Үй жануарлары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй жануарлары.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеші, мұғалимдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Таным.

Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану.

Тақырыбы : Үй жануарлары.

Мақсаты: Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру.Олардың аттарын дұрыс атап, дыбыстарын ажырата білуге үйрету.Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері : көрсету, түсіндіру, қайталату, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының салынған суреті, слайд,

Әрекеттердің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Ұйымдастырушылық –қозғаушылық.

Шаттық шеңберінде төмендегі өлеңді айтқызу.


Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Шеңбер бойында қол ұстасып тұрып, өлеңді айтады.

Ұйымдастырушылық –ізденушілік.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?


-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?







-Күз айларын айтайықшы.


Балалар  адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз?


-Үй қандай бөліктерден тұрады?

Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-         Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.

Балалар әр терезеде жұмбақтар бар екен мен сендерге соны оқып берейін.


1.     Терезе

Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,

мінсең қанат,сүті дәрі, еті тамақ.   

                      (жылқы)



2.   Терезе

 

Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.  

                           (Түйе)

3.   Терезе

 

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар 

                            (қой)

4.   Терезе

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.  

                     (сыйыр)

5.     Терезе

Үй жанында өмір сүреді

Біреу келсе үреді

                            (Ит)

6.     Терезе

Сүтті жақсы көреді

Жылы жерде ұйықтайды

                   (Мысық)

 

7.     Терезе

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

          (Ешкі)


Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. Үй жануарларының пайдасы адамдарға өте көп.

-Үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

-Жарайсыңдар балалар, сиыр «мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады. Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек. Сиырға жем шөп берерде «аухау-аухау» деп шақырамыз.

-Қой «мә-мә-мә» деп маңырайды. Суарарда «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

-Ешкіні , лақты «шөре-шөре» деп шақырады. Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

-Жылқы кісінейді. Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады. Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

-Түйе «бө-бө-бө» деп боздайды. Түйені «көс-көс» деп шақырамыз. Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.


Сергіту сәті :

Оңға ,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны

Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.


Тыйым сөзді қайталату.

Малды теппе, ақты төкпе.

-Күз мезгілі.


- Күз мезгілінде ауа райы өзгереді. Күн салқындап, жаңбыр көп жауады. Аспанды жиі бұлт торлайды. Жел көп болады.

-Қыркүйек, қазан, қараша.


-Үй.



-         Төбесі, есік, терезе , үйдың қабырғасыннан тұрады.






Балалардың жауаптары.


-Жылқы.





-Түйе .





-Қой.





-Сыйыр.





-Ит.



-Мысық .





-Ешкі.






Балалар бірге қайталайды.




Дауыстарын салады.


















Қимыл –қозғалыстар жасайды.












Балалар үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып қояды.








Балалар бірге қайталап айтады.

Рефлексиялық – түзетушілік.

Қорытынды: Балаларға  суреттерінің қандай үй жануары екенін айтқызып,  үй жануарлары немен қоректенетінін сұрап, мақтау- мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі : үй жануарлары деп атауын, қандай пайдасының бар екендігін, және оларды адамдар қалай күтіп –баптайтынын;

Игереді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

Меңгереді:тыйым сөздерінің мағынасын түсініп, төрт түлік малды қадірлеу керектігін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі