Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ойын іс әрекеті

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, тапсырмалар, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, дидактикалық ойындар.

Сөйлеуді дамыту.Коммуниактивтік дағдыларды дамыту.






Қоршаған ортамен таныстыру.

Шаттық шеңбері.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!

























Қоршаған ортамен таныстыру.








Сөйлеуді дамыту.Коммуниактивтік дағдыларды дамыту.
















Сөйлеуді дамыту.

Комминиактивтік дағдыларды дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру.

















Шығармашылық дағдыларын дамыту.














Үй жануарларының дауыстары естіледі.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі жатады.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Дыбыс естиді: «Ғажайып сәт»
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Балабақша.
- Қандай балабақша?
-«Балауса » балабақшасы.

- Мен, шығып кеткен үй жануарларымды іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Көрмедіңдер ме?
Балалар:- Жоқ

Бақташы ата: Балалар сиыр қалай дыбыстайды?

Балалар: мө-ө мө-ө

Бақташы ата: Ал қой қалай дыбыстайды?

Балалар: мә-ә мә-ә- мә-ә

Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар сендер үй жануарлары туралы білетін сияқтысыңдар.
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі ойын іс әрекетінде Үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендермен бірге ойын ойнап жіберейік, келісесіңдер ме?
Балалар: Жарайды
Ойынды екі топқа бөлініп ойнап көрейік.

Тәрбиеші: Олай болса балалар менің қолымда үй жануарларының төлдері ботақан мен қошақанның суреті бар.Қошақан суретін алған балалар қошақан тұрған үстелге орналасады.Ал ботақан суретін алған балалар ботақан тұрған үстелге орналасады.

Міне балалар біз екі топқа бөліндік.
1 «Қошақан» тобы «Жануарлардың төлдерін тап» ойыны

Шарты: үй жануарларының төлдерін сызып қос.
2 «Ботақан» тобы «Көлеңкесін тап » ойыны
Шарты : үй жануарларының көлеңкесін тауып бер.
Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.


Тәрбиеші: Балалар енді атамыздың қошақаны мен ботақаның түстерін тауып берейік атамыз түстерін танитын шығар ,ол үшін тағы екі топқа бөлініп орындайық.

Бақташы ата : ия балалар мен түстерінде білемін .

1-топ «Ботақан» тобы

Дайын ботақан бейнесінің суретіне түйе жүнін жапсыру.

2-топ «Қошақан» тобы

Дайын қошақан суретін толықтырып
Бақташы ата: Ой, балалар менің қошақаным мен ботақаным дәл осылай түстері .
Бала: Сүйінші, сүйінші ата сіздің қошақан тауып алдым.
Бақташы ата қуанып қалады шығып кетеді. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!


- Балалар, атамыз қуанып қалды

сонымен үй жануарларына нелер жатады?

- Балалар, атамыз қуанып қалды .




Қортындылау:

Сонымен үй жануарларына нелер жатады?

Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Жылқы малы қандай өнім береді екен?
- Сиыр бізге кандай өнімдер береді екен?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.



Күтілетін нәтіжелері:

Біледі : Үй жануарларын пайдасын атап ажырата біледі

Игереді; Үй жануарларының өнімдерін біледі тапсырмаларды орындады.

Менгереді: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады, үй жануарларының дауыстарын ажырата алады.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11