Үй құстары және оның балапандары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй құстары және оның балапандары.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі :Экология.

Тақырыбы :Үй құстары және оның балапандары.

Мақсаты:жана технологияны пайдалана отырып,ойын түрлері арқылы оқытуды ұйымдастыру.Балаларды үй құстарымен таныстырып,олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығын түсіндіру. Балаларды түстерді ажырата білуге және санай білуге үйрету.Балалардың сөйлеу қабілетін, қимыл-қозғалысын,логикалық ойлау қабілетін дамыту.Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, сергіту, ойын

Көрнекіліктері: үй құстары суреттері , теледидар,ойынға арналған материал

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: құстар туралы тақпақтар жаттату.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Жылулық шеңбері .

Сәлем ,-дейміз достарға,

Сәлем,-дейміз құрдасқа,

Сәлем ,-дейміз ұстазға,

Сәлем,-дейміз қонаққа,

Ашық болсын айымыз,

Биік болсын тауымыз,

Тату болсын халықтар,

Аман болсын балалар!

Шеңбер бойымен тұрып орындайды .

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

- Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
- Ендеше, мен сендерге
«Тарғыл тауық» ертегісін айтып берейін.
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың тарғыл тауығы болыпты. Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп, күтіп бағады.Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады сынбайды.Әжейде алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп қатты жылайды. Сонан кейін тарғыл тауық ақ жұмыртқа туады.Оған әжей мен атай қатты қуанады.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Қандай тауық?
- Тарғыл тауық қандай жұмыртқалар туды?
( Осы кезде шиқылдаған дыбыс естіледі)
- Балалар, естідіңдер ме, тыңдайықшы бұл ненің даусы? Қане бәріміз іздейік. (кішкентай балапан көрінеді)
- Балалар, мынау не?
- Ой, қандай сүйкімді балапан, бұған не болды, адасып қалған сияқты, қане көмектесіп жіберейік.Өзінің жүні жұмсақ екен.
- Балапанның түсі қандай?
Ендеше бәріміз балапанмен бірге серуенге шығайық, анасы да табылып қалар.
- Балалар, мына жерде жатқан не?
- Бұл жұмыртқа.
- Ия, балапанның анасы да осы жерде болуы мүмкін. Мына жерге жұмыртқасын тастап кетіпті.(әр жұмыртқада тапсырма бар екен)

-Балалар тапсырманы орындаймыз ба?

1- тапсырма:

-Балалар үй құстарына қандай құстар жатады екен?

-Балалар ,үй құстары үйде өсіріледі,

аулада жайылып,адамдардың қарамағында болады.Олардың жұмыртқасын,етін жейміз.Ал мамығынан жастық пен көрпе жасаймыз.Қауырсынын ертеде адамдар қалам ретінде пайдаланған.Үй құстарының ішінде суда жүзетін қандай құстарды білесіңдер?

2-тапсырма :

Жұмбақ жасыру:

«Таң атты»-деп айқалайды,

Уақытты атап айта алмайды.


Күн бата қонақтап қалғыған,

Таң ата жерден жем аңдыған.

Сергіту сәті.

Балалар экранға қарап жаттығуды қайталайды.

3-тапсырма:

«Алгоритм»

Балалар үй құстарына сипаттама береді.

4-тапсырма:

Үй құстары қандай тақпақ білесіндер?

Ислам:

Мен –үйрекпін,үйрекпін,

Бұлтыңдаған бүйрекпін.

Көп үйлерге керекпін.

Құрқылдаймын ,қимаймын,

Тамаққа бір тоймаймын.

Ботагөз :

Қазым,қазым,қаңқылда.

Көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын,жейсің бе?

Кәмпит берші-дейсің бе?

-Жоқ,жоқ,

Кәмпит тәтті,болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.


5-тапсырма:

Логикалық ойын: «Құрастыр»

Мақсаты:Логикалық ойлау қабілетін дамыту және еңбекқорлыққа баулу.

Барысы:Ортаға екі бала шығады,қолдарына қиынды суреттер беріледі.Музыка әуенімен балалар қиынды суреттерді ойлау арқылы құрастырып,тақтаға жапсырады.Құрастырып шығарған құс бейнесімен таныстырады.

- Бұл тауық қора ғой, бұл жерде тауықтар мекендейді. Балалар әне, әже келе жатыр, содан сұрайық мүмкін сол кісі білер.
- Сәлеметсіз бе, әже! Біз мына кішкентай балапанның анасын іздеп жүрміз.
Әже: Ия, мен де осы балапанды іздеп жүр едім, рахмет, сендерге!

- Ия, ұнатамыз.




















- Ұнады.

- Әжей, атай, тауық, тышқан.

- Тарғыл тауық.

- Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа




- Бұл балапан.





- Түсі сары.










Ия


-Тауық,әтеш,

күркетауық,

үйрек,қаз,тотықұс







-Қаз бен үйрек.




Әтеш



Тауық








Балалар тапсырманы орындайды




Балалар тақпақтарын айтады.






















Рефлексиялық-түзету-

шілік

- Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Балалар, біз бүгін қандай үй құстарымен таныстық?

-Құстарды аялайық,қамқор болайық.сендерге сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мына суреттерді сыйлыққа беремін(балаларға балапанның суреті бар карточка үлестіріледі)

Ия ұнады.


- Тауық, әтеш, қаз, үйректермен таныстық.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалар үй құстары туралы,немен қоректенетінін,адамдарға деген пайдасын,үй құстарының түрлерін,олардың дыбыстауын білуі керек.

Болуы керек:Балалар үй құстары жем шашып,су құйып,балапандарына қамқор болуы керек.

Істей білуі керек:Тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше орындай білуі,үй құстарына деген қамқорлықтарын өмірде пайдалана білуі керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1047
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі