жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үйде қауіпсіздік ережесін сақтау
|
Сабақтың тақырыбы |
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі. |
|
|
Сілтеме |
Дүниетану оқулығы.Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулық. |
|
|
Жалпы мақсаты |
Оқушылар үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік
жағдайлармен танысады және олардан сақтана білуге
үйренеді. |
|
|
Міндеті |
1.Үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен танысады,олардан сақтана білуге үйренеді. 2.Сөздік қоры, ой-өрісі дамиды. 3.Жеке басын реттеуге үйренеді. |
|
|
Оқу нәтижесі |
Жұптық, топтық,жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды. |
|
|
Тапсырма-лар |
Сынып ережесін еске түсіру , Жуан , Жіңішке сұрақтар,оқулықпен жұмыс,шығармашылық жұмыс, |
|
|
Құрал-жабдықтар |
Ассоциациялық карта, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, постерлер, коллаж, топтастыру. |
|
|
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары |
|
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
3 мин |
Ұйымдастыру бөлімі а)Психологиялық дайындық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Құрметпенен бас иіп, Сәлем бердік біз! -Көңілдерің көтерілді ме балалар? Енді осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық! |
. Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді. |
|
1мин |
Сынып ережесін еске түсіру.
|
Ортақ сынып ережесін шығарады. 1.Тыныштық сақтау. 2.Уақытты тиімді пайдалану. 3.Бірін-бірі сынамау. 4.Сыйластықта болу. 5.Белсенділік таныту. 6.Сыныптсыңның ойын бөлмей пікірін аяғына дейін тыңдау. |
|
8 мин |
1.Алдыңғы білімді қорытындылау. Менің үйім. І топ. «Үй» Ассоциялық карта құру. ІІ топ.Коллаж «Жер үй» ІІІ топ Үй туралы мақал-мәтел айту. |
І т. « Үй»- тасбақаның үйі, аңдардың үйі ( ін, апан), біздің үй ( жер үй,көп қабатты ), тиіннің үйі(қуыс),құстың үйі ( ұя), құмырсқаның үйі( илеу) ІІ т. « Жер үй»-ауласы, бақшасы, мал,көмір қоралары,моншасы болады. ІІІ т. 1.Туған үйдің түтіні жылы. 2.Үйің жаман болса, күйің жаман. 3.Өз үйім, өлең төсегім. |
|
18 мин 2 мин. |
2.Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. 3 мин -Балалар,біздің ең жақсы көретін,үнемі қуанып, асығып келетін баспанамыз,үйімізде кейде сақтық шараларын ұстанбасақ, жазатайым оқиғаларға тап болуымыз әбден мүмкін. ( Слайд № 1)
3.Дәптермен жұмыс. 10-бет. 3 мин Тапсырманы талдатамын. Сергіту сәті.1 мин 4. Оқулықпен жұмыс. 4 мин Оқушылар сурет бойынша сөйлейді 5. Жағдаятты шешу. 6 мин Топтарға жағдаятты шешіп, рөлдік ойын арқылы көрсетутапсы-рылады. Слайд №2. 2 мин -Балалар ,дегенмен сендер күтпеген жерден жазатайым оқиға болуы мүмкін.Ондай жағдайда ма телефондарға хабарласасыңдар. 101-өрт сөндіру қызметі. 102- полиция қызметі. 103- жедел жәрдем қызметі. 104- газ қызметі. 112- құтқару қызметі. 6. Білімді бекіту. 8 мин Топтарға тапсырма беремін. ( Топтастыру, Сандар сөйлейді,мақал-мәтелдер айту, қауіпсіздік ережесін құру әдістері) Бағалау.( әр тапсырма сайын топтар бірін-бірі бағалайды, сабақтың соңында оқушылар қорытынды бағаларын шығарады) Өте жақсы- жасыл Жақсы-сары Қызыл- нашар бояп отырады. Үйге тапсырма беремін. Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі.(86-87- бет). Рефлексия Оқушылармен кері байланыс орнату. Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді. |
Оқушылар слайд көріп, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді. Дәптермен жұмыс. 10-бет. (Дұрыс әрекетті жасыл түспен, қате әрекетті қызыл түспен бояп, неге екенін түсіндіреді). Оқулықпен жұмыс. І топ. 1- абзац .( Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға болмайды). ІІ топ. 2- абзац.(электр құралдрына, розеткаға жақындауға болмайды!. ІІІ топ. 3-абзац.Плитаның үстіндегі ыстық затты жалаңаш қолмен ұстауға болмайды) Жағдаят шешу. 1-топ. Сен үйде жалғыз қалдың. Абайсызда өрт шықты. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар? 2-топ. Бауырыңмен тығылмақ ойнап жүрсіңдер. Бауырың киім тұратын шкафқа тығылды. Шкафтың есігі жабылып ашылмай бауырың ішінде қалып қойды. Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар? 3-топ. Ас бөлмесі. Бауырыңа алма бөліп бермек болып, абайсызда пышақпен қолыңды кесіп алдың? Не істейсіңдер? Кімдерге хабарласасыңдар? Білімді бекіту. 1- топ. Қауіпті заттар.(топтастырады) 2-топ.Қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер айтады.
Сумен ойнама батарсың.
3- топ.Қауіпсіздік ережесін құрады.
Оқушылар өздерін бағалайды. Үйге тапсырма жазып алады. 86-87 – бет. Қауіпсіздік ережесін құру. |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген