Материалдар / “Үй жануарлары”

“Үй жануарлары”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Үй жануарларына байланысты жұмбақ, тақпақтар айтқызып сұрақ - жауап арқылы балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Үй жануарларына байланысты жұмбақ, тақпақтар айтқызып сұрақ - жауап арқылы балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік.

Көрнекілігі: Үй жануарларының суреті, слайд, үйдің, қораның макеті, ойыншықтар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:


Кіріспе

- Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Ал келген қонақтармен амандасып алайық. Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Сондықтан да қонақтармен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

- Үй қандай бөліктерден тұрады?




- Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?





- Балалар алдымызда тұрған пішіндерде жұмбақтар жасырынған екен. Егер сендер жұмбақтың шешуін табатын болсаңдар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде қандай тақырып туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.

Жұмбақтар:

1. Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ.

Мінсең қанат

Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы)


2. Екі айнасы бар

Екі найзасы бар (Сиыр)


3. Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар (Түйе)


4. Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар. (Қой)


5. Секең - секең етеді

Таумен - тасқа жетеді. ( Ешкі)


- Үй жануарларының суретін тақтаға ілу.

- Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.

- Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

- Төлдерін қалай атаймыз?


Дидактикалық ойын: «Не қандай дыбыс шығарады?»

Ойынның мақсаты: Жан-жануарлардың дыбысын үйрету.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші жан-жануарлардың ( сурет, не ойыншық) көрсетіп, сұраққа-жауап беруін талап етеді. Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, - деп жауап береді.

- Неліктен олар үй жануарлары деп аталады?

- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады.

Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді.

Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста соғымға сояды. Түйеге жүк артады, Сиыр мен қой адамды етімен, сүтімен асырайды.

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын: «Мәре» ойыны.

Ойын шарты: Ойында 3 жылқы болады,жылқыны жібін орау арқылы мәреге әкелу тиісті , мәреге алғаш жеткен жылқы жеңіпаз аталады.(Ұсақ саусақ терапиясы )

Ойын: «Қой көтеру»

Ойынның шарты: ортаға берілген қойды көтеріп ең көп көтерген бала жеңімпаз аталады.

Тапсырмалар: жапсыру, құрастыру іс-әрекеттері


-үй


- Шатыр, есік, терезе, үйдің қабырғасынан тұрады?

- Төбесі ұшбұрышқа, есігі, терезесі және қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды екен.







( Жылқы)






(Сиыр)



(Түйе)



(Қой)



( Ешкі)











Қорытынды:

Қорытынды :

- Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады.

Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер.


Мақтау, мадақтау



























«Тексерілді»

«Балбөбек» жекеменшік

шағын орталығының

әдіскері:

_____У.Г.Нурмухамметова

«____»______2025ж





Тақырыптық оқу іс-әрекеті:

Тақырыбы: «Үй жануарлары»




2 «Балбөбек» ортаңғы тобы

Тәрбиешісі: Самурадова Рухия











2025жыл

19 Ақпан 2025
83
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі