«Үй қояндарының гигиенасы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үй қояндарының гигиенасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй қояндарының гигиенасы жайлы меңгерту және оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдері арқылы үй қояндарының түрлерін анықтай білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ауру және тәжірибелік, зертханалық жануарлар мен құстарды күту» пәнінен

«Үй қояндарының гигиенасы» атты ашық сабақ



Жоспары


І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)


  1. Балықтар туралы мағлұмат

  2. Балық өңдеу

  3. Балықты өсіру

1-тапсырма: «Балық өсіру» топтық жұмыс

2- тапсырма: «Балық аулау» ойыны

3-тапсырма: «Стикер» әдісі


ІІІ. Жаңа сабақ (30 мин)

  1. «Ия-жоқ» әдісі

  2. Қоян туралы мәлімет

  3. Қоянды азықтандыру

  4. Қоянды күтіп - бағу жүйелері

  5. Бейнеролик

  6. Қоян қораларының микроклиматы


ІV. Бекіту (30 мин)

1-тапсырма: «Пазл» әдісі

2-тапсырма: «Торлы жүйе» әдісі

3-тапсырма: «Жасанды интеллект» әдісі



V. Бағалау (4 мин)

«Себеттегі сәбіз» әдісі арқылы бағалау


VІ. Үй тапсырмасы (2 мин)

  1. Үй қояндары мен жабайы қояндардың айырмашылығы


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 мин)






Пәні: Ауру және тәжірибелік, зертханалық жануарлар мен құстарды күту

Сабақтың тақырыбы: Үй қояндарының гигиенасы

Сабақтың мақсаты: үй қояндарының гигиенасы жайлы меңгерту және оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдері арқылы үй қояндарының түрлерін анықтай білу

Сабақ көрнекілігі: слайд, қоян, тор түрлері, балық

Сабақ түрі: тәжірибелік

Пән аралық байланыс: биология, зоогигиена, малды азықтандыру, мал шаруашылығы;

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу; оқу құралдарын тексеру, аудитория тазалығына мән беру, журналды толтыру;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

  1. Балықтар туралы мағлұмат

  2. Балық өңдеу

  3. Балықты өсіру

1- тапсырма: Топты екіге бөліп, топтық жұмыс арқылы сәбіздерді себетке жинай отырып сабақ соңында бағаланады. Үйге берілген тапсырма бойынша екі топ «Балық өсіру» жүйесінің екі әдісін топ мүшелерімен бірлесіп қорғайды.

1-ші топ «ақ қоян» балықтың тоған, көлде табиғи өсу ерекшеліктерін,

2-ші топ «сұр қоян» балықтың бассейн, аквариумдардағы жасанды өсу ерекшеліктерін айтады.



табиғи балықтың өсуі жасанды балықтың өсуі





2- тапсырма: «Балық аулау» ойынында екі топтың алдарына берілген қармақпен балықтарды аулап, балық ішінде жасырылған сұрақтарға жауап беруі керек.

  1. топ Сұр қоян 2- топ Ақ қоян

  1. Тауарлы балықты өсіру қайда жүргізіледі?

Жауап: су қоймаларында, шағын су әуеттерінде және бассейндерде жүргізіледі.

  1. Уылдырық шашылатын тоғандар не үшін қажет?

Жауап: балықтарды көбейту үшін қажет.

  1. Балық шаруа қожалықтарының неше түрі бар?

Жауап: жылы сулы және суық сулы балық шаруашылығы

  1. Жылы сулы тоғанды шаруашылықтарда қандай балықтар өсіріледі?

Жауап: жылу сүйгіш балықтар өсіріледі.

  1. Суық сулы балық шаруашылығында қандай балық түрлері өсіріледі?

Жауап: көл көк шұбарын, сүйрік, чуд ақ-сахасын және басқа да албырт тұкымдас балықтарды өсіреді.

  1. Су температурасының маңыздылығы неге әсер етеді?

Жауап: уылдырық шашу кезінде қолайлы температура болмаған жағдайда процесс азаяды немесе мүлдем тоқтайды

  1. Су реакциясы (рН) тұрақты болмаған жағдайда балықта не өзгеріс болады?

Жауап: балық қанының құрамы өзгереді және организмнің төзімділігі төмендейді, кей жағдайда балық өмір сүруін тоқтатады.

  1. Балық өсірілетін тоғандардың суына қойылатын гигиеналық талаптар

Жауап: тоғандар таза, температурасы қолайлы, балық ауруларының алдын алу үшін тоғандарды сөндірілмеген әкпен немесе хлорлы әкпен 100 С температурада дезинфекциялайды.

  1. Тоғандық балық шаруашылықтарының түрлері?

Жауап: толық және толық емес жүйелі түрлері бар

  1. Толық жүйелі шаруашылыктарда қандай балықтар өсіріледі?

Жауап: асыл тұқымды балықтар жатады.


3-тапсырма: «Стикер» әдісінде үй тапсырмасы бойынша балықтар туралы қызықты мәліметтер жинап, стикерді балық қабыршағымен толтыру қажет.


III. Жаңа сабақ (30 мин)


  1. «Ия-жоқ» әдісі

  2. Қоян туралы мәлімет

  3. Қоянды азықтандыру

  4. Қоянды күтіп - бағу жүйелері

  5. Бейнеролик

  6. Қоян қораларының микроклиматы


  1. «Ия-жоқ» әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға сұрақ қою арқылы табу.

  • Жануар ма? Зат па?

  • Ұшады ма? Жерде жүреді ма?

  • Жазда тіршілік етеді ме? Қыста ма?

  • Жылу сүйгіш пе? Салқынқанды ма?

Қояндар туралы мәлімет. Қояндар (лат. Leporidae) — сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар.Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді.

Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін ҚостанайСолтүстік ҚазақстанПавлодар және Ақмола облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, АқтөбеАлматы облыстарында сирек кездеседі.

Қоянның іні- жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал ҚарақұмыҚызылқұмМойынқұмдажәне ҚызылордаЖамбылТүркістан Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады.

Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, АтырауАқтөбе облыстарында таралған. Шөлшөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 – 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.

Қоянды азықтандыру. Үй қояндарының бірқалыпты өсіп-жетілуіне белоктар, майлар, углеводтар, минералдық заттар, витаминдер, микроэлементтер қажет. Азықтың құрамында осы заттар болмаса қояндардың өсуіне, жетілуіне, ауруына керісінше әсерін тигізеді. Дұрыс азықтандыру қоян шаруашылығынан алынатын өнімдерді ет, тері және түбіттерді көбейтудің негізгі шарты болып есептеледі.

Әр түрлі азық берудің нәтижесінде қояндардың өсімталдығы, өсу жылдамдығы, тез жетілгіштігі артады. Қолдағы қояндар үнемі үйшікте тұрғандықтан және өз беттерінше таңдап шөп жей ал-майтындықтан қолдан әр түрлі құнды азық берудің қажеттілігі одан әрі арта түседі.

Басқа малға қандай азық берілсе, үй қояндарына да сондай азық беріледі. Құнарлы азық — астық және бұршақ тұқымдастар; техникалық және майлы кебек, кендір, шекілдеуік қоспалары, құрама жем — жас тамыр-түйнектер т. б. сәбіз, қызылша, картоп, капуста, сүрлем; жасыл шөптер — екпе шөптер, пішен, ағаштардың жас бұталары; ірі азықтар — шөп, сабан, топан, құрғақ бұталар, малдан алынатын азықтар — сүт, қаймағы алынған сүт, ет-сүйек ұны, қан ұны; минералдық азықтар — ас тұзы, сүйек ұны, жеміс-жидек және тамақ қалдықтары. Сонымен бірге азықтың құрамына витаминдер мен антибиотиктер қосылады.

Үй қояны үшін ең жақсы азық — құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер, дала өсімдіктері — манжетка, тобылғы, тоз-ғанақ, түйежапырақ, сүттіген, шайқурай, жусан, түйебұршақ, қырық жапырақ, сиыржоңышқа, бидайық, шытыр, жабайы шетен, жабайы беде. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минералды тұздар және витаминдер көп болады.

Бұршақ шөптері протеинге, витаминдерге және минералды заттарға, әсіресе кальций мен фосфорға бай болады. Бұл үй қояны үшін ең жақсы азық болып табылады. Бір жылдың және көп жылдық дәнді өсімдіктерде, бұршақ өсімдіктеріне қарағанда, протеин, минералды заттар және витаминдер анағұрлым аз болады және көпшілігі аз жапырақты болып келеді. Сондықтан оларды үй қояндары онша сүйсініп жей қоймайды. Қызылшаның сабарында қымыздық қышқылы және басқа қышқылдар кездеседі. Сондай-ақ асқазан ішек ауруына ұшырататын минерал тұздары болады. Оны үй қоянына абайлап аздап беру керек.Сәбіздегі каротиннің мөлшері оның сортына байланысты. Сәбіз неғұрлым қызыл болса, ондағы каротиннің мөлшері де соғұрлым көп болады, сарғыштау сәбізде каротин аз кездеседі. Асқабақтың сарғыш сорттары да каротинге бай болады. Жазға салым тамыр-түйнек жемістілерде каротин күрт азаяды, ал дәнді дақылдардың көпшілігінде каротин тіпті аз кездеседі. А витаминдеріне бай азықтармен азықтандырғанда жануар оны тек өзінің тіршілігіне ғана жұмсамайды, оны қор үшін бауырына жинайды. Қыста рациондағы витаминдер сарқылғанда, организм бұл қорды өзінің керегіне жұмсайды. Жазға салым бауырдағы витаминдер қоры өте азаяды. Буаз үй қояны денесіндегі витамин қорының біразын ұрпақтарына ауыстырады. Көжектер туғаннан кейін де енесінің сүті арқылы А витаминімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан үй қояндарын шағылыстыру науқанына дайындағанда, буаз кезінде және көжектерін емізіп жүргенде, ал көжектерді енесінен ажыратқаннан кейін А витаминімен қамтамасыз ету маңызды іс болып табылады.

Қоян азықтандыру үшін тек қолдан өсірілген шөптерді ғана емес, далада өсетін шөптерді де пайдаланады. Өйткені қояндарға үнемі бір шөпті бере берсең, жемей қоюы ықтимал. Сондықтан кезекпен бірнеше шөп түрін берген жөн. Мысалы, қояндар бақбақты, иманшөпті қоңырбасты, калленді, жусанды, аңбас жусанды, қалақайды, жоңышқаны, қышаны, бидайықты, өгейшөпті, қызыл-бояу шөпті, түймешекті, шоңайнаны, аю балдырғанды т. б. дала шөбін сүйсініп жейді. Шөптерді шапқаннан кейін бірден берген жөн, ал егер дымқылдау болса берердің алдында. жел қақтырған дұрыс.

Көктемде көк шөппен қоректендіруге біртіндеп көшіру қажет. Демек, тәулігіне әр қоянға 50 — 100 г ғана беріледі. Азық рационына бұршақ тұқымдас шөптерді енгізгенде, астықты елеулі мөл-шерде аз беріп, қояндардың азықтануын екі есе арзандатуға болады. Қояндар бұршақ тұқымдас шөптерден жоңышқаны, бедені, эспарцетті т. б. сүйсініп жейді. Көк шөппөн қоректендіру бары-сында қояндардың іші бұзылса, бірден көк беруді тоқтатып, ра-ционға пішен кіргізеді.

Қояндар сәбіздің, қызылшаның сабағын, капустаның жапырағы мен өзегін, бүлдіргеннің жапырағын өте сүйсініп жейді. Сақа қояндарға картоптың сабағын да беруге болады. Бірақ картоптың сабағын, картопты жинаудан 5 — 10 күн бұрын шауып алып, кеп-тіріп не болмаса жастай күйінде беру керек. Қоян рационының құрамына бау-бақша қалдықтарын да кіргізуге (жерге түскен алмалар, кесіп алынған жеміс ағаштарының бұтағы т. б.) болады.


Қоянды күтіп - бағу жүйелері. Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде қояңдарды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматы қолдан жасалатын жабық қоралар.

Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады.

Қояндарды сыртқы торда күтіп баққанда, олардың әртүрлі ауруларға төзімділігі артады және тері сапасы жоғарылайды.

Ересек қояндарды жеке торларда, ал жас төлдерді топ-тобымем торларда немесе қора алдындағы алаңда бағып күтуге болады.

Қояндарды күтіп-бағу үшін жеке және топтық әр түрлі конструкциялы торлар қолданылады.

Негізгі топты ұстауға арналған әр тордың ұзындығы 120 см, ені 70 см, биіктігі: алды 60, арты 40 см. Торлар азықтық және ұялық - аналық (гнездозные-маточные) болып бөлінеді. Аналық бөлімнің ені 40 см, азықтық бөлімдікі 80 см. Торда екі есік бар: торлы (азықтық бөлімде) және ағашты (аналық бөлімде). Торлар азық (құнарлы, шырынды және т.б.) салуға арналған астаушалармен жабдықталады.

Негізгі қоян топтары үшін жеке торлардың екі түрі болуы мүмкін: тұрақты ұялы бөлімшесімен (бір секциялык) және алмалы-салмалы ұялы бөлімшесімен. Ұрғашы қояндарды туу және күтіп-бағу кезеңінде бір секциялы тор ішінде ұя қақпақты (жабық тип) немесе кақпасыз (ашық тип) болып орналастырылады. Тор ішіндегі еденді негізгі топпен асырайтын жас қояндар үшін тордан жасайды, оларды қатты ағаштан, пластмассадан немесе металдан жасайды.

Торлардың көлемі өзгеріп тұруы мүмкін. Қояндар күтіп-бағылатын қоралардың және торлардың технологиялық элементтерінің мөлшері және көлемдерінің нормалары күтіп-бағудың тәсілі мен қоян топтарының жынысына, жасына байланысгы болады.

Шедтік жүйе. Шед (сарай) - бұл екі қатармен орналасқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын, жалпы ұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үшін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.

Қояндарды шедтік жүйемен бағудың үлкен маңызы бар. Шед - сарай - бұл тор блоктарының екі қатармен ыңғайлы орналасуы (бір немесе бірнеше ярусты). Тор блоктарының арасындағы жол үстінен шифермен жабылған, ол блоктар қатарларың бір құрылымға біріктіреді. Кейде оны әйнекпен қаптайды. Торлар қатарына параллельді құрылған бүйірлік қабырғалар суық кезде ағашпен, сабанмен жылытылады. Шед - сарайда ұстау жануарларды бағуға ыңғайлы және қорада қолайлы жағдай туғызады (жаңбырдан және қардан қорғайды). Шед - сарайларды ауа температурасы - 30°С төмен түспейтін аймақтарда қолдануға болады.

Қояндарды жабық қорада бағу. Өндірістік технологиямен қояндарды күтіп-бағу сыртқы торлық және шедтік жүйеден айырмашылығы көп. Өндірістік жүйемен қояндарды қора жағдайында ұстау 1-2-3 қабатты екі жағы металдан жасалған торлы батареялармен, автосуарғыштармен, қи жинайтын саймандармен, жасанды микроклимат жүйелерімен жабдықталуды талап етеді. Практикада тиімді қоян қоралары ретінде ені 12 м, ұзындығы 70-100 м тіреусіз салынған қоралар пайдаланылады. Мұндай қоралардың едені тиімді пайдаланып, онда технологиялык қондыр-ғылар ыңғайлы орналастырылады. Қоралардың едені бетоннан жасалады.

Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы. Бұл жерде күтіп-бағудың аралас жүйесі қолданылады, оның барысында қатты аяз кезінде қояндар қораның ішінде, ал басқа уақытта таза ауада болады.

Ірі қоян өсіру кешендерінің құрамына қоян ұстау қораларынан, қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы, тоңазытқышпен жабдықталған сою цехы, өлексені өртеу пеші бар және изоляторы бар ветсанөткізгіш, теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын цех, қазандық, резервтік электростанция кіреді. Қоян қоралары мал бағатын адамдарға ыңғайлы болуы үшін қыста жылы, жазда салқын болу керек.

Жабық қораларды қолданудың тиімділігі жарықтың, температураның, ауа ылғалдылығының және басқа микроклимат параметрлерінің жануарлардың физиологиялық талаптарына сәйкестігі.

Типтік қоян қораларын көңнен күніне бір рет тазалау керек, оны сыртқа ленталы-қырғыш транспортерлермен шығарады. Қиды жинау және шығару әдістері тор түріне, қоян басына және қора-жайдың түріне байланысты болады. Шағын фермаларда қиды ашылмалы құдықшалардың көмегімен қабырғаның төменгі жағы арқылы, ал шед-сарайлардан механикаландырылған қырғыштармен сыртқа шығарылады. Қоян қораны желдету жүйесі сыртқы таза ауаны төменге қарай бағыттайтын болып жасалады. Жазда терезені бір жағынан ашу арқылы қосымша таза ауаның келуін қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта қоян қоралардың жылумен қамтамасыз етілуі жылу-алмасу жүйелері қолдану арқылы іске асады.

Қоян қораларының микроклиматы

Жабық қораларда қояндарды өсіру тұрақты әрі қолайлы микроклимат болуын талап етеді. Қолайлы микроклимат дегеніміз - әр жануардың жасына және физиологиялык жағдайына сай қолайлы температура, ылғалдылық, ауа құрамы және т.б. көрсет-кіштердің болуы Қорадағы ауа температурасының өзгеруі организмнің жылу мен зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі аурулардың тууына әкеліп соғады.

Қояндар өзін-өзі +14-16 0 С аралғында жақсы сезінеді. Төменгі ауа температурасы (+7 0 С төмен) кояндардың өсу дамуын тежейді, азық көп жұмсалады. Оңтүстік аудандарда шілде-тамыз айларында ауа температурасы +30-350 С көтерілгенде қоян қораларына ылғал-датқыштар және басқа қондырғылар орнату керек.

Қоян қораларында ауа ылғалдылығы 60-75 пайыз аралығында болғаны жөн. Егер ауа ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары болған жағдайда ол малдың жылу бөлу процесі жалпы организмге теріс әсерін тигізеді. Ауа ылғалдылығы өте төмен болса (30-40 пайыз) малдан жылу көп бөлініп, терісі мен тыныс жолдарының кілегей қабықтары кеуіп, малдың инфекцияға қарсы төзімділігі төмендейді. Ауаның жоғарғы ылғалдылығы мен температурасы (мал терісінің температурасынан жоғарғы кезде) жылу бөлуді тежеп, организмнің қызуына әкеп соғады. Ауаның жоғарғы ылғалдылығы мен төменгі температурасы жылудың көп бөлінуіне, организмнің тоңуына және әртүрлі суықтан болатын ауруларға әкеп соғады.

Қоян қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы жоғары болса торлардан және еденнен шаң көтеріліп жел болады (сквозняк). Бұл жағдайлар ринит, әртүрлі азықтан болатын ауруларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жылдың суық мезгілінде қояндар күтіп-бағылатын қоралардың ішіндегі ауаның қозғалысы 0,05-0,25 м/с оптимальды болып табылады. Жазда ол белсенділеу болуы керек - 0,5-0,7 м/с, ал көктемде және күзде - 0,3-0,5 м/с аспауы керек.

Қоян қораларында жануарлар тіршілігінің және зәр мен қидағы органикалық заттардың шіруі нәтижесінде аммиак, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі және т.б. заттар тез жиналады.


ІV. Бекіту (20 мин)

1-тапсырма: «Пазл» әдісі» әдісі бойынша топпен әр сұраққа жауап беру арқылы қоянның бейнесі пазл құрастыру қажет.




  1. Қазақстанда қоянның кездесетін қанша түрі бар?

  • ақ қоян, құм қоян, ор қоян

  1. Қояндардың ішіндегі ең кішісі қай түрі?

  • құм қоян

  1. Ін қазып, топ-топ болып тіршілік ететін қоян түрі?

  • үй қояны

  1. Қояндардың ішіндегі ең ірісі?

  • ор қоян

  1. Үй қояндарының бірқалыпты өсіп-жетілуіне не қажет?

- белоктар, майлар, углеводтар, минералдық заттар, витаминдер, микроэлементтер қажет

  1. Көжектер туғаннан кейін немен азықтанады?

  • енесінің сүті арқылы А витаминімен

  1. Қояндардың сүйіп жейтін азығы?

  • сәбіздің, қызылшаның сабағын, капустаның жапырағы мен өзегін, бүлдіргеннің жапырағын өте сүйсініп жейді

  1. Қояндардың көбеюі қалай жүреді?

  • өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады.


2-тапсырма: «Торлы жүйе» әдісінде алдарында жасырылған сандарды таңдау арқылы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп қояндарды торға толтыру керек.



  1. Жыл бойы жылжымалы торда күтіп-бағу жүйесі қандай?

- Сыртқы торлы жүйе

  1. Екі қатармен орналасқан бірнеше қабаттан тұратын қоянды ұстау жүйесі?:

  • Шедтік жүйе

  1. Ересек қояндар үшін ұзындығы 50-60 см, жас көжектер үшін 60-80 см болатын жүйе түрі қандай?

  • Шедтік жүйе

  1. Шед-сарай жүйесінде ауа температурасы қандай?

  • 30 С төмен болу керек

  1. Қоянды күтіп-бағу үшін қандай торлар қолданылады?

  • жеке және топтық

  1. Қояндарды қай жүйеде ұстағанда ауруларға төзімділігі артады?

  • Сыртқы торлы жүйе

  1. Қояндардың азығын беретін орынның ұзындығы қандай болу керек?

  • 80 см

  1. Тор ішіндегі еден неден жасалады?

  • қатты ағаш, металл, пластмасса

  1. Күн суық мезгілде қояндарға қай жүйеде бағу тиімді?

  • жабық қорада бағу

  1. Жабық қораның тиімділігі?

  • ауа температурасы, ылғалдылық

3-тапсырма: «Жасанды интеллект» әдісін қолдана отырып бүгінгі жаңа сабақ бойынша сұрақ қояды.

  1. Қоян бағудың қандай жүйелерін білдіңіз?

-сыртқы торлы жүйе, шедтік жүйе,жабық қора жүйе

  1. Сыртқы торлы жүйеде микроклимат қандай болу керек?

  • Қолайлы температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы қалпты болу керек

  1. Қоян қораларын қидан тазалаудың маңызы қандай?

  • Зәр мен қидан бөлінетін аммиак, көмірқышқыл газын жою

  1. Қояндар өздерін қандай температурада жақсы сезінеді?

  • +14-16 С аралығында жақсы сезінеді

  1. Қоян қораларының ылғалдылығы қолайлы ортада қандай болу керек?

  • 60-80 %

  1. Қоян қораларында ауа жылдамдығы жоғары болса ағзада қандай өзгерістер болады?

  • Малдан жылу көп бөлініп, терісі мен тыныс жолдарының кілегей қабықтары кеуіп, ауруға төзімсіз болады.

  1. Қоян қорасында ауа температурасы төмен болғанда ағзадағы өзгерістер қалай жүреді?

  • Қояндардың өсуін, зат алмасуының бұзылуын, дамуын тежейді.


V. Бағалау (5 мин): Сабаққа белсенді қатысып, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бағалау, нәтижесін естірту, журналға қою.

«Себеттегі сәбіз» әдісі бойынша оқушыларды бағалау:




Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту

Қорытынды бағалау

«Балық өсіру» топтық жұмыс

«Балық аулау» әдісі


«Стикер» әдісі


«Пазл» әдісі

«Торлы жүйе» әдіс

«Жасанды интеллект» әдісі


«Себеттегі сәбіз» әдісі

1









2









3









4










VІ. Үй тапсырмасы (2 мин)


1. Үй қояндары мен жабайы қояндардың айырмашылығы


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 мин)


  1. С. Қырықбайұлы «Ветеринарлық-санитарлық сараптау практикумы» Алматы 2007

  2. Т.Сайдолдаұлы « Індеттану» Алматы 2010,

  3. Т.Сайдулдин « Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары » Алматы – 1999

  4. Қ.Б. Орынтаев, «Зардапты анаэробтар тудыратын инфекциялық аурулар» Алматы 1993,

  5. « Мал аурулары » Қожабеков.Б.Алматы 1989



Тауарлы балықты өсіру қайда жүргізіледі?





Уылдырық шашылатын тоғандар не үшін қажет?




Балық шаруа қожалықтарының неше түрі бар?




Жылы сулы тоғанды шаруашылықтарда қандай балықтар өсіріледі?





Суық сулы балық шаруашылығында қандай балық түрлері өсіріледі?





Су температурасының маңыздылығы неге әсер етеді?





Су реакциясы (рН) тұрақты болмаған жағдайда балықта не өзгеріс болады?





Балық өсірілетін тоғандардың суына қойылатын гигиеналық талаптар





Тоғандық балық шаруашылықтарының түрлері?




Толық жүйелі шаруашылыктарда қандай балықтар өсіріледі?

Қазақстанда қоянның кездесетін қанша түрі бар?




Қояндардың ішіндегі ең кішісі қай түрі?




Ін қазып, топ-топ болып тіршілік ететін қоян түрі?




Қояндардың ішіндегі ең ірісі?




Үй қояндарының бірқалыпты өсіп-жетілуіне не қажет?

Көжектер туғаннан кейін немен азықтанады?




Қояндардың сүйіп жейтін азығы?




Қояндардың көбеюі қалай жүреді?




Ақ қоян Қазақстанның қай бөлігінде кездеседі?




Қоян шаруашылығын қандай мақсатта өсіреді?



Ақ қоянның өмір сүру ұзақтығы қанша жыл?




Қояндар қай елде өмір сүрмейді?

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі