ҮО. 9 сынып №7
ДӘІЖО___________
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Адам денесінің қаңқасы.
Зақымдану, сіңірі созылу, буындарының шығуы және сүйектерінің
сынуында алғашқы көмек. Бұлшықеттердің негізгі топтары, бұлшықет
жұмысы.
(Сабақ тақырыбы)
|
Бөлім: |
4.3 Тірек-қимыл және қозғалыс |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: 9 «Б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адам денесінің қаңқасы. Зақымдану, сіңірі созылу, буындарының шығуы және сүйектерінің сынуында алғашқы көмек. Бұлшықеттердің негізгі топтары, бұлшықет жұмысы. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.4.3.3 бас қаңқасы туралы түсінігінің болуы; бас сүйегінің бөліктері мен олардың маңызын білу және атау; бас сүйектері қалай бірігетінін айту; 9.4.3.3 дене қаңқасы туралы түсінігінің болуы; омыртқа бөліктері мен олардың маңызын білу және атау; омыртқа құрылысын сипаттау; көкірек қуысының құрылысын сипаттау және оның маңызы туралы айту; |
|
Сабақтың мақсаты: |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Оқушының назарын аудару |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау. |
Оқушы мұғалімімен амандасады. Жаңа сабаққа дайындалады. Оқушы суретке қарап өз ойын айтады. Суретті сипаттайды. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Үлестірме сурет |
|
Оқушыға бағыт бағдар беру |
«Қызығушылықты ояту» Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету. |
Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Бейнефильм немесе мультфильм ссылкасы: https://drive.google.com/file/d/1rxE5dWnSAww8FpxJFKu1WWXJLbqffKUz/view?usp=drive_link https://drive.google.com/file/d/11GQV0m3hSMTHI_zITbJiRfaNIHShU7XZ/view?usp=drive_link |
|
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Айырмашылығы неде?» әдісі. Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту. |
Оқушы суреттерді қарайды. Сол қараған суреттердің айырмашылығын атайды. |

Сабақты таныстыруға арналған парақтар Салыстырмалы үлестірме суреттер |
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру |
«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау. |
Оқушы мұғалімді назар қойып тыңдайды. |

Сабақты түсіндіруге арналған парақтар |
|
Бағалау |
Жеке жұмыс: 1-тапсырма «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер. Жеке жұмыс: 2-тапсырма. Сәйкестендіру тесті. |
Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады. Оқушы жеке тапсырманы орындайды. |
Сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды. Бұлшық еттердің типтерін сәйкестендіреді. Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Жұмыс дәптері Үлестірме парақтар |
|
Сабақтың соңы Кері байланыс |
Кері байланыс. Оқушы нысанадан қажетті деңгейді белгілеу арқылы сабаққа кері байланыс береді. |
Оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|
Кері байланыс парағы |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Стоп кадр» әдісінде оқу мақсатына сай сурет беріледі. Оқушы суретке қарап өз ойын айту. суретті сипаттау.

Бұлшық еттің құрылысы:
1 – бұлшық ет талшығының қабықшасы;
2 – бұлшық ет талшығының шоғыры;
3 – бұлшық еттің жуан талшықтары;
4 – бұлшық еттің жіңішке жіп тәрізді талшығы;
5 – оттекпен байытылған жақсы дамыған бұлшық
ет талшықтары;
6 – май басып, нашар дамыған бұлшық еттер;
7 – сіңір
«Қызығушылықты ояту»
Оқушының қызығушылығын ояту үшін өмірден мысалдар келтіру. Бейнефильм немесе мультфильмдер көрсету.
https://drive.google.com/file/d/1rxE5dWnSAww8FpxJFKu1WWXJLbqffKUz/view?usp=drive_link
https://drive.google.com/file/d/11GQV0m3hSMTHI_zITbJiRfaNIHShU7XZ/view?usp=drive_link
«Айырмашылығы неде?» әдісі.
Оқушыға екі, үш,төрт түрлі сурет көрсету. Суреттер арасындағы айырмашылықты айту.

Екібасты және үшбасты бұлшық еттер
1 – иықты бүгіп, жиырылып қысқаратын екібасты бұлшық ет; 2 – үшбасты бұлшық ет; 3 –
шынтақты бүгетін бұлшық ет; 4 – босаңсып ұзаратын үшбасты бұлшық ет; 5 – босаңсып ұзаратын
екібасты бұлшық ет; 6 – шынтақ буынын жазатын бұлшық ет.
«Teacher time» әдісі. мұғалім оқу мақсатына сай жаңа тақырыпты түсіндірме жасау.
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы
Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

1-сурет. Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер:
1 – жазып, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды көтеру; 4 – иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 – құрсақ бұлшықеті; 6 – денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 – мықынды қимылдату; 8 – санды қимылға келтіру; 9 – балтыр мен аяқбасын қимылға келтіру бұлшықеттері

2-сурет. Бұлшықеттің құрылысы:
1 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 – бұлшықет талшығының шоғыры; 3 – бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 – бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 – оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 – май басып нашар дамыған бұлшықеттер
Қаңқа бұлшықетіне тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі шоғырланып (топтанып) орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұлшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді.

Бастың бұлшық еттері:
1 – маңдай бұлшық еттері;
2 – самай бұлшық еттері;
3 – көздің айналасындағы
шеңберлі бұлшық еттер;
4 – ауыздың айналасындағы
шеңберлі бұлшық еттер;
5 – шайнау бұлшық еттері;
6 – мойын мен кеудені
қозғалтатын бұлшық еттер;
7 – желке бұлшық еттері

Денені қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер:
1 – бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды көтеру; 4 – иықты жоғары
қозғау бұлшық еттері; 5 – құрсақ бұлшық еті; 6 – денені тік ұстауға, жүруге, тұруға көмектесетін
бұлшық еттер; 7 – мықынды қимылдататын; 8 – санды қимылға келтіру; 9 – балтыр мен аяқ ұшын
қимылға келтіретін бұлшық еттер.
Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы
Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына, атқаратын қызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі):
Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, төртбұрышты деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай – ұзын, қысқа, үлкен, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу, жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Бас пен мойынның бұлшықеттері.Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.
Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді.
Арқа бұлшықеттері:
1) трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді.
2) ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үйден оқыту 9-сынып, ҚМЖ, Биология №7

шағым қалдыра аласыз