Тақырыбы:Үй жағдайында дыбыстарды қоюға арналған әдіс-тісілдер
Мақсаты: Осы тәсілдерімді пайдалану арқылы тіл еттерін дыбыстардың ерекшелігіне қарата бағынышты етіп жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындау. Жаттығулар арқылы тыныс алу қабілетін дамыту.
Міндеті: Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін
ескере отырып, түзету жұмыстарын жүргізу.Сөйлеу кемшіліктерінің
құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтау. Дамудағы
сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету
.Ата-аналармен, оларды алмастырушылармен байланыс жасау.Балаларға
арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолдану
жөнінде кеңес беру.
Қол жуу ережесі
Біз қолымызды ауызға салып жұмыс жасағандықтан медициналық қол жуу ережесі сақталу керек.

Логопедия бойынша біздің әріптестеріміз түрлі керемет әдістерді ойлап тапқан және зерттеген. Ата-аналарға балалардың үй жағдайындығы жасалынатын тіл жаттығулары,тыныс жолдарымен жұмыс,дыбыстарды қою тәсілдері тағысын тағы қарастырған.Мен әдістемелік нұсқаулық кітаптарға көп сүйенемін.Авторларын атап өтсем:Қ.Қ.Өмірбекока,Г.Н Түлебиева,Г,Б Ибатова;Ахметова Шынар апайымыздың кітаптарын қолданамын.
Тойжан Сейдалиевнаның көптеген тәжірибиесін бойыма жинақтадым.Бұл кісілерге айтар алғысымыз шексіз!
Біздің мамандығымыздың ерекшелігі, балаларға көмек бергенде тек стандартқа байланысты жұмыс емес,сонымен қатар әр баланың ерекшелігіне байланысты көмекті қажет ететін балаларға өзіндік кілт табу.
Білім алушыларға үй жағдайында тілге зиянсыз қолда бар заттармен де түрлі дыбыстарды қоюға болады.Мысалы:тіске арналған мойыншақтар, шпатель, ағаштан жасалған үрлегіш , дәрілік қасықтар мен шприцтер,шырынға арналған трубочкалардан бірнеше дыбыстарды қоюға болады .Осы әдістердің барлығын суреттермен көрсететін боламын.
Р-дыбысын қоймас бұрын баланың тіліне дірілді түрлі әдістермен келтіруге болады.Мысалы: қарды жіпке іліп, тілді шығарып үрлету.

Мойыншақтар арқылы тілге дірілді келтіру.

Арнайы трубочка арқылы тыныс жолдарымен жқмыс жүгізумен қатар баланың тіліне дірілді келтіруге болады.Трубочканы үрлетіп болған соң, балаға мұрыннан терең тыныс алдыртып, тілін ернінің үстіне қойып, тілді дірілдетіп демді шығару.

Сусын ішетін трубочка арқылы тіл ұшының жоғары көтерілуі шектелген балаларға (л, р, ж, ш, ц, ч, д, т, т.б.).дыбыстарын қоюға ыңғайлы.Шпатель көмегімен тіл арты (ң,к,г,қ,ғ)дыбыстарын қойған ыңғайлы.

Р дыбысы
Ұйымдастыру кезеңі..
Тыныс алу жаттығулары.

А) «Поезд» бір демде айту «Ту-ту-ту-ту»
В) Дем алып С-с-с Ш-ш-ш Ф-ф-ф
Г) Машинаның дөңгелегі жарылды ш-ш-ш
Д) «Ұлпа қарды
үрлеу» Мақтаны үрлеу
арқылы дем шығару
Тілдің ұшы алдыңғы жоғары тістердің артында тұрады. Бірақ қызыл иекке немесе тістерге тірелмейді.Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді,тілдің шет жақтары азу тістерге тиіп тұрады.Дауыс шымылдықтары қатайып,бір-біріне жақындап ,діріл арқылы дыбыс шығады.Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетді.
Р- дауыссыз, үнді. Артикуляциялық жаттығулармен жұмыс

«Тізімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан, сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару.

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Жаңғақ» - ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға
жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып
ұстау.
Күркетауық»
-ауызды аздап ашып, тілді жоғарғы ерінге,
қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек. Тілді еріннен
ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан
кейін жылдамдатып, дауыс
қосылады.
«бл-бл-бл-бл».
«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек – дэ-дэ-дэ

«Баян» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып,саңырау құлақ жасап, баян сияқты тарту.

Бояушы» - ауызыңды жартылай ашып. Тілмен таңдай бояу.
-
Балаға буындап айтқызу:
Ра, ро, ры, ру
Ар, ор, ыр, ұр
- Дауыстылар арасында:
Ара, оро, ыры, ұрұ, аро, ору, ыра, ыро
- Дауыссыздармен қатар:
Тра, қра, шра, жра, дра
-
«Тыр» буыны бар сөздерді қайтала
Ба-тыр Тол-тыр
Ша-тыр Жа-тыр
Жа-тыр Лақ-тыр
Қо-тыр О-тыр
-
(Р)дыбысы бар қысқа сөздерде қайтала.
Тар,қар,бор,бер,тер,кер,бір,сыр,мөр,сыр,тұр,ер,жер,жар,қар,шар
4. Буын ұйқасында қайтала
Ра-ра-ра
– Раушан шашыңды тара
Ра-ра-ра – Раушанға жақсы қара.
Ры-ры-ры – мінген атым
торы
Ры-ры-ры – жинап алдым тары.
Ар-ар-ар – далада қалың
қар
Ар-ар-ар – үйге жылдам бар.
Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым
жыр
Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.
5. Сөзді қайтала:Зымыран, раушан, Даурен, рахмет,Назира, риза, рұқсат, арпа, парта, тырна, торғай, айран, дорба, сорпа, тырма, орақ.
6. Сөйлемді қайтала: 1.Раушан базардан алмұрт сатып алды. 2. Даурен томар тасыды. 3. Ерлан арамен бөренені кесті. 4. Ормаанда Даурен қасқыр көрді. 5.Раушан раушан гүлдерді терді.
(Р)-дыбысы бар өлең жолдарын оқы
Рақым тіле Алладан,
Риясыз көңіл жалғап ән.
Рахат тапсаң еңбектен,
Риза боп көңілің самғаған.
Ризығың келген несібең,
Рауандап таңмен өсіп ем.
Рамазан айы иманды,
Рухымен кетпес есімнен.
Рақымжан ата ту тіккен,
Рейхстагтың басына.
Рухты елім үмітпен,
Риза ғой даңқын асыра.
Рауан бестік алады,
Рахат биде жанады.
Рүстем сүйер спортты,
Рахима әнге салады.
Отан-ана-жүрегім,
Ордабасым тірегім.
Ождан арым қорғайтын,
Отбасым ғой тілегім.
Ойлы болып өсеміз,
Орнықты өмір кешеміз.
Орныңды біл әрқашан,
Отан-ана қос егіз.
Орқоян секіріп жүр,
Орманда аю өкіріп жүр.
Омартада аралар,
Опық жемеске бекініп жүр.
Өрмекші өрмек тоқыған,
Өрендер жақсы оқыған.
Өлермен болсаң еңбекте,
Өрлейсің биік шоқыдан.
Өнерлі өрге жүзеді,
Өрнекпен ою түзеді.
Өршеленіп қыс келді,
Өткенде ғана күз еді…
Өтірік алға баспаған,
Өрлеген биік жаста адам.
Өр мінезді ерлерім,
Өршіген жауды жасқаған.
Өрт-тілсіз жау, тағылық,
Өршеленер қағынып.
Өрде шықса от жалын,
Өшіреміз жабылып.
Қорытынды.
Сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Абай атындағы мектеп гимназиясының дефектолог-логопед маманы:Сарсенова Роза Лесовна

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үй жағдайында дыбыстарды қоюға арналған әдіс-тісілдер

шағым қалдыра аласыз