|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі? - Дұрыс айтасыңдар,
балалар. - Осы көктем мезгілінде қандай өзгерістер
болады? - Өте жақсы.
Жарайсыңдар! - Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің
даусы? - Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қой
қандай жануарларға жатады? - Сиырды орыс тілінде қалай айтамыз? -
Ал, қойды ше? - Үй жануарларына сонымен бірге тағы қай жануарларды
жатқызамыз? - Жылқыны орыс тілінде айтыңдаршы - түйе, ешкі мысық,
итті де орыс тілінде айтайық
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай
сөздермен
еркелетеді? Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді
жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай
тамаша! - Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт
түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Енді маған
төлдерін атаңдаршы - Түйенің баласы - Сиырдың баласы - Қойдың
баласы - Ешкінің баласы - жылқының баласы Халқымыздың байлығы да,
берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Қане, сол
пайдаларын атайықшы.
(Осы кезде жаңбыр жауып, есік ашылып бақташы
кереді) Бақташы
ата: - Амансыңдар ма, балалар, ғафу
етіңдер. - Бұл қай жер
екен? - Қандай
балабақша? - Естілмейді қандай
балабақша? - Мен, жаңбырда ығып кеткен қозымды іздеп жүр
едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Көрмедіңдер
ме? Тауып берсеңдер сыйлығым
бар. Тәрбиеші:
Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Ал,
балалар, атаға қозысын табуға көмектесеміз бе? Ата, уайымдамаңыз
қозыңыз табылады. Шаршаған шығарсыз. Бәріміз бірге сергіту сәтін
орындап жіберейік. Бойымызды сергітіп алайық, жылынып қаларсыз
ата! Сергіту
сәті: Тіктеп титтей
құлағың Ботам былай
жүреді Сыртылдатып
тұяғын Бұзау былай
жүреді. Алға созып
мойынын Ойнақтайды
ботақан Көкке қарай
мұрынын Шүйіреді
бұзауқан. Бақташы
ата: Ой, балалар, мен жылынып қалдым. Енді, мен
сендерге жұмбақ
жасырайын. Кішкене ғана бойы
бар Айналдырып киген тоны
бар. (Қой) Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын
салыңдаршы. Ой, бәрекелді балалар
жарайсыңдар! Кезекті бір
жануар Үстінде екі тауы
бар (Түйе)
Басында екі таяғы
бар Төрт аяғы
бар Бірақ тағы сақалы
бар (Ешкі)
Екі айнасы
бар Екі найзасы
бар Төрт жылтырмағы
бар Бір шыпыртқысы
бар (Сиыр)
Екеуі елеңдеп
келеді Төртеуі төбелесіп
келеді (Жылқы)
Тәрбиеші:
Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып
берейік! Ельдана: Шөре, шөре лағым, Тентек болма
шырағым. Секектеме деміңді ал, Селтеңдемей
құлағың
Алдияр: Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат
қағады.
Алихан: Ақ бұзауым ұнайды, Мө, мө деп
сүт сұрайды. Келеді өсіп күн сайын, Тұмсығын созып қарайды, Тілімен
мұрнын жалайды.
Амина: Кот усатый, как разбойник,
Перепрыгнул подоконник. Распугал соседских
кур И мурлыкает:
Мур-мур
Бала
(Гүлім): Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып
алдым. Тәрбиеші:
Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге «Төлін
тап» ойынын
ойнайық. (Қозының даусы
естіледі) Тәрбиеші:
Балалар тыңдайықшы бір төлдің дауысы
естілетін сияқты Бақташы
ата: Ой, балалар менің төлімнің даусына
ұқсайды. Бақташы
ата: Рахмет, балам өркенің өссін! Сүйіншіңді ала
ғой. Балалар, менің қозым. Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай
екен? Бақташы
ата: Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін. Жақсы
сау болыңдар! Тәрбиеші:
Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің
көңіліміз көтеріліп қалды.
Жолыңыз болсын!
Сау болыңыз!
|