағы өзара көмек бірлестігінің ыдырауына

D) Солтүстік Атлантикалық бірлестігінің құрылуына

Е) Түркі интеграциясының басталуына

18. 1921 жылы Ресейде матростар қатысқан көтеріліс өткен жер:

А) Кронштадт

В) Сахалин

С) Ленинград

D) Брест

Е) Владивосток

19. Батыс Еуропада корольден кейінгі ірі аймақ иесі:

А) барон

В) виконт

С) рыцарь

D) герцог

Е) аббат

20. 1982-1984 жылдардағы КСРО-ның Бас хатшысы:

А) Л.Брежнев

В) К.Черненко

С) Ю.Андропов

D) М.Горбачев

Е) Н.Хрущев

Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз

БҰҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

БАҚ бұл мемлекеттік идeлoгия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір

мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет.

Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», деген. Француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған. Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дәлелдеп келеді.

Тұтастай алғанда, бұқаралық мәдениет бұл қалыптаса бастаған орта таптың мәдениеті, заманауи технологиялар көмегімен таратылып жоғары талғамның және рухани ізденістің көрінісі болып саналмайды.

21. Бірінші суретте көрсетілген бұқаралық мәдениет түрі дамыған мемлекет

А) Германия

В) Қытай

C) КСРО

D) Корея

E) АҚШ

22. Екінші суретте берілген тіл мен мәдениет құралы

A) экспонат

В) газет

C) театр

D) музыка

E) кино

23. БАҚ-тың мемлекеттің саяси баскаруындағы орны

A) идеология кұралы

В) зайырлылык

С) мәдени мұра

D) жергілікті басқару

E) экономикалық тұрақтылық

24. БАҚ-тың «төртінші билік» аталуының негізгі себебі

А) биліктегі тура мағынадағы орны

В) халыкка өнер туындыларын жариялауы

C) тез арада жаналык таратуы

D) салык есебінен каржыландырылуы

E) елдегі саяси процестердегі орны

25. Кеңестік дәуірде БАҚ-тың негізгі мақсаты

А) ұлттык кұндылықтарды қолдау

В) патриотизмді насихаттау

С) діни сана-сезімді ояту

D) байлардың әдемі өмірін көрсету

Е) шетел қаруын жарнамалау

Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

26. Ежелгі Римдегі патрицийлер мен плебейлердің жиналысы (-тары):

А) полис

В) агела

С) аристократия

D) олигархия

Е) форум

F) агора

G) демократия

H) центуриат

27. Шарль де Голль үкіметінің сыртқы саясатының ерекшелігі (-тері):

А) КСРО-мен әскери одақ құрды

В) АҚШ-тың сыртқы саясатына бағынбайды

С) Жаңа бағыт саясатын қолдады

D) Отар елдердің тәуелсіздігін мойындамады

Е) Ұлттар Лигасы Ұйымынан шықты

F) елді НАТО-ның құрамынан шығарды

G) Варшава шарты ұйымына мүше болды

H) АҚШ-тың әскери нысандарын жапты

28. Ұлыбританияда төрт кабинетті басқарған, либеральдық партияның көрнекті қайраткер (-лері)і:

А) Б.Дизраэли

В) В.Кобетт

С) Р.Ливерпуль

D) Дж. Пальмерстон

Е) Р.Каслри

F) Р.Пил

G) Дж. Каннинг

H) В. Гладстон

29. Ортағасырлық Еуропа елдерінде сұранысқа ие болған шығыс тауары (-лары):

А) әртүрлі дәмдеуіштер

В) қымбат маталар

С) ағаш өнімдері

D) кәріптастар

Е) қыш құмыралар

F) кілемдер

G) астық өнімдері

H) құстар

30. Жаңа заман кезеңінің Батыс елдердегі ерекшелігі (-тері):

А) дәстүрлі шаруашылық ұзақ уақыт сақталды

В) әлемдік дамуда артта қалды

С) діннің ықпалы күшейді

D) капиталистік қатынастар жойылды

Е) индустриялды қоғам пайда болды

F) алғаш рет буржуазиялық революция болды

G) өнеркәсіп төңкерісі орын алды

H) феодалдық қоғам үстем болды

31. Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктерін анықтайтын тіркес (-тер):

А) социалистік лагерь

В) еркін бәсекелестік

С) натуралды шаруашылық

D) еркін кәсіпкерлік

Е) таңдау еркіндігі

F) патриархалдық қоғам

G) директивті басқару

H) қауымдық меншік

32. ХVІІІ ғасырда шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан неміс композитор (-лары) ы:

А) И.С.Бах

В) Г.Ф.Гендель

С) Дж. Верди

D) Г.Гейне

Е) Л.В.Бетховен

F) Ф.Шопен

G) Ф.Шуберт

H) И.В.Гете

33. Ортағасырлық еуропалық қаладағы ең басты орын (-дар) мен ғимарат (-тар):

А) темір ұстаханасы

В) базар алаңы

С) шіркеу (собор)

D) рабад

Е) ратуша

F) мектеп

G) субұрқақ

H) ағаш ұстаханасы

34. VІІІ-Х ғасырлардағы еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға

А) Ли-Бо

В) Ду Фу

С)Ли Гуаньчжун

D)Ли Шичжэнь

Е) Фан Чжэнь

F) Лань Шу

G) Сун Инсин

H) У Чэньэн

Бо Цзюй

35. Конфедерацияға біріккен мемлекеттердің принципі (-тері):

А) Билік қатаң бақылауда болады

В) Бір мақсатқа біріккен органдар құру қарастырылған

С) Заң шығарушы органдар болмайды

D) Өз тәуелсіздіктерін сақтайды

Е) Бір-бірінің ішкі істеріне қол сұғады

F) Дербес мемлекеттік биліктері болады

G) Белгілі бір мақсаттарда арнайы біріккен органдар құрады

H) Жеке тәуелсіздігі қорғалмайды

КОНТЕКСТ ТАПСЫРМА.

Крест жорықтарының себептері:

Крест жорықтары – иудей, христиан, мұсылман діндерін ұстанатын адамдар үшін қадір тұтылатын Таяу Шығыстағы жерлерді басқылау үшін болған әскери – діни науқандар сериясы. Хронологиялық негіздері ХІ-ХҮ ғғ Еуропадағы экономикалық мәселелер. Папа ІІ Урбан Еуропаның өзіне және барлық адамдарға сол кезеңдегі негізгі байлықтың жеткіліксіздігін айтты.

Діни фактор. Рим папасы христиан храмдары кәпірлердің яғни мұсылмандардың қолында деп және бұл фактіні жоққа шығару керек деп есептеді. Сол уақыттағы адамдардың дүние танымы бойынша осы қасиетті жорық бәрінің күнәларын жояды және олар қайтыс болғаннан кейін жұмаққа кіреді деп есептеді.

Католик шіркеуінің ашкөздігі. Папа мен корольдер Еуропаны ресурстармен байытуды ғана емес, сонымен бірге әмияндарын жаңа жер мен басқа байлықтар мен толтырғысы келді.

36. Крест жорықтары басталған ғасыр:

А) Х ғасыр

В) ХІ ғасыр

С) ХІІ ғасыр

Д) ІІІ ғасыр

Е) ХІҮ ғасыр

37. Крест жорығын ұйымдастыруға үндеу тастаған:

А) ІІІ Кондрад

В) ІІ Урбан

С) І Юстиниан

Д) ІІ Генрих

Е) ІІ Ричард

38. Кресшілер жаулап алуға ұмтылған қала:

А) Эдесса

В) Иерусалим

С) Дамаск

Д) Константинополь

Е) Мекке

39. Крест жорығына түрткі болған экономикалық қателіктер:

А)христиан храмдарын азат ету

В) шығыстың бай жерлерін басып алу

С) христиандарды шығыстың бай ілімі мен ғылымына үйрету

Д) қасиетті жорықтар арқылы христиандардың күнәләрін жою

Е) шығыс елдеріне христиан мәдениеті тарату

40. ХІ-ХV ғғ әскери-діни науқандар сериясының басталуына әсер еткен фактор:

А) Алтын Орда билеушілерінің Иерусалимге жорық бастауы

В) Араб халифатының Испанияны жаулап алу

С) Қасиетті ғибадатхананың мұсылмандардың қолында болуы

Д) Түріктердің Константинопольды басып алуы

Е) Мәмлүктік Египеттің Батыс Еуропаға жорық жасауы


30 Қараша 2024
177
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі