Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй құрастыру Құрастыру сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйдің құрылысы туралы түсініктерін калыптастыру,берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабындарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету,құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Уайтбаева А.Д

Құрастыру

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құрастыру.

Мақсаты: Үйдің құрылысы туралы түсініктерін калыптастыру,берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабындарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету,құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар: Әр балаға жеке құрастыру материалдарының жинағы, әліппе дәптер.

Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізу барысын түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жаңадан салынып жатқан құрылыс орындарына саяхат; сәулет өнерінің ерекшелігі жайында әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгімелету.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Кіріспе. Алдын ала балаларды қала, ауыл көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, сабақ басталғанда серуенде көргендері жайлы әңгімелейді. Балалар оз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді. Әліппе дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасалады. Үйдің әрбір бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік, аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.

Әліппе - дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады. Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Балалар берілген тапсырманың орындалу барысын, ретін толық түсінген соң, құрылысты тұрғызуға кіріседі. Әр бала үйлерді өздеріндегі құрылыс материалдарына сәйкес әртүрлі тұрғызуы мүмкін. Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын тұрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылықпен не қосты - бәрі ескеріледі. Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, балалар кімнің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Балалар төмендегі жаңылтпашты жатқа жаңылмай айтады.

Үйде ойыншық үлегім,

Үлегіме үремін.

Үремін де, үнемі

Үйіме мен кіремін.

Қорыту : Аяқталған жұмыстарға талдауды болашақ тұрғындардың атынан балалар өздері айтады (берік іргетас, мықты қабырға, әдемі шатыр, ынғайлы кіреберіс, терезе, есік.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
1476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12