400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары және олардың қоректенуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үй жануарлары және олардың қоректенуі



Әлібекқызы Махаббат


Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық».

Білім бөлімі: Жаратылыстану, Көркем әдебиет, Дене тәрбиесі, Жапсыру

Тақырыбы: Үй жануарлары және олардың қоректенуі

Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. Жұмбақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, үй жануарларын қорғауға қамқор болуға үйрету. Төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына сүйіспеншілікпен тәрбиелеу

Көрнекілігі: Жануарлар макеті, атрибуттар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: түйе-верблюд, сиыр-корова, қой-баран.

  Қызмет түрі

                    Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар  іс-әрекеті

Мотивациялық

 Қозғаушы

-    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымене біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

-    Күнді
-    Жылу береді, нұр береді.




-    Балалар жылуылық шеңберін жасап, орындарына жайғасады.



Ұйымдастыру-ізденушілік











Жетекші-жөндеуші



-Ал, балалар бүгінгі оқу іс-әркетіміз ерекеше болмақ. Себебі, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер қандай тақырыпта әңгімелейтінімізді табатын боласыңдар.
   Жұмбақ жасыру:
1.    Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. Ол не?
2.    Басында мүйізі бар,
          Үстінде киізі бар. Ол не?

3.    Аласа ғана бойы бар,
  Айналдыра киген тоны бар. Ол не?
Дұрыс таптыңдар.
Балалар, енді осы жануарларды қазақ-орыс тілдерінде қалай аталатынын бірге қайталайық.
Билингвалды компонент: Түйе-верблюд,          Сиыр-корова, қой-баран.
-Бұл жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде үйде ме?
Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.
-Ал, балалар үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер ме?
(Балалар тақпақтарын айтып шығады)








-Жарайсыңдар!
(Үстел үстіндегі үйдің, қораның және жануарлардың макеттеріне балалардың назарын аудару)
-Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді екен.
-Үй жануарларының тұратын жерін не деп атаймыз?
-Үй жануарлары немен қоректенеді екен?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Мынау- сиыр, ол бізге не береді?


-Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.
-Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді?
-Мынау- қой, ол бізге не береді?


-Мынау- түйе, оның дене құрылысы ерекше, ол бізге не береді?
-Ал, мынау –ешкі, ол бізге не береді?

-Жарайсыңдар! Үй жауарлары өте пайдалы екен.

Қыстырғыштар арқылы әр жануар қоректерін табу(ұсақ маторикасын дамыту)
      Сергіту сәті:
Бала бала балақан,
Қәне қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.

-Ал, енді балалар осы жерден бір ойын оинап жіберейік.
Д/О: « Даусынан таны».
Ұжымдық жұмыс: Бос қораны үй жануарларымен толтырайық.
Шарты: Бос қораға үй жануарлары және төлдерін жапсырып, төлдерінің аттарын ажыратып айта білуі керек.
-Жарайсыңдар балалар, сендер жапсырған жанурлармен қорамыз толды.



-Балалар,біз бүгін қандай жануарлармен таныстық? Қане біртіндеп  үй жануарларын атайықшы?

-Балалар, жыл басына қандай жауарлар таласты?
-Жыл басы қандай жануар болды?
-Біз қораға қандай жануарларды жапсырдық, атайықшы?
 -Рахмет балалар бүгінгі іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.


-    Балалар ойлана қызыға тамсанып қарайды.
-    Түйе

-    Сиыр

-    Қой

-    Қазақша-орысша сөздерді айта біледі

-    Бұл жануарлар үйде өмір сүреді
-Аза
мат
Қой сүйеді баласын қоңырым деп, ештеңені білмейтін момыным деп.
-
Аман:
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, қараңғыда баспаған қорқағым деп.
-
Амина:
Түйе сүйеді баласын боташым деп, Жаудыраған көзіңнен тоташым деп.
-
Ахмедияр:
Ешкі сүйеді баласын тағым деп, Тастан тасқа секірген шұнағым деп.
-
Амина:
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп, тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.

-Балалар таңдана назар салып қарайды.
-Қора.
-Жем, шөп жейді.

-сүт, май, қаймақ, айран, ірімшік береді.

-Мінсе-көлік болады,қымыз береді, етін жейміз.
-Етін жейміз, жүнінен киімдер тоқимыз.
-Қымыран ішеміз, жүнй өте пайдалы.
-Сүтін ішеміз, етін жейміз.


Балалар қыстырғыштарды орналастырады.

-Сергіту сәтін іс-қимылмен жасады.

-Ойынды қызыға ойнады.
-Жауарларды жапсырып шығады.
-Үй жануарларымен.
-сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы.
-Балалар жауап береді.
-Тышқан.
-Балалар сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттеріне қуанады.



Picture 1

Күтілетін нәтиже: балалардың сөздік қорын дамыту.

Нені білді: Балалар жануарларды және төлдерін ажыратып, немен қоректенетіндерін біледі.

Нені игереді: Балалар тақырыпты толық игереді және ойлау қабілеттері дамиды.

Нені меңгереді: Балалар желіммен үй жануарлары мен төлдерін ұқыпты түрде жапсыра алады, қыстырғышпен жұмыс жасай алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі