Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Көркем
әдебиет,құрастыру.
Тақырыбы: Жабайы аңдар тіршілігі
Мақсаты: Орманда мекендейтін жабайы аңдар туралы
түсініктерін кеңейту. (Аю,қасқыр,қоян,түлкі).
Білімділігі: Оларды бір-бірінен ажырата білу және дұрыс
айтуға үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілеттерін
арттырып,қызықты ойын арқылы эмоциялық сезімдерін
дамыту.
Тәрбиелігі: Аңдарды қорғап,қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қасқыр,аю,түлкі,қоян.
Көрнекі құралдар: бейнетаспа,жабайы аңдар
суреті,кейіпкерлер,маска.
Шаттық щеңбері
Біз
балдырған тең басқан
Дос
құшағын тең басқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәріміз біз біргеміз.
Жұмбақтар шешу.арқылытопқа
бөлінеміз.
1.Көлеңкесінен қорқып
безектейді,
Ал
оның баласын «көжек» дейді.
2.Аузы бейне,шалғы,орақ,
Шөп
емес,бірақ,малды орады.
3.Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
4.Қорбаң,қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып алып,
Қыста ұйқыға кетеді.
Жарайсыңдар,балалар! Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы?
-Қазір қыс мезгілінің қай айы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бір аптада неше күн бар?
-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін
білеміз?
Ойын
әрекеттерін бастаймыз
І.
Жаңа оқу қызметі:
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Жабайы жануарлар екіге
бөлінеді:
Үй
жануарлары,жабайы жануарлар.
Үй
жануарларын үйде күтіп,баптап,адамдар күтеді.
Тамақтандырады.
Жабайы жануарлар орманда,далада,тауда тіршілік
етеді.Олар өз қоректерін өздері тауып жейді.
Аю-жыртқыш аң.Басы үлкен.Құлағы кішкентай.Жүні
жұмсақ.Аю ақылды,иіс сезгіш.Бірақ,ешкімге тиіспейді.Суда өте жақсы
сүңгиді.Тамақ талғамайды.Аю күздей семіріп,қыс бойы ұйқыда,апанда
жатады.Аюдың баласы-қонжық.Ол баласын өте жақсы көреді.Балды жақсы
көреді.
Қасқыр-қайсар,сақ,азулы,жыртқыш аң.Өзге жабайы
жануарларға қарағанда жаратылысы әркез дараланып тұрады.
Жартасты,шатқалдарды,таудың етектерінде,үңгірде жатады. Қасқыр да
сезімтал жануар.Қасқыр еркіндікті жақсы көреді. Қасқырдың баласын
бөлтірік деп атаймыз.
Түлкі-жыртқыш аң.Түсі сұрғылт сары,құйрығы
ұзын,сирағы қысқа.Әр маусымда жүндері өзгеріп отырады.Түлкі өте
айлакер,қу аң.Орманда ашық жерлерде,өзен-көл жағалауларында,тау
баурайында мекендейді.Күндіз інінде жатып,түнде қорегін тауып
жейді.Ол тышқан,жәндіктер жейді.Түлкінің баласын-мыршай деп
атаймыз.
Қоян-қорқақ.Тез жүгіруге бейімделген аң.Ін
қазуға,өрмелеуге бейім.Ағаш қабығын,шөп жейді.Жүні өте жұмсақ.Әр
маусымда өзгеріп отырады.Қыста жүні аппақ болады. Қоянның
баласын-көжек деп атаймыз.
1 .Ең айлакер аң?
2.Ең қорқақ аң?
3.Балды жақсы көретін аң?
4.Қойға шабатын аң?
1-топ-Төлін тап
2-топ-Бауырсақ театры
3-топ-Жануарды құрастыр
4-топ-Тәжірибе жануарды тап
5-топ-Робототехника «Төлін
тап»
Сергіту сәті:
Біз
орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю
келді қорбаңдап,
Қасқыр келді ырылдап.
Ыр-ыр-ыр.
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты кекіріп.
Қорықпаңдар балалар,
Қарап-қарап алыңдар.
Балалар тапсырманы орындап
болған соң орындарын ауыстырып басқа тапсырмаларды
жасайды.
(Музыка
ойнайды).
Қорытынды: «ҚҚ» әдісі бойынша балалардан
қиын қызық болған смайликтерін таңдатып, таңдаған смайликтері
бойынша ойларын сұрау.
Күтілетін
нәтиже: Үй жануарлары туралы мағлұмат
алу.