ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Жұмыстың тақырыбы: «Үй жағдайында сабын алу технологиясы»
Бағыты: Химия
Жетекшісі: Рахманбергенова М.Б.
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлімі
2.1 Сабын және оның түрлері
2.2 Химиктер көзқарасы тұрғысынан сабын дегеніміз...
2.3 Сабын компоненттерінің адам денсаулығына әсері
2.4 Сабынның керемет қасиеттері
2.5 Отандық сабындар
2.6 Сабынды сатып аларда нені ескеру керек?
ІІІ Тәжірибелік бөлімі
3.1 Сабын жасау технологиясын таңдау.
3.2Өз қолыңмен сабын жасау технологиясы.
3.3 Тәжірибе «Сабынның теріге әсері»
IV Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Айналамызда көптеген заттар бар. Бірақ біз ол заттарды қолданғанымызбен, олардың қайдан және қашан пайда болғаны біздің ойымызға келе бермейді. Мысалы сабын. Оның шығу тарихы және жасалу технологиясы.
Іздену жұмысының мақсаты: сабынның адам ағазасына пайдасы туралы іздену, сабынды жасаудың тиімді әрі қолжетімді технологиясын анықтау.
Іздену нысаны: иіс сабыны, кір сабын.
Міндеттер:
-
сабынның шығу тарихы мен адам ағзасына тигізетін әсері туралы мағлұмат жинау;
-
сабынның ем-домдыққасиетінкеңіненнасихаттау;
-
сабынныңтазалыққасиетінқарастырып, басқа да қолданылатынжерлерінатапкөрсету;
Іздену әдістері:
-
сабын құрамы және оның түрлері туралы мағлұмат жинақтау;
-
алынған теориялық және практикалық білімдерді жүйелеу;
-
іздену, тәжірибе өткізу.
Зерттеудің өзектілігі:
-
Қазіргі уақытта әлемде сабын өндірісі кең тараған. Себебі халықтың сабынға деген сұранысы күннен-күнге көбеймесе, азайған емес.Сабынның да саналуан түрлері көп . Бірақ сол көптеп шығарылып жатқан сабындар ішінде, тері ерекшеліктері мен қатар қолжетімділігін ескеретін, химиялық қоспаларсыз экологиялық таза өнім шығаруды көздегендер кемде-кем. Жобаның өзектілігі тұтынушылардың тері ерекшеліктерін, жеркілікті климат пен экологиялық жағдайларын ескере отырып дайындалатын сабын жасау технологиясын ұсыну.
Сабын - сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Ал қазақ арасында да «Сабын» сөзі ертеректе пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін.
Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген сабын туралы білетініміз көп пе? Бір қарағанда, тұрмыста жиі қолданатын, аса мән берілмейтін құрал деуге болады. Бірақ адам өмірінде алатын рөлі үлкен. Себебі дене тазалығын сақтаудың негізгі гигиеналық құралы – сабын. Адам орташа есеппен алғанда күніне 3-4, жылына 1460 рет қолын жуады екен. Сондықтан кез келген адам бұл маңызды тазалық құралы жайында көбірек білгеніміз дұрыс деп ойлаймын.
Негізгі бөлімі
2.1. Сабын және оның түрлері
Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын – бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий). Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық - аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы – міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің әсерінен болады. Сондықтан, еңжоғарғысортқатабиғи майдан жасалған сабындаржатады.

Сабынтүрлері:
Балалар сабыны. «Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қоспайды. Сондықтан ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолданған жөн.
Косметикалық сабын.Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем, глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын азайтады.

Сабын скраб . Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық та, табиғи да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек.
Парфюмерлік сабын.Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз.
Бактерияға қарсы
сабын.Сөйлейтін атауы бар тағы бір
сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді
өлтіретінтриклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта
қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану
кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Бұл
сабынды күнде қолдануға болмайды, себебі терінің иммунитеті мен
дымқылдылығын құртады.
Шипалы сабын.Сабындар шипалы сығындыларымен жасалғанмен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, олардың арасында сапалылары да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.
Табиғи сабын.Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болуы керек. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго,глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.

Калий сабыны.Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сарымайды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен.
2.2.Химиктер көзқарасы тұрғысынан сабын дегеніміз...
Сабын-бұл біз күн сайын
қолданатын тазартқыш. Қатты сабынның негізгі компоненті-арнайы
заттар (май және сілті). Сонымен қатар, оған жуу әсері бар түрлі
хош иістер, бояғыштар, консерванттар және басқа да қоспалар қосылуы
мүмкін.Сабынды майлы қышқылдардың натрий тұздары деп атайды.
Май
қышқылдарының көзі жануар немесе өсімдік майы болып табылады.
Кез-
келген иіс сабынының қорабына қарасаңыз, көбінде сабындағы негізгі
ингредиент натрийдің талловаттары екенін айтады, Бұл химиялық
терминнің мағынасы қандай және натрийдің таловаттары деген не?
Натрий талловаты деп жануар майының тұзы аталады.Оның пайда болуына
себепкер 19-шы ғасырдағы сабын өнеркәсібінің басты жеткізушісі
Аргентина болған, олар сиырды пайдаланған және сиыр майында
өндірілген. Сиыр майынан иіс сабыны жасалған. 20-шы ғасырда
сиыр етіне сұраныс күрт өсіп, сонымен қатар, сиыр еті мен сиыр
майының құны да күрт өскен. Сиырдың майын фармацевтикада және
косметикада қолдана бастады. Сондықтан натрий талловаты ретінде
сиырдың майынан 3-4 есе арзан шошқа майын пайдалана бастады.
Шошқамайын Америка ҚұрамаШтаттары, Канада, Германия және Нидерланды
елдеріөндірді. Қазіргітаңда, натрий
талловатсөзініңмағынасышошқамайына тепе теңжәнесабынөндірісінде
98,3% натрий талловатышошқамайыболыптабылады.
Ал Отандық сабын SULU дың
құрамында тек өсімдік майлары бар. Негізі пальма
майынан, пальмалық олеин және пальма өзегінің майынан тұрады,
сондықтан сабын құрамында натрий талловаты
кездеспейді.
Сабынды 60 жылға дейін сақтауға болады. Уақыт өте келе ол өзінің емдік қасиеттерін жоғалтпайды, әлдеқайда күшті болады», – дейді мамандар.
2.3. Сабын компоненттерінің адам денсаулығына кері әсері
-
Теріге аллергиялық реакциялар (бөртпе, қызару, дерматит).
-
Ерлердегі репродуктивті функцияға теріс әсер етеді.
-
Терінің қорғаныш қабатын бұзады.
-
Терінің қартаюын тездетіңіз.
-
Асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады.
-
Терінің майсыздануы және дегидратациясы орыналады.
-
Гормоналды теңгерімсіздік.
-
Иммунитеттің төмендеуі.
-
Онкологияның қалыптасуына ықпал етеді (дене мен байланыста көп мөлшерде).
-
Денедегі витаминдердің жойылуы (мысалы, В12).
-
Бауыр ауруы.
-
Бүйректің бұзылуы.
-
Көру қабілетінің бұзылуы.
Бұл тізім толық емес. Көптеген компоненттердің адам ағзасына әсері әлі зерттелмеген. Өкінішке орай, супермаркеттер мен дүкендердегі өнімдер көбейіп бара жатқанда, өнімдерде денсаулыққа қауіпті компоненттер бар. Мұндай сабын арзан және тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие.
2.4. Сабынның керемет қасиеттері
Қазіргі таңда біз кір сабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол. Мәселен:
1. Адамның қолына тікен кіргенде, инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
2. Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі.
Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда, дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.
3.Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
4.Моншада буға түсерде, сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады.
5. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады. Кір сабынның зарарсыздандыру қасиеті мұрын бітуіне де қарсы тұрады. Мақта тампонды сабын ерітіндісіне батырып, мұрынды тазалау қажет. Алғашында аздап ашытады, 1-2 рет қайталағаннан кейін мұрын бітуі тоқтап, біразға дейін мазаламайды. Кір сабынның құрамы өзгеріссіз сақталып келе жатқанына 200 жылдан асты. Оған ешқандай зиянды химиялық қоспа қосылмайды. Сол себепті оны шаруашылықта ғана емес, косметикада да, профилактикада да, тіпті емдеу мақсатында да қолдануға болады.
Сондай-ақ, адам денсаулығы ғана емес ауылшаруашылығымен айналысатын өлкелерде мал ауруларына да қара сабынды қолданып емдеу жұмыстарын жүргізу кездеседі.
Халық мұрасын жаңғыртушы
Тұрымқан Оспанқызы – қазақтың қара сабынын қайнату ісінің шебері.
Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап
көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын
емес.
«Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін
қайнатамыз. Оны бір күн тұндырғаннан кейін сақар пайда болады.
Сақар болғаннан кейін май құйып қара сабын әзірлейміз. Сақарды
дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе қойдың немесе сиырдың
майын қосып қайнатамыз. Себебі олар табиғи шикізат қайнар көзі
болып саналады. Ал оны қайнатудың тиісті шарттары бар», – дейді
Тұрымқан апа. Бұдан кейін бұл кісі сабынның әзірлену барысы туралы
егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сұйық май қосылса, сабынның
езілгіш, тез ерігіш келетінін айтады ол. Қазан отын жағудың да өз
ережесі, бабы бар көрінеді. Алғашында оттың қызуын арттырып алып,
сосын қызу ақырындап бәсеңдетіледі. Ал қазандағы сақар үздіксіз
араластырылады. Дұрыс араласпаса, түбі қазанға жабысып қалады.
«Жасаған сабын жақсы дайындалғанда аппақ көбік шығады. Ескеретін
тағы бір жайт, сақар мен құйылатын майдың анық өлшемін сақтағанымыз
абзал. Бір кесе сақарға екі кесе май құямыз. Майы көп болса, майға
шашалып қалады, майы аз болса, сабын қатты болып шығады», – дейді
көненің көзін сақтаушы.
2.5. Отандық сабындар
Елімізде 2000 жылдары парфюмерия өнімінің тек 5%-ы ғана отандық өнеркәсіпке тиесілі болып келді. Тазарту пасталары мен кір жуатын ұнтақтар 99%, ал жуу құралдарының 95,7% сырттан тасымалданды. Қазіргі кезде сабын, жуу құралдары мен парфюмерия өндірісі қарқындап өсіп келеді. Елімізде тұрмыстық химия шығарумен 30-ға жуық компания айналысады.
Көкшетау қаласында «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС 1950-жылдардың соңында құрылған. Қазақстан нарығына танымал компаниялардың бірі – «Аврора Холдинг» ЖШС. Компания басшысы Данияр Алшанбаевтың айтуынша әлі де тұрмыстық химия өнімдерінің 70 % сырттан жеткізіледі. Нарыққа 2015 жылы шыққан компания бастапқыда өнімнің 94 түрін ұсынған, ал бүгінде сатылымға 200-ге жуық тауар түрі шығарылады. Procter & Gamble Company, Unilever, Henkel Group секілді қуатты компаниялармен бәсекелестікке түсіп отыр.

Ал Алматы қаласында Sulu – қазақстандық өнім, еліміздің ең бірінші және жалғыз әлемдік стандарттарға сай иіссабынын жасайды. Компанияның негізі 2013 жылы қаланған, 2014 жылдан бастап өнім шығарып келеді. Бүгінде өнімдерін Моңғолия, Қырғыстан, Қытай нарығына да экспорттауды бастаған компания сапаға ден қойып отыр. Компания өкілдерінің айтуынша табиғи қоспалармен дайындалған сабын шетелдік өнімнен кем түспейді. «Sulu» зауыты 26-дан астам сабын түрін шығарады. Косметикалық, антибактериалды, шипалы, ылғалдандыратын және тағы басқа түрлері бар. 2016 жылдан бастап балаларға арналған «Sulu bаbу» сабыны шыға бастады, қазіргі атауы – «Sulu sаbі». Бұл компания 2012 жылы құрылды.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Көркем-дос» зауыты тұрмыстық тазарту құралдарын шығарады. Кәсіпорынның негізі 2013 жылы қаланған. Өндірісте 10-нан астам тауар шығарылады, жылына айына 60 тонна химиялық тазарту құралы өндіріледі.

Қызылорда қаласында да сабын өндіру енді жанданып келе жатыр.Қала тұрғыны Ербол Әшірбек «Best1st» ЖШС құрып, «Сыр сабыны» сабын өндірісін қолға алды. Әзірге күнделікті кір жууға қолданатын сабын (кір сабын) шығарады. Құрамы 72 проценттік өнім барлық мемлекеттік стандартқа сай келеді
.
Отандық өндірісті дамытуға әрқайсымыз атсалыса аламыз. Дүкен сөрелерінен «Қазақстанда жасалған» белгісі бар тауарларды көптеп сатып алып, қолдансақ, сала дамиды, өнімдердің сапасы артады, қазақстандық тауарөндірушілер экспортқа шығып, бәсекеге қабілетті болады. Осылайша жұмылған елдің тұрмыстық химиясы индустриясы жетілмек. Ал шикізаттың түр-түрі: сілтілер, қой жүні, мұнай қалдықтары, күміс иондары, түрлі май қоспалары, күріш суы, жұмыртқаның ағы мен сарысы елімізде жетіп артылады әрі сапасы бірінші сұрыпты. Демек салаға жаппай қолдау жасайық.
-
Сабынды сатып аларда нені ескеру керек?
Сабын таңдағанда көп адам құрамына мән бермейді, тек иісіне қарай таңдайды. Бұл дұрыс емес. Сабын алатын кезде міндетті түрде құрамына қарау керек. Жақсы сабын жағымды иіс шығарады, бірақ сабынның иісі қатты шықса абай болыңыз. «Кей кезде сабын құрамында қандай заттар бар екені толық дұрыс жазылмайды. Құрамында натрий талловаты (sоdіum tallоwаtе) бар сабынды алмауға кеңес береміз. Көбіне осы қоспалар доңыз майынан немесе басқа жануар майларынан шығарылады. Адам терісіне тиіп кеткеннен кейін натрий талловаты 20 секундтан кейін теріге еніп, қан ішіне осы зиянды майлар сіңіп кетеді. «Sulu» сабыны – Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының «халал» сертификатына ие.
Мамандардың айтуынша, қатты сабынды пайдаланған қауіпсіз. Сұйық сабындар денсаулыққа кері әсерін тигізеді, терінің липидті қабатын бүлдіреді және тітіркену мен аллергиялық реакцияларды тудырады.
-
Сатып алғыңыз келетін сабынның құрамын мұқият зерттеңіз.
-
Арзансабын сатып алмаңыз.
-
Құрамында натрий лаурил сульфаты (SLS немесе SLES) бар сабын сатып алмаңыз.
-
Композициядағы компоненттердің күрделі атаулары бар өнімдерден аулақ болыңыз.
-
Синтетикалық компоненттері аз сабын сатып алған жөн.
-
Құрамында кокос майы бар тазартқыш сатып алыңыз.
-
Триклозан бар өнімдерден аулақ болыңыз (бактерияға қарсы сұйық сабында).
-
Табиғи сабынды сатып алу немесе оны өзіңіз жасау ұсынылады.
-
Жарнамаға сенбе (жарнаманың міндеті өнімді сату).
Сабын туралы қызықты жайттар.
Әлемдегі ең қымбат сабынды Plank компаниясы шығарады. Бұл «Кор» деп аталатын сабынның 1 килограмының бағасы мың доллардан асады. Құрамына таза жібек талшықтарынан жасалған желім – серицин, крабтардың қабығынан жасалған – хитозан, түрлі коллагендер және тіпті күміс қосылады. Орта ғасырларда сабын алтынға бағаланып, барлығына қолжетімді болмады. Тіпті Испания патшайымы Изабелла Кастильская сабынды небәрі екі рет – туған күнінде және тұрмысқа шығар алдында қолданғанын мойындаған.
XI ғасырда өмір сүрген атақты араб дәрігері Ибн Синаның өзі сабынмен тек жұқпалы аурумен ауыратын адамдарды ғана жуындыруға кеңес берген. Ал дені сау адамдарға ол табиғи балшықты ұсынған. Парсы химигі Әл-Рази ежелгі сабын дайындау рецептерін жинастырып, толық қолжазба жазып шыққан. Бұл қолжазба XIII ғасырда табылды. Қолжазбада сабын дайындаудың ежелгі рецептері сақталған.
Ресейде сабын өндіруді Петр I негіздеген, бірақ шамамен XIX ғасырдың ортасына дейін сабын тек атақты тұрғындарға ғана берілді. Ірімшік пен шарап сияқты сабын да неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым сапасы жақсара түседі. Ұзақ сақталған сабын жақсы көпіреді, теріге өте жұмсақ, және аз тітіркендіргіш қасиетке ие.
Испанияның Санта-Крус-де-ла-Сальседа кентінің сабын жасаушылары ұзындығы 9 м 42 см сабынды жасап шыққан. Сабын хош иістер мұражайының құрметіне мұрын пішінінде жасалып, 2013 жылы жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ бұл алып сабын Гиннес рекордтар кітабына енді.
Әлем иллюзионистері сабын көпіршігіне қанша адам сыйады деп әлі де жарысып келеді. Алайда әлемдік рекорд Вьетнамдық иллюзионист Фан Ханға тиесілі. Ол сабын көпіршігіне 181 адамды сыйғыза алған.
Ағылшын зейнеткері Кэрол Воун 1991 жылдан бері сабынды жинап келеді. Оның жинағында сабынның әлемнің барлық дерлік елдерінен үлгілері бар. Қазіргі таңда оның жинаған сабындарының саны 5000-нан асады.
АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны – Темпест Хендерсон сабын жейді екен. 19 жасар бойжеткен аптасына 5 дана сабынды асқазанына жөнелтетін көрінеді. «Мен сабын жегенді ұнатамын, ол маған есірткі сияқты»,-дейді Темпест. Дәрігерлер бұл құмарлықтың жақсылыққа бастамайтынын ескертеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үй жағдайында сабын алу технологиясы

шағым қалдыра аласыз