«ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тренингі 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тренингі 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тренингі Мақсаты: Оқушыларға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу және қорытынды аттесттауға кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҰБТ-ға және Қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тренинг

Мақсаты: Оқушыларға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу және қорытынды аттесттау кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.

Құрал жабдықтар: ақ парақ, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.

«Сенімділік» жаттығуы

Мақсаты: оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету. Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылды. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп,бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымды қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.

ҰБТ-ға дайындық барысына ағзаға түсетін ауырлықтарды жеңу үшін жаттығулардың маңызы зор(5 мин):

Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда ағзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек.

- Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз:

- Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;

- Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;

- Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;

- Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен квадрат, үшбұрыш салыңыз.

Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:

- Емтиханға дайындық күніне 8 сағат

- Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге 8 сағат

- 8 сағаттан кем уйықтамаңыз және қажет болса тусте дем алып алыңыз


Тамақтану

Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Емтихан алдында көп тамақтанбау керек.


«Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.

Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірден аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам ...

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда ...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда ...

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде ...

Шынымды айтсам, мен мектепті аяқтаған соң ...


Релаксация:

Құрметті оқушылар,барлығымыз орнымыздан тұрып.тақтадағы бірнеше сөздерді бірге оқимыз.

  • Адамға жақсы көңіл- күй сыйлау, өздері туралы жақсы сөз айту

  • Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!

  • Әлемде мені бәрі жақсы көреді!

  • Мен бақытты оқушымын!

  • Менің денсаулығым мықты!

  • Мен білімді оқушымын»

  • Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!

  • Мен алдағы ҰБТ ны жақсы нәтижемен тапсырамын!











































Хаттама

Күні: 16.10.2023ж.

Тақырыбы: «ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тренингі

Мақсаты: Оқушыларға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу және қорытынды аттесттауға кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.

Контигент: 9,11 сынып оқушылары

Құрал-жабдықтар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.

Жүргізілу барысы:

9,11 сынып оқушыларына «Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық» тақырыбында дәріс сабағы жүргізілді.

Оқушыларға жүргізілген дәрістің мақсаты толықтай таныстырылды. Дәріс барысында ҰБТ-ға және қорытынды аттесттауға психологиялық дайындық туралы мәліметтер берілді.

«Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету.

ҰБТ-ға дайындық барысында ағзаға түсетін ауырлықтарды жеңу үшін жаттығулардың маңызы зор (5 мин): Көзің шаршаса не істейсің? жаттығуы. Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда ағзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек.

Күн тәртібі - Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:

Тамақтану - Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек.

«Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.


Релаксация:

Құрметті оқушылар,барлығымыз орнымыздан тұрып.тақтадағы бірнеше сөздерді бірге оқимыз.

  • Адамға жақсы көңіл- күй сыйлау, өздері туралы жақсы сөз айту

  • Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!



Қорытынды: Оқушылар жаттығуларға белсене қатысты. Оқушыларға күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану бойынша кеңестер берілді.



Педагог-психолог: Т.А.Талапқали



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2024
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі