Білім беру саласы:Таным,
Әлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Үй
жануарларының қандай
пайдасы
бар?
Мақсаттары: а) Үй жануарлары мен олардың
төлдері; олардың адамға әкелетін пайдасы
туралы түсініктерін жинақтау;
үй жануарлары мен жабайы аңдардың атын атап,
оларды бір-бірінен
айыра білуге
үйрету.
ә) Тірі нысанды суреттеу
қабілеттерін дамыту; зейінін, есте сақтау қабілеттерін
дамыту. б)
Табиғатты
бағалай
білуге,
оған
адамгершілік қарым-қатынас жасауға
үйрету.
Алдын ала
жұмыс: қарапайым тәжірибелік
жұмыстарға қатысу, энциклопедиялар оқу,
фотосуреттер мен
суреттерді қарап
шығу, жұмбақтардың жауабын
табу, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: ватман қағазы, оған
бір-бірімен қиысатын қызыл және жасыл түсті екі шеңбер
сызылған, қиылысқан жері сары түске боялған;
жабайы аңдар мен үй жануарлары
бейнеленген жетондар/карточкалар; «Үй
жануарлары» тақырыбындағы
карточкалар/сөздер жазылған карточкалар; әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс:
төлдер,
пайда.
Көптілділік: үй
жануарлары –
домашние
животные
–
domestik
animals
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог сабаққа қолайлы
эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады.
Жұмбақтарды шешуге
шақырады.
Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті,
мүйізі мықты, Шайнаңдағаны сағыз.
(Сиыр)
Қамыс
құлақ,
тостаған
тұяқ,
Мінсең –
қанат,
сүті
–
дәрі,
еті
–
тамақ.
(Жылқы)
Кішкентай ғана бойы
бар, Айналдырып киген
тоны
бар.
(Қой)
Жарға шығып
ойнайды, Ойынға бір
тоймайды, Болса-дағы
сақалы, Секеңдеуді қоймайды.
(Ешкі)
Кездесті
бір
жануар,
Үстінде
екі
тауы
бар
(Түйе)
-
Бұлардың бәрін бір сөзбен
қалай атауға болады? (Қызығушылық танытып,
сұрақтарға жауап
береді).
-
Оларды
бір
сөзбен үй
жануарлары дейді.
-
Негізгі кезең
Әліппе-дәптердегі табиғат
күнтізбесіне ауа
райын
белгілеуді сұрайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырманы
пайдалана отырып, балалардың тану үдерісіне
деген қызығушылықтарын арттырады:
Суреттерді қарап шығып, үй жануарларын атайды
және олардың жабайы аңдардан
айырмашылығын табады. Адамдар үй жануарларына
қалай күтім
жасайды?
Талқылауға Қуаныш та
қатысады.
Балалар «Адамдар үй
жануарларын неге ұстайды және олардың қандай пайдасы
бар?» деген сұраққа жауап іздейді.
Неге үйде мысық пен ит ұстайды? Адамдар қандай
жануарлардан жүн алады?
Неліктен адамдар түйе, сиыр, жылқы, қой мен ешкіні
үй жануары
деп
атаған?
Олардың
төлдерін
қалай
атайды?
Балаларды зерттеу жұмысына
қатысуға шақырады (әліппе-дәптердегі
тапсырма): жануарлар терісінің түрлерін
зерттеу. (Қой, ешкі мен қоянның терісін
салыстырып, үлкейткіш
әйнектің
көмегімен
қарап
шығады).
Педагог
балаларды
сұрақтардың жауабын
бірігіп
іздеуге
жұмылдырады: Сендер
қалай
ойлайсыңдар, жануарлар әрқашан
адамның жанында тіршілік етті ме? Сендер ит,
мысық сынды өзгеде үй жануарларының
арғы атасы кім болғанын білесіңдер ме? Үй
жануарлары орманда
өз
бетінше
тіршілік
ете
ала
ма
еді?
Орманда
оларға
қандай
қауіп төніп
тұр?
Адамдар жабайы аңдарды өте
ерте замандарда қолға үйреткен. Иттердің арғы атасы
– қасқырлар, үй мысығының арғы
атасы – жабайы мысық, сиырлардың атасы –
жабайы бұқалар, шошқалардың атасы –
жабайы қабандар, жылқылар мен есектердің атасы
– жолақ құландар. Жануарлардың
тұратын жерлерін атап береді: сиырлар (сиыр
қорада, фермада),
жылқылар (ат
қорада), қойлар
(қой қорада)
тұрады.
Үй жануарлары орманда тіршілік
ете алмайды. Себебі олар ондай жағдайда тіршілік
етуге үйренбеген.
Сергіту сəті
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.
«Төлдер»
әнін
айтады.
Қошақаны
қойдың, Қайда қалып
қойдың? Бұлтиып тұр
бүйірің, Қай өрістен
тойдың? Секең-секең, ей
лақ,
Жүрмін
саған
кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай
ма, Секірмей-ақ
кей уақ.
Ботақаны
нардың, Жарға неге
бардың? Тілерсегің
дірілдеп, Секіре
алмай
қалдың.
«Кездейсоқ бірігу»
техникасының көмегімен бірнеше топқа бөлінуге
шақырады. Геометриялық фигуралар
бейнеленген карточкаларды тарату арқылы; өтіп
жатқан тақырыпқа
қарай, гүлдердің,
жануарлардың атауларына қарай.
Педагог сұрақтар немесе
ескертпелердің көмегімен балалардың топтағы жұмысына
бағыт сілтеп отырады. Сол арқылы
мәліметтерді дұрыс қабылдауға, дұрыс сөйлеуге
үйретеді: Қандай
дыбыс шығарады?
Не
жейді?
Қандай
пайда әкеледі?
Балалардың назарын иттердің
үйде және аулада өсірілетініне аударады. Үйде
ұстайтын иттің астына төсем төселеді,
ал аула иттері үйшікте жатады. Үйшіктің жанында
ылғи ыдыс тұрады. Ол – иттің
итаяғы. Қосымша мәлімет береді: әдетте, үйшіктің қасында
екі итаяқ тұрады: біріне су,
екіншісіне тамақ салынады. Қожайын итке тамақты белгілі
бір уақытта
құйып
отырады.
Сұрақтарға жауап береді: Иттің
өзіне тән белгілері қандай? Сиырдың ше?
Олардың арасында
ұқсастық
бар
ма?Айырмашылықтары қандай?
Әліппе-дəптермен жұмыс
істеуді ұсынады. Ойланып, үй жануарларының
адамдарға қандай пайда әкелетінін айтып
бер. Қарындашпен қоршап сыз. Бұзаудың суретін
нүктелер арқылы
қос.Оған
ат
қой.
«Ой-пой-пой» дидактикалық ойыны.
Педагог мынадай жағдайларды
мысалға келтіреді: Үй жануарлары орманда
тіршілік ете
алады.
Адам
үй жануарларын
бағады. Шошқа
бағушы
жылқыға
күтім
жасайды.
Жылқыларға арнап жылқы қора
салады. Сіздерге бүгінгі ҰОҚ ұнады ма? Балалар
ойынға қосылады. Егер балалар
педагогтің айтқанымен келіссе: «Ой-пой-пой, дәл солай!» –
деп жауап
береді.
Егер
келіспейтін
болса: «Ой-пой-пой, олай
емес!» –
деп
жауап
береді.
-
Қорытынды кезең (рефлексия)
Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды.
Балаларды ынталандырады. «Жүрекше» ойынына
қатысуға
шақырады.
Балалар:
Шеңбер
құрып,
қолдарымен жүректің
суретін салады.
«Бүгін
мені ...
қуантты»,
«Бүгін
маған
ұнамады» деп
пікірлерін
білдіреді.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: үй жануарларының түрлерін атап
береді, үй жануарлары мен жабайы аңдардың
бір-бірінен
ажыратады.
түсінеді:
адамға
әкелетін
пайдасын
түсінеді.
қолданады:
коммуникативтік байланыс
орната
біледі,
топпен
жұмыс
істей
алады.